Жаңалықтар

Төрт жасар бала қала әкімі болып сайланды

АҚШ-тың Миннесота штатындағы Дорсет қалашығының әкімі қызметіне төрт жастағы Роберт Тафтса сайланды деп жазады Daily News. Қала тұрғындары жаңа басшыларына «кішкентай қуатымыз» деген лақап ат та беріп үлгеріпті.  Небәрі жиырма екі адам өмір сүретін шағын елдімекеннің «жас саясаткері» балабақшаға барады. Тіпті, кейбір әріптер мен сөздерді дұрыс айта алмаса да, ол әкімдікке лайық дейді. Себебі, Тафтсалар әулеті ғана Дорсет тарихында төрт атадан бері ғұмыр кешіп келе жатқан ең тұрақты тұрғындар екен. Кішкентай болса да, қағілез балақайдың бойынан басқарушылық қабілетті байқаған жандар оны  ойланбастан сайлауға қатысушылар тізіміне қосқан. Осылайша, Роберт «Бобби» Тафтстың бағы жанып, «билікті» қолына алды. Софи есімді қалыңдығым бар деп мақтанатын Роб кез келген іске салмақтылықпен қараймын деп үлкендерге езу тартқызатын көрінеді. Әйткенмен, дорсеттіктер оның болашағына үлкен сенім артып отыр. Bnews.kz
15.05.2013 04:44 3006

АҚШ-тың Миннесота штатындағы Дорсет қалашығының әкімі қызметіне төрт жастағы Роберт Тафтса сайланды деп жазады Daily News. Қала тұрғындары жаңа басшыларына «кішкентай қуатымыз» деген лақап ат та беріп үлгеріпті.

 Небәрі жиырма екі адам өмір сүретін шағын елдімекеннің «жас саясаткері» балабақшаға барады. Тіпті, кейбір әріптер мен сөздерді дұрыс айта алмаса да, ол әкімдікке лайық дейді. Себебі, Тафтсалар әулеті ғана Дорсет тарихында төрт атадан бері ғұмыр кешіп келе жатқан ең тұрақты тұрғындар екен. Кішкентай болса да, қағілез балақайдың бойынан басқарушылық қабілетті байқаған жандар оны  ойланбастан сайлауға қатысушылар тізіміне қосқан. Осылайша, Роберт «Бобби» Тафтстың бағы жанып, «билікті» қолына алды.

Софи есімді қалыңдығым бар деп мақтанатын Роб кез келген іске салмақтылықпен қараймын деп үлкендерге езу тартқызатын көрінеді. Әйткенмен, дорсеттіктер оның болашағына үлкен сенім артып отыр.

Bnews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға