Жапондықтар адамның ең бақытты жасын анықтады
Жапониядағы Саки университетінің геронтолог ғалымдары әйелдердің ең бақытты шағы 90 жастан асқанда болады деп отыр. Бұл туралы ИА Новости-Қазақстан мәлімдеді.
70-тен асқан үш топ қатысқан зерттеу барысында ғалымдар адам үшін ең бақытты жас мөлшерін анықтауды мақсат тұтты. Сондай-ақ, зерттеушілер адам көтеріңкі көңіл күйде қанша уақыт болатынын, өзін бақытты санайтын, санамайтынын балдық жүйе бойынша бағалады.
Есеп нәтижесінде, 70 жастағылар 7,4 балл, 80 жастағылар 8,2 балл, 90 жастан жоғарылар -8,8 балл жинады.
Клиникалық танатология мен мінез-құлық саласының бас зерттеушісі Такэси Накагава ер адамдар әйелдерге қарағанда қоғамдық пікірге тәуелді болатынын алға тартты. Сондықтан қартайғанда әлеуметтік белсенділіктерінің төмендеуіне үйрену оларға ауырға соғады деп түсіндірді ғалым.
Сондай-ақ, өкіну мен налу қасиеттеріне жастардың бейім болатыны анықталды.
«Жасы үлкейген сайын адам қандай да бір қиын жағдайдың жағымды тұстарын көре біледі. Көңіл-күйін басқара алатын дәрежеде болады»,-деп қосты профессор.
Baq.kz