Жаңалықтар

Майя пирамидасын қиратып тастады

Белизде құрылыс кезінде майя пирамидаларының ішіндегі ең үлкені ішінара бұзылған. Белиздегі археология институтының басшысы Хайме Авенің сөзіне қарағанда, пирамида өткен аптада бұзылса, бұқаралық ақпарат құралдарына енді ғана мәлім болып отыр.  Құрылыс компаниясы пирамиданы жол салу үшін экскаваторларды және бульдозерлерді қолданған кезде бұзған. Хайме Авенің атап көрсетуінше, құрылысшылар көне ескерткішті табиғи ландшафтпен еш шатастырып алуы мүмкін емес еді. Қазіргі кезде Белиз полициясы тексеру жұмыстарына кірісіп кеткен. Полицияның қылмыстық іс қозғауы да ғажап емес көрінеді. Өйткені, ішінара қираған пирамида жасы 2,3 мың жылды құрайтын көне ескерткіш болып табылады.  "Егемен Қазақстан"
15.05.2013 05:42 3341

Белизде құрылыс кезінде майя пирамидаларының ішіндегі ең үлкені ішінара бұзылған. Белиздегі археология институтының басшысы Хайме Авенің сөзіне қарағанда, пирамида өткен аптада бұзылса, бұқаралық ақпарат құралдарына енді ғана мәлім болып отыр. 

Құрылыс компаниясы пирамиданы жол салу үшін экскаваторларды және бульдозерлерді қолданған кезде бұзған. Хайме Авенің атап көрсетуінше, құрылысшылар көне ескерткішті табиғи ландшафтпен еш шатастырып алуы мүмкін емес еді. Қазіргі кезде Белиз полициясы тексеру жұмыстарына кірісіп кеткен. Полицияның қылмыстық іс қозғауы да ғажап емес көрінеді. Өйткені, ішінара қираған пирамида жасы 2,3 мың жылды құрайтын көне ескерткіш болып табылады. 

"Егемен Қазақстан"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға