Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы филологтарының І съезі өтеді

ҚР Білім және ғылым министрлігі 16-17 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы филологтарының І съезін өткізеді. Тұңғыш рет отандық филология тарихында педагогтар, оқытушылар, ғалымдар, сарапшылар жиналып, Қазақстандағы филологиялық білім беру мәселелерін талқылайтын болады. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметінен хабарланды. Қазақстан Республикасы мұғалім-филологтардың Съезін өткізу тілдік және әдеби білім берудің қазіргі жай-күйін зерделеуге, қазіргі педагогикалық амалдар мен оқушылардың білім алудағы қажеттіліктеріне сәйкес оны жетілдірудің тетіктерін анықтауға бағытталған. Бұл жиында қазіргі қоғамда филологиялық білім берудің өзекті мәселелері, қазақстандық білім беруді жаңғыртудың контексіндегі тіл мен әдебиетті оқытудың басым міндеттерін белгілеу, білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілді оқытудың мазмұны мен формасын жетілдірудің мәселелерін қарастыру көзделген. Сонымен қатар онда филолог-мұғалімдердің, жаңашыл-мұғалімдердің тәжірибелерін насихаттау, көптілді білім беру шеңберінде жаңа буын мұғалімдерін даярлау мәселелерін талқылау, Қазақстан Республикасында тіл мен әдебиетті оқытудың сапасын арттыру жолдарын анықтау тұрғысында ұсыныстар енгізілмек. Съезге филолог-мұғалімдер, ғалымдар, білім мен ғылымның жетекші қайраткерлері, білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі жаңашыл-педагогтар, білім беруді басқару, тілдерді дамыту органдарының, кітапханалық жүйенің жетекшілері мен қызметкерлері, ҚР БҒМ-ға ведомстволық бағынысты ұйымдардың, оқу орындарының, «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалдарының өкілдері қатысады.  Baq.kz
15.05.2013 03:00 2701

ҚР Білім және ғылым министрлігі 16-17 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы филологтарының І съезін өткізеді. Тұңғыш рет отандық филология тарихында педагогтар, оқытушылар, ғалымдар, сарапшылар жиналып, Қазақстандағы филологиялық білім беру мәселелерін талқылайтын болады. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Қазақстан Республикасы мұғалім-филологтардың Съезін өткізу тілдік және әдеби білім берудің қазіргі жай-күйін зерделеуге, қазіргі педагогикалық амалдар мен оқушылардың білім алудағы қажеттіліктеріне сәйкес оны жетілдірудің тетіктерін анықтауға бағытталған.

Бұл жиында қазіргі қоғамда филологиялық білім берудің өзекті мәселелері, қазақстандық білім беруді жаңғыртудың контексіндегі тіл мен әдебиетті оқытудың басым міндеттерін белгілеу, білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілді оқытудың мазмұны мен формасын жетілдірудің мәселелерін қарастыру көзделген.

Сонымен қатар онда филолог-мұғалімдердің, жаңашыл-мұғалімдердің тәжірибелерін насихаттау, көптілді білім беру шеңберінде жаңа буын мұғалімдерін даярлау мәселелерін талқылау, Қазақстан Республикасында тіл мен әдебиетті оқытудың сапасын арттыру жолдарын анықтау тұрғысында ұсыныстар енгізілмек.

Съезге филолог-мұғалімдер, ғалымдар, білім мен ғылымның жетекші қайраткерлері, білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі жаңашыл-педагогтар, білім беруді басқару, тілдерді дамыту органдарының, кітапханалық жүйенің жетекшілері мен қызметкерлері, ҚР БҒМ-ға ведомстволық бағынысты ұйымдардың, оқу орындарының, «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалдарының өкілдері қатысады. 

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға