Жүсіп Баласағұн-2

Әділдік әкімдіктен де күшті.

Әділдік туралы

Шүкіршілік қылғанға шыр бітер.

Сабырлық туралы

Ұстамды бол, сабыр ет!

Сабырлық туралы

Шыдамдының айы оңынан туар.

Сабырлық туралы

Сабыр етсең - ісің оңға асады, шүкір қылсаң - жамандық та қашады.

Сабырлық туралы

Ұстамсыз бәлеге ұрынар.

Сабырлық туралы

Бағы ашылған адам бәріне ұнайды

Бақыт туралы

Өмір - күшті, өлім - одан да күшті.

Адам өмірі туралы

Тағдырың бүгін - мұнда, ертең - анда айдайды.

Адам өмірі туралы

Барлық адамның тағдыры бір жерде түйіседі: құл да өледі, қожайын да өледі.

Адам өмірі туралы

Бұ дүние көлеңкедей ойнайды: қусаң - қашар, қашсаң - сенен қалмайды.

Адам өмірі туралы

Өткен өмірді қайтара алмайсың.

Адам өмірі туралы

Екі күндік өмір ғой бұл мұнартқан,

Оны қуып несіне адам құмартқан?!

Адам өмірі туралы

Бұл дүниеде екі-ақ есік бар: бірі - өмірге қарай ашылады, екіншісі - өлімге қарай ашады. Бірінші есікке енген адам - екінші есікке де енеді.

Адам өмірі туралы

Жатқан - тұрар, көтерілген - отырар, жарық - сөнер, жүрген кісі - тоқтар.

Адам өмірі туралы

Бұл өмірді беріпті ғой азапқа - қызық қуып, бос өткізіп азайтпа!

Адам өмірі туралы

Бұ жалған бергенін - алар, жиғаныңды - шешер.

Адам өмірі туралы

Адам өмірі - қылдан нәзік.

Адам өмірі туралы

Дүние - сарай, адам - керуен.

Адам өмірі туралы

Өлім - ғибрат.

Адам өмірі туралы

Өлім келсе - өкінбей-ақ бара бер,

Зарлағанмен естімейді қара жер.

Адам өмірі туралы

Кісі - өлер, сөз - қалар.

Адам өмірі туралы

Тірі адам - табылар.

Адам өмірі туралы

Алпыс жаста өмірдің дәмі кетеді.

Адам өмірі туралы

Өмірдің гүлі - жігіттік шақ.

Адам өмірі туралы

Балалық өтті дегенше - жігіттік жетті десеңші.

Адам өмірі туралы

Жасық жас - өкінішпен өседі, қайратты қарт - тыныш өмір кешеді.

Адам өмірі туралы

Тіл - елшінің қылышы.

Тіл туралы

Сөз - ойдың суреті.

Асыл сөз туралы

Алтын-күміс жиған адам бай емес - сөз жиған адам бай.

Байлық-кедейлік туралы

Сөздің де уы бар. 

Асыл сөз туралы

Сөз - ойдың суреті.

Асыл сөз туралы

Тіл - қылыштан да өткір.

Тіл туралы

Ақылды аз сөйлер.

Асыл сөз туралы

Тіл мен сөз - көңілдің айнасы.

Асыл сөз туралы

Қыңыр сөз - күйдіргі.

Асыл сөз туралы

Әдемі сөйлеген кісінің - ісі де әйбәт.

Асыл сөз туралы

Тура жолға ғалым бастар.

Асыл сөз туралы

Білімдінің - аты өсер, білімсіздің - аты өшер.

Ғылым-білім, өнер туралы

Адамды білім сақтайды.

Ғылым-білім, өнер туралы

Көңіл - терең теңіз, білім - тереңінде жатқан інжу-маржан.

Көңіл - терең теңіз, білім - тереңінде жатқан інжу-маржан.

Ғылым-білім, өнер туралы

Жай адамға бай адамның жүгін артпас болар.

Байлық-кедейлік туралы

Бақыттың да басы айналар кез келер - мінезі айнып, құлқы сонда өзгерер.

Бақыт туралы

Тақ пен бақ - бір емес.

Бақыт туралы

 

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы