100 жылдық сағат
Атырау облысының өлкетану көрмесінде 100 жылдық «Янтарь» маркалы қабырғаға ілетін маятник-сағат қойылды. Бұл туралы мұражай директоры Серік Мұхамбетов хабарлады.
Көрме Халықаралық мұражай күніне арналып, 18 мамырда атап өткізілмек.
Серік Мұхамбетовтың айтуынша, бұл ретте ең көне жәдігер «Янтарь» маркалы қабырғаға ілінетін маятник-сағат болып отыр. Ол Құрманғазы ауданының Кудряшово селосының тұрғыны Нина Солодовниковадан сатып алынған, сағатқа шамасы 100 жылдай уақыт болған.
Жалпы алғанда, қол сағат, қалта сағат, қабырға сағаты бар, барлығы 36 жәдігер қойылған.
Сонымен қатар мұражай директоры мұражайда бірнеше жыл бұрын осында ашылған «Жас экскурсия жетекшісі» клубына қатысушылардың жұмысы қорытындыланатынын да айта кетті.
– 15-16 мамырда мектеп оқушылары үшін ашық есік күні өткізіледі. 17 мамырда дәстүрлі «Мұражайдағы түн» акциясы өтеді, – деп атап өтті Серік Мұхамбетов.
Айқын.