Жаңалықтар

Эстрада

  Соңғы редакциялау: 28 қазан  2012 жыл ЭСТРАДА, эстрада өнері (франц. estrade, исп. estrado – тақтайша үстел) – көп жанрлы сахналық өнердің бір түрі. Э. өнері әр алуан артистердің (әншілер мен бишілер, көркем сөз оқушылар мен акробаттар, конферансье мен музыканттар, т.б.) ойын-сауығынан құралады. Кейде жалғыз артистің өнер көрсетуіне құрылған жеке – соло концерт те болуы ықтимал. Әрбір ойын-сауық нөмірінің ұтымды әрі шапшаң (10 – 15 мин) орындалуымен байланысты Э. өнердің шағын түрі деп те аталады. Э. артистері жасаған сахналық бейнелер психол. жағынан күрделі болмағанымен, олар ашық та жарқын бояуға, гротескіге толы болады. Э. өнерінің қайнар көзі еуроп. елдерде жонглерлер (Франция), шпильмандар (Германия), скоморохтар (Ресей), даршылар мен масқарапаздар (Орт. Азия), қулар (Қазақстан) сияқты кезбе өнерпаздардың сауығына саяды. Олардың ойын-сауығы сатиралық көріністер мен машықтандыруды, акробатика мен жонглерлік өнерді, ән мен билерді қамтыды. 16 – 17 ғ-ларда Э-лық өнердің мұндай түрлері халық сейілдерінде, балағандар мен жәрмеңке алаңдарында одан әрі өркендеу өрісін тапты. 18 ғ-дың басында Англияда ойын-сауықтары ән-билерден, шағын пьеса мен буффонадалық интермедиялардан тұратын мюзик-холлдар пайда болды. Лондон қ-нда “Альгамбра” (1890), “Колизей” (1904) атты мюзик-холл құрылып, жұмыс істей бастады. Э-ның осы сияқты түрлері дүние жүзінің көптеген елдерінде бой көрсетіп, кеңінен тарады. 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың басында Францияның жәрмеңке театрлары сахнасында көбіне фольклорға негізделген сатиралық өлеңдер мен тақпақтар зор табыспен орындалды. Э-сы бар мейрамханалар кафе-шантандар деп аталды. Бұлардың артистері кейде өз ойын-сауықтарымен әлеум. мәселелерді қозғады. Бірақ олар көбіне көңіл көтеруден аспайтын, ой-мазмұны таяз ойын-сауық нөмірлерін орындаумен шектелді. Тыңдаушы-тамашалаушыларға әннің сөзін жеткізу, әннен гөрі сөзге, яғни мелодекломацияға еркін ауысып отыру Э. өнерінің ерекшелігі болып табылады. 19 ғ-дың 80-жылдары Францияда импровизац. ойын-сауықтар қоятын кабарелер ашылды. Бұлардың ойын-сауықтарына ақындар мен музыканттар, орындаушы актерлер, өмірдің көкейтесті мәселелерін қозғайтын өлеңдер мен әндер, сатиралық көріністер мен би нөмірлерін және пародия орындаушылар қатысты. Осы жылдары ойын-сауыққа қатысушы орындаушы-өнерпаздардың аты-жөнін хабарлап тұратын және көрермендермен қызғылықты әңгіме-дүкен құрып отырушы конферансье өнері де өмірге келді. Ресейде “Летучая мышь” (1908, Мәскеу қ-нда) және “Кривое зеркало” (1908, Санкт-Петербург қ-нда) деген атпен алғашқы кабарелер ашылды. 20 ғ-да Францияда Ш.Азнавур, И.Монтан, Э.Пиаф, М.Шевалье, М.Матье; АҚШ-та Д.Рид, П.Робсон, П.Сигер, Э.Фицджеральд; Италияда Р.Лоретти; Англияда К.Ричард; Югославияда Р.Караклаич; Чехословакияда К.Готт; Польшада А.Герман; Болгарияда Л.Иванова мен Б.Киров; ТМД елдерінде Л.О. Утесов, Л.А. Русланова, Л.Г. Зыкина, К.И. Шульженко, М.М. Магомаев, И.Д. Кобзон, А.Б. Пугачева, С.М. Ротару, т.б. Э-лық өнердің көрнекті орындаушыларының есімдері дүние жүзіне танылды. Э-лық өнердің кейбір элементтері қазақтың әнші-жыршылары мен сал-серілерінің (Ақан сері, Әміре Қашаубаев, Біржан Қожағұлұлы, Ғазиз Файзоллаұлы, Yкілі Ыбырай, т.б.), сондай-ақ халық қуларының (Айдарбек, Зәрубай, Күндебай, т.б.) өнерінен де бой көрсетті. 20 ғ-дың басында белең алған әр түрлі көркемөнерпаздар үйірмелерінің репертуары негізінен жеке ән орындау мен көркем сөз оқудан (өлең, мысал, тақпақ, т.б.) құралды. Әсіресе, 1920 – 30 ж. кең қанат жайған драма үйірмелерінің ойын-сауық бағдарламасынан шағын пьесалармен қатар ән-күй, күй, көркем сөз оқу да мол орын алды. 20 ғ-дың 1-жартысында Қазақстанда Э. өнерінің жан-жақты өркендеп өсуіне кең жол ашылды. Осы жылдары К.Байсейітова, І.Жандарбеков, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Е.Өмірзақов, Р.Бағланова, Ғ.Құрманғалиев, Ж.Омарова, Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, т.б. есімдері қалың көрермендерге кең танылды. Әсіресе, көркем сөз оқу жанрында ерекше көзге түскен І.Қуанышбаев өзінің өткір сатир. тақырыптағы әңгімелері мен өлеңдерін оқып, қазақ Э-сының ілгері дамуына мол үлес қосты. Қуанышбаевтың осы жанрдағы өнері Ш.Айманов, Х.Бөкеева, С.Қожамқұлов, Ф.Шәріпова, Г.Ғалиева, Ә.Жолымбетов, Б.Римова, Т.Жаманқұлов, І.Сұлтанбаев, т.б. сынды көркем сөз оқу шеберлерінің өнеріне игі әсер етті. 20 ғ-дың 60 – 80-жылдары Қазақстанда “Алатау” (Жамбыл), “Арай”, “Ариран”, “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Отырар сазы”, “Яшлық” (Алматы), “Жайық қызы” (Атырау), “Жетісу” (Талдықорған), “Сыр сұлуы” (Қызылорда), “Ұлытау” (Қарағанды), “Эренгольд” (Павлодар), т.б. Э-лық ансамбльдері ұйымдасты. Комп-лар Б.Байқадамов, С.Бәйтереков, Ә.Бейсеуов, Б.Жұманиязов, Ш.Қалдаяқов, А.Қоразбаев, Н.Тілендиев, т.б. аталмыш ансамбльдерге арнап ән жазды. Әншілер: С.Әбусейітов, І.Байбосынов, С.Боранбаева, Ә.Дінішев, Н.Есқалиева, П.К. Кесоглу, В.Қармысова, З.Қойшыбаева, М.Мұсабаев, Р.Мұсабаев, Н.Нүсіпжанов, Г.Рәзиева, Р.Рымбаева, А.Сембин, С.Тыныштығұлова, Е.Хасанғалиев, М.Ерәлиева, М.Жүнісова, М.Қазтұрғанова, А.Мейірбеков, С.Нұрмағамбетова, М.Ілиясова; реж. С.Елеусізов, көркем сөз оқушылар Т.Бұйрабаев, И.Я. Дальский, М.Н. Ли, виолончельші Ж.Баспаев, скрипкашы А.Мұсаходжаева, гобойшы Т.Тікішев, т.б. қазақ Э-ның өркендеуіне елеулі үлес қосты. Ал пианиношы-педагог Г.Кәдірбекова концерттік-орындаушылық өнерімен тыңдаушы-көрермендер ілтипатына бөленді. 1991 – 2000 ж. ұлттық Э. өнері бір топ комп-лар (К.Дүйсекеев, Ж.Еңсепов, М.Омаров, т.б.), әншілер (Г.Қаспақова, Г.Оразымбетова, Б.Сәмединова, Г.Сиқымбаева, Р.Стамғазиев, Б.Тайлақбаев, М.Түсіпова, Б.Тілеухан, Б.Шадаева, Ж.Ысқақова, т.б.) мен күйші-домбырашылар (Ә.Есқалиев, І.Ахмедияров, А.Еңсепов, А.Үлкенбаева, т.б.) есімдерімен толықты; олар шығарм. және орындаушылық шеберлігімен көпшілік-көрермендердің ықыласын аударды. Э. бойынша түрлі ұйымдастыру жұмыстары Қазақконцерт және обл. филармониялар арқылы жүргізіледі. 1965 ж. Алматы қ-нда эстрада және цирк өнері студиясы (қазіргі колледж) ашылды. И. Темешина Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 10-то  
09.11.2012 03:54 6252

 

Соңғы редакциялау:

28 қазан  2012 жыл

ЭСТРАДА, эстрада өнері (франц. estrade, исп. estrado – тақтайша үстел) – көп жанрлы сахналық өнердің бір түрі. Э. өнері әр алуан артистердің (әншілер мен бишілер, көркем сөз оқушылар мен акробаттар, конферансье мен музыканттар, т.б.) ойын-сауығынан құралады. Кейде жалғыз артистің өнер көрсетуіне құрылған жеке – соло концерт те болуы ықтимал. Әрбір ойын-сауық нөмірінің ұтымды әрі шапшаң (10 – 15 мин) орындалуымен байланысты Э. өнердің шағын түрі деп те аталады. Э. артистері жасаған сахналық бейнелер психол. жағынан күрделі болмағанымен, олар ашық та жарқын бояуға, гротескіге толы болады. Э. өнерінің қайнар көзі еуроп. елдерде жонглерлер (Франция), шпильмандар (Германия), скоморохтар (Ресей), даршылар мен масқарапаздар (Орт. Азия), қулар (Қазақстан) сияқты кезбе өнерпаздардың сауығына саяды. Олардың ойын-сауығы сатиралық көріністер мен машықтандыруды, акробатика мен жонглерлік өнерді, ән мен билерді қамтыды. 16 – 17 ғ-ларда Э-лық өнердің мұндай түрлері халық сейілдерінде, балағандар мен жәрмеңке алаңдарында одан әрі өркендеу өрісін тапты. 18 ғ-дың басында Англияда ойын-сауықтары ән-билерден, шағын пьеса мен буффонадалық интермедиялардан тұратын мюзик-холлдар пайда болды. Лондон қ-нда “Альгамбра” (1890), “Колизей” (1904) атты мюзик-холл құрылып, жұмыс істей бастады. Э-ның осы сияқты түрлері дүние жүзінің көптеген елдерінде бой көрсетіп, кеңінен тарады. 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың басында Францияның жәрмеңке театрлары сахнасында көбіне фольклорға негізделген сатиралық өлеңдер мен тақпақтар зор табыспен орындалды. Э-сы бар мейрамханалар кафе-шантандар деп аталды. Бұлардың артистері кейде өз ойын-сауықтарымен әлеум. мәселелерді қозғады. Бірақ олар көбіне көңіл көтеруден аспайтын, ой-мазмұны таяз ойын-сауық нөмірлерін орындаумен шектелді. Тыңдаушы-тамашалаушыларға әннің сөзін жеткізу, әннен гөрі сөзге, яғни мелодекломацияға еркін ауысып отыру Э. өнерінің ерекшелігі болып табылады. 19 ғ-дың 80-жылдары Францияда импровизац. ойын-сауықтар қоятын кабарелер ашылды. Бұлардың ойын-сауықтарына ақындар мен музыканттар, орындаушы актерлер, өмірдің көкейтесті мәселелерін қозғайтын өлеңдер мен әндер, сатиралық көріністер мен би нөмірлерін және пародия орындаушылар қатысты. Осы жылдары ойын-сауыққа қатысушы орындаушы-өнерпаздардың аты-жөнін хабарлап тұратын және көрермендермен қызғылықты әңгіме-дүкен құрып отырушы конферансье өнері де өмірге келді. Ресейде “Летучая мышь” (1908, Мәскеу қ-нда) және “Кривое зеркало” (1908, Санкт-Петербург қ-нда) деген атпен алғашқы кабарелер ашылды. 20 ғ-да Францияда Ш.Азнавур, И.Монтан, Э.Пиаф, М.Шевалье, М.Матье; АҚШ-та Д.Рид, П.Робсон, П.Сигер, Э.Фицджеральд; Италияда Р.Лоретти; Англияда К.Ричард; Югославияда Р.Караклаич; Чехословакияда К.Готт; Польшада А.Герман; Болгарияда Л.Иванова мен Б.Киров; ТМД елдерінде Л.О. Утесов, Л.А. Русланова, Л.Г. Зыкина, К.И. Шульженко, М.М. Магомаев, И.Д. Кобзон, А.Б. Пугачева, С.М. Ротару, т.б. Э-лық өнердің көрнекті орындаушыларының есімдері дүние жүзіне танылды. Э-лық өнердің кейбір элементтері қазақтың әнші-жыршылары мен сал-серілерінің (Ақан сері, Әміре Қашаубаев, Біржан Қожағұлұлы, Ғазиз Файзоллаұлы, Yкілі Ыбырай, т.б.), сондай-ақ халық қуларының (Айдарбек, Зәрубай, Күндебай, т.б.) өнерінен де бой көрсетті. 20 ғ-дың басында белең алған әр түрлі көркемөнерпаздар үйірмелерінің репертуары негізінен жеке ән орындау мен көркем сөз оқудан (өлең, мысал, тақпақ, т.б.) құралды. Әсіресе, 1920 – 30 ж. кең қанат жайған драма үйірмелерінің ойын-сауық бағдарламасынан шағын пьесалармен қатар ән-күй, күй, көркем сөз оқу да мол орын алды. 20 ғ-дың 1-жартысында Қазақстанда Э. өнерінің жан-жақты өркендеп өсуіне кең жол ашылды. Осы жылдары К.Байсейітова, І.Жандарбеков, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Е.Өмірзақов, Р.Бағланова, Ғ.Құрманғалиев, Ж.Омарова, Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, т.б. есімдері қалың көрермендерге кең танылды. Әсіресе, көркем сөз оқу жанрында ерекше көзге түскен І.Қуанышбаев өзінің өткір сатир. тақырыптағы әңгімелері мен өлеңдерін оқып, қазақ Э-сының ілгері дамуына мол үлес қосты. Қуанышбаевтың осы жанрдағы өнері Ш.Айманов, Х.Бөкеева, С.Қожамқұлов, Ф.Шәріпова, Г.Ғалиева, Ә.Жолымбетов, Б.Римова, Т.Жаманқұлов, І.Сұлтанбаев, т.б. сынды көркем сөз оқу шеберлерінің өнеріне игі әсер етті. 20 ғ-дың 60 – 80-жылдары Қазақстанда “Алатау” (Жамбыл), “Арай”, “Ариран”, “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Отырар сазы”, “Яшлық” (Алматы), “Жайық қызы” (Атырау), “Жетісу” (Талдықорған), “Сыр сұлуы” (Қызылорда), “Ұлытау” (Қарағанды), “Эренгольд” (Павлодар), т.б. Э-лық ансамбльдері ұйымдасты. Комп-лар Б.Байқадамов, С.Бәйтереков, Ә.Бейсеуов, Б.Жұманиязов, Ш.Қалдаяқов, А.Қоразбаев, Н.Тілендиев, т.б. аталмыш ансамбльдерге арнап ән жазды. Әншілер: С.Әбусейітов, І.Байбосынов, С.Боранбаева, Ә.Дінішев, Н.Есқалиева, П.К. Кесоглу, В.Қармысова, З.Қойшыбаева, М.Мұсабаев, Р.Мұсабаев, Н.Нүсіпжанов, Г.Рәзиева, Р.Рымбаева, А.Сембин, С.Тыныштығұлова, Е.Хасанғалиев, М.Ерәлиева, М.Жүнісова, М.Қазтұрғанова, А.Мейірбеков, С.Нұрмағамбетова, М.Ілиясова; реж. С.Елеусізов, көркем сөз оқушылар Т.Бұйрабаев, И.Я. Дальский, М.Н. Ли, виолончельші Ж.Баспаев, скрипкашы А.Мұсаходжаева, гобойшы Т.Тікішев, т.б. қазақ Э-ның өркендеуіне елеулі үлес қосты. Ал пианиношы-педагог Г.Кәдірбекова концерттік-орындаушылық өнерімен тыңдаушы-көрермендер ілтипатына бөленді. 1991 – 2000 ж. ұлттық Э. өнері бір топ комп-лар (К.Дүйсекеев, Ж.Еңсепов, М.Омаров, т.б.), әншілер (Г.Қаспақова, Г.Оразымбетова, Б.Сәмединова, Г.Сиқымбаева, Р.Стамғазиев, Б.Тайлақбаев, М.Түсіпова, Б.Тілеухан, Б.Шадаева, Ж.Ысқақова, т.б.) мен күйші-домбырашылар (Ә.Есқалиев, І.Ахмедияров, А.Еңсепов, А.Үлкенбаева, т.б.) есімдерімен толықты; олар шығарм. және орындаушылық шеберлігімен көпшілік-көрермендердің ықыласын аударды. Э. бойынша түрлі ұйымдастыру жұмыстары Қазақконцерт және обл. филармониялар арқылы жүргізіледі. 1965 ж. Алматы қ-нда эстрада және цирк өнері студиясы (қазіргі колледж) ашылды.

И. Темешина

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 10-то

 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға