Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлы

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) - екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан даңқты қолбасшы, жазушы. Әскери академияларда дәріс берген.Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. А. Бек кітабының басты кейіпкері. Аса текті мінездерімен де ел сүйіспеншілігіне бөленіп, аты аңызға айналған тұлға.   Намысты нанға сатпа. Ар-намыс, ұят туралы Қарабет болып қашқанша - қайрат көрсетіп өлген артық. Батырлық, ерлік туралы Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындық. Батырлық, ерлік туралы Именіп жүріп көрген игіліктен - қарсыласып жүріп көрген бейнет артық. Батырлық, ерлік туралы Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше - шындықтың уын ішін өлген артық. Батырлық, ерлік туралы Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті. Батырлық, ерлік туралы Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады. Батырлық, ерлік туралы Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейдеақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап алаалмайды. Батырлық, ерлік туралы Ерлік - тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады. Батырлық, ерлік туралы Өршіл рухтан - өлмес ерлік туады. Батырлық, ерлік туралы Белдескеннің - белін сындыр, тірескеннің - тізесін бүктір. Батырлық, ерлік туралы Ептілік те - ерлік. Батырлық, ерлік туралы Қолбасшы болсаң сондай бол - жосылып жатқан жолдай бол. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Тілекке - еңбек тірек. Еңбек туралы Терлеп еңбек етерсің - тілегіңе жетерсің. Еңбек туралы От басының өнегесі - Отан өнегесі. Отан, туған жер туралы Халықтық тәжірибе - бүгінге ғана емес, ертеңге де керек қазына. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Тәрбиелі - тәртіптің құлы, Тәртіпті - елдің құлы. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Қайратыңа - әдісіңді жолдас ет, әдісіңе - ақылынды жолдас ет. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел - құл болмайды. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Қайрат етер кезінде - жүк көтерер нардай бол, Ақыл айтар кезіңде - жүз жасаған шалдай бол. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Ылғи алтын іздеме - шоқтың бәрі от болмас. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Сұлу сөзге құл болма - зерлі ой онда көп болмас. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Күншілдік - өзгенің мықтылығы мен өзіңнің әлсіздігінді мойындаудан туған құбылыс. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Үміт - өрге тартады, үмітсіздік - көрге тартады. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Үмітін жоғалтқан жан - ешқашан үміттеніп көрмеген жан. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Жерге - тер төгіп, халыққа - қан төгіп қызмет етуден тайсалма! Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Тіл - ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі. Тіл туралы Тіл - елдің елдінің, оның ғылымы мен мәдениетінің, өнеркәсібінің,қоғамдық құрылысының, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, ұлттық мұрасының қай дәрежеде екенін білдіріп тұратын көрсеткіш.  Тіл туралы Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту бүкіл ата-бабамызды, бар тарихымызды ұмыту. Тіл туралы Ана тілімізге мән бермеушілік, оны құрметтемеу - шынайы патриоттар тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян. Тіл туралы Қазақ тілі еш уақытта өзімен көрші халықтардың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалмағаны, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігіне мың жылдық көне тарих куә. Тіл туралы Қазақ тілі - сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жанжүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл. Тіл туралы Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуіне не шала білуіне, еңалдымен, - ата-аналары кінәлі. Тіл туралы Опасыздық - ойсыздық. Ар-намыс, ұят туралы Мен де адаммын жаралған сүйек-еттен, Менде ар бар, менде ой бар жан тебіренткен. Халқымның қарапайым бірі ұлымын, Жанымды арым үшін құрбан еткен. Ар-намыс, ұят туралы Әділдікті мойындау - адал кісінің ісі. Адамгершілік туралы   Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
14.05.2013 08:11 12611

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) - екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан даңқты қолбасшы, жазушы. Әскери академияларда дәріс берген.Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. А. Бек кітабының басты кейіпкері. Аса текті мінездерімен де ел сүйіспеншілігіне бөленіп, аты аңызға айналған тұлға.

 

Намысты нанға сатпа.

Ар-намыс, ұят туралы

Қарабет болып қашқанша - қайрат көрсетіп өлген артық.

Батырлық, ерлік туралы

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындық.

Батырлық, ерлік туралы

Именіп жүріп көрген игіліктен - қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.

Батырлық, ерлік туралы

Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше - шындықтың уын ішін өлген артық.

Батырлық, ерлік туралы

Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті.

Батырлық, ерлік туралы

Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.

Батырлық, ерлік туралы

Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейдеақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап алаалмайды.

Батырлық, ерлік туралы

Ерлік - тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады.

Батырлық, ерлік туралы

Өршіл рухтан - өлмес ерлік туады.

Батырлық, ерлік туралы

Белдескеннің - белін сындыр, тірескеннің - тізесін бүктір.

Батырлық, ерлік туралы

Ептілік те - ерлік.

Батырлық, ерлік туралы

Қолбасшы болсаң сондай бол - жосылып жатқан жолдай бол.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Тілекке - еңбек тірек.

Еңбек туралы

Терлеп еңбек етерсің - тілегіңе жетерсің.

Еңбек туралы

От басының өнегесі - Отан өнегесі.

Отан, туған жер туралы

Халықтық тәжірибе - бүгінге ғана емес, ертеңге де керек қазына.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Тәрбиелі - тәртіптің құлы,

Тәртіпті - елдің құлы.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Қайратыңа - әдісіңді жолдас ет, әдісіңе - ақылынды жолдас ет.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел - құл болмайды.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Қайрат етер кезінде - жүк көтерер нардай бол,

Ақыл айтар кезіңде - жүз жасаған шалдай бол.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Ылғи алтын іздеме - шоқтың бәрі от болмас.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Сұлу сөзге құл болма - зерлі ой онда көп болмас.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Күншілдік - өзгенің мықтылығы мен өзіңнің әлсіздігінді мойындаудан туған құбылыс.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Үміт - өрге тартады, үмітсіздік - көрге тартады.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Үмітін жоғалтқан жан - ешқашан үміттеніп көрмеген жан.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Жерге - тер төгіп, халыққа - қан төгіп қызмет етуден тайсалма!

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Тіл - ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі.

Тіл туралы

Тіл - елдің елдінің, оның ғылымы мен мәдениетінің, өнеркәсібінің,қоғамдық құрылысының, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, ұлттық мұрасының қай дәрежеде екенін білдіріп тұратын көрсеткіш. 

Тіл туралы

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту бүкіл ата-бабамызды, бар тарихымызды ұмыту.

Тіл туралы

Ана тілімізге мән бермеушілік, оны құрметтемеу - шынайы патриоттар тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян.

Тіл туралы

Қазақ тілі еш уақытта өзімен көрші халықтардың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалмағаны, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігіне мың жылдық көне тарих куә.

Тіл туралы

Қазақ тілі - сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жанжүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл.

Тіл туралы

Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуіне не шала білуіне, еңалдымен, - ата-аналары кінәлі.

Тіл туралы

Опасыздық - ойсыздық.

Ар-намыс, ұят туралы

Мен де адаммын жаралған сүйек-еттен,

Менде ар бар, менде ой бар жан тебіренткен.

Халқымның қарапайым бірі ұлымын,

Жанымды арым үшін құрбан еткен.

Ар-намыс, ұят туралы

Әділдікті мойындау - адал кісінің ісі.

Адамгершілік туралы

 

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға