Жаңалықтар

Францияда 66-ыншы Канн кинофестивалі басталды

Бүгін Францияның Канн қаласында халықаралық кинофестивальдың шымылдығы ашылады. Канн кинофестивалі кино әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Бұл туралы РБК мәлімдеп отыр.   Биыл фестиваль 66-ыншы рет өткізілмекші. Кино майталмандарының басын қосатын фестивальдің қазылар алқасында танымал режиссер Стивен Спилберг, Николь Кидман, Кристофер Вальц, Даниель Отой сынды Голливуд жұлдыздары болады. Іс шара Фрэнсис Скотт Фицджеральдың «Великий Гэтсби» романының желісі бойынша түсірілген туындының көрсетілімінен басталады. Туынды режиссері Баз Лурман. Басты рөлдердің бірін танымал актер Леонардо Ди Каприо сомайды. Baq.kz
15.05.2013 03:29 2958

Бүгін Францияның Канн қаласында халықаралық кинофестивальдың шымылдығы ашылады. Канн кинофестивалі кино әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Бұл туралы РБК мәлімдеп отыр.  

Биыл фестиваль 66-ыншы рет өткізілмекші. Кино майталмандарының басын қосатын фестивальдің қазылар алқасында танымал режиссер Стивен Спилберг, Николь Кидман, Кристофер Вальц, Даниель Отой сынды Голливуд жұлдыздары болады. Іс шара Фрэнсис Скотт Фицджеральдың «Великий Гэтсби» романының желісі бойынша түсірілген туындының көрсетілімінен басталады. Туынды режиссері Баз Лурман. Басты рөлдердің бірін танымал актер Леонардо Ди Каприо сомайды.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға