Байдалы шешен
Ағадағы мал - аспандағы мал, інідегі мал - індегі мал, баладағы мал - даладағы мал.
Төрт түлік мал туралы
Сұраған адам - қайыршы, ұрлаған адам - қарақшы.
Надандық, ақымақтық туралы
Сөйлемесе - сөздің атасы өледі.
Асыл сөз туралы
Айтпаса - естімейтіндер, ашпаса - көрмейтіндер бар.
Пайдасыздық, керексіздік туралы
Молданың айтқанының бәрі шариғат емес,
Бұрынғылардың айтқанының бәрі қағидат емес.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Ағасы бардың - жақсы болса жағасы бар,
Жаман болса - інісіне жабар жаласы бар.
Інісі бардың - жақсы болса тынысы бар,
Жаман болса - ағасына берер жұмысы бар.
Баласы бардың - жақсы болса панасы бар,
Жаман болса - құдайдың берген пәлесі бар.
Жақсы мен жаман туралы
Жоқтау айтқанға - тоқтау айт: қайғысын қозғама - қайратын қолда.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Қайрат деген қыран бар - қайғыға тізгін бермейтін,
Қайғы деген жылан бар - өзекті шағып өртейтін.
Адам өмірі туралы
Кей молда аузын ашса - көмейінен көр көрінеді.
Надандық, ақымақтық туралы
Өмір тұрғанда - өлімді сөйлегеннен без,
Төріңде отырып - көрге сүйрегеннен без.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Оңай олжа тауып үйренген адам арсыз келеді.
Арсыздық туралы
Арсыздықтың адамды жеңетін жері де болады.
Арсыздық туралы
Сөздің өзі - бала: тербетсе - оянады, тербетпесе - оянбайды.
Асыл сөз туралы
Білімді мен білімсіздің арасынан алыс жоқ, тәттіде - жаннан тәтті жоқ, жақында - ажалдан жақын жоқ.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Қарағай бойы қар жауса - жұтамайды сауысқан,
Қанша араз болса да - шыдамайды туысқан.
Оңғандықтың белгісі - өзі ұрсысып-табысқан,
Оңбағандық белгісі - өткен істі қуысқан.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Біріншіден не жаман - арамнан жиған қоң жаман.
Екіншіден не жаман - ерегіскен ер жаман.
Үшіншіден не жаман - үлгісіз пішкен тон жаман,
Төртіншіден не жаман - төресі тексіз ел жаман.
Бесіншіден не жаман - бесіктегі жас бала жетім қалса сол жаман.
Алтыншыдан не жаман - алты қанат ақ орда иесіз қалса сол жаман.
Жетіншіден не жаман - желегі басынан түспеген, жаңа түскен келіншек жесір қалса сол жаман.
Сегізіншіден не жаман - сергелдең болған көп жаман.
Тоғызыншыдан не жаман - тоңқая масақ термеген, өз күнін өзі көрмеген тоқсанға келген шал жаман.
Оныншыдан не жаман - ұзындығы он табан, көлденеңі бес табан қазулы тұрған көр жаман.
Он біріншіден не жаман - бәрін айт та бірін айт, бәрінен де жоқ жаман.
Жақсы мен жаман туралы
Аймен аталас емеспіз, күнмен баталас емеспіз, бұлтпен туысқанымыз жоқ, сол күнгі жауған жауынға жақындап, жуысқанымыз жоқ. Құдайға шақпағыңды шақ дегеніміз жоқ, білтеңді байлап жақ дегеніміз жоқ, құрығын сүйрей алмай жүрген бәленшені биіктен көздеп ат дегеніміз жоқ.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым тура
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы