Жаңалықтар

Бесшатыр

Соңғы редакциялау: 16 қазан 2012 Бесшатыр — көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Алматы обл. Іле өз-нің жағалауынан 3 км жерде, Желшағыр тауының бөктеріндегі Шылбыр қойнауында. 1957, 1959 — 61 ж. Жетісу археол. экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеді. Қорым құрамында үлкенді-кішілі 31 оба бар. Олар батыстан шығысқа қарай 1 км, солт-тен оңт-ке қарай 2 км болатын алқапты алып жатыр. 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық тас араласқан топырақ үйінділермен жабылған. Қорым шартты түрде екі бөлікке (солт. және оңт.) бөлінеді. Солт. топқа Б. зиратының ең үлкен 2- және 3-обалары кіреді. Үлкендерінің диам. 45 м-ден 105 м-ге дейін, биікт. 6 — 17 м-ге дейін, тиісінше орташаларынікі 25 — 38 м, 5 — 6 м, кішісінікі 6 — 18 м, 0,8 — 2 м. Ескерткіштердің көлеміне қарай жіктелуі ежелгі Б. тұрғындарының әлеум. даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында 18 оба қазылды. Олардың үшеуі үлкен, қалғандары орташа және кіші обалар. Алынған ғыл. деректер ежелгі сақтардың әлеум. топтарға жіктелуі, шаруашылығы, тұрмыстық салт-дәстүрлері, діни наным-сенімі, архит. жетістіктері, тұтынған қару-жарағы мен құрал-жабдықтары жайлы құнды мәліметтер береді. Таспен жабылған 21 обаның алтауында шағын тастармен қоршалған ұзын тізбектер бар. Оларды жалпы саны 5-тен 94-ке дейін жететін тастардан тұрғызылған қоршаулар құрайды. Тізбектер кейбір обаны түгел орап жатса, қайсыбірінің тек шығыс немесе оңт.-батыс жағын ғана қоршап тұр. Осындай ұзын тізбекті тас қоршаулар Б-дан басқа бірнеше зираттың маңайында да бар. Оның біреуі Б-дан батысқа қарай  10 км жерде. Құрамында 45 жеке қоршау бар бұл тізбек 450 м-ге созылып жатыр. Тізбектердегі көптеген тас плиталардың беттеріне таутеке, қабан, қасқыр сияқты аңдардың суреттері салынған. Үлкен Б. обасының маңындағы кейбір қоршаудың плиталарына түрлі таңба іспеттес суреттер де түсірілген. Олардың арасында күн рәмізіне жақын тұрған немесе қазақтың “көз” таңбасына ұқсас дөңгелек бейнелер кездеседі. Мұндай тізбектер қорымның тек жерлеу орны ғана емес, сондай-ақ, діни салт-жоралғылар шерулерін өткізетін ерекше салтанат орны болғанын да көрсетеді. Ерекше құбылыстардың бірі — үлкен обалардың астынан арнайы қазылған катакомба түріндегі күрделі жер асты жолдары. 6-үлкен оба катакомбасының жалпы ұз. 55 м. Жолдардың биікт. 1,68 м, ені 0,8 м. Олар жерлеу, ас беру ғұрпына байланысты діни жоралғылар өткізу мақсатында жасалатын болған. Обалардың сыртқы көлеміне қарай үшке бөлінуі олардың астындағы қабірлердің түрлерімен де сәйкеседі. Кіші обалардың қабірлері қарапайым шұңқыр түрінде, кейде лаһатталған немесе тас жәшікпен толықтырылған. Орташа обалардың қабірлері киіз үй тәрізді. Үлкен обаларға аса ірі ағаш қабірлер тән. Б. зиратының үлкен обалары көне дәуір архитектурасының сирек кездесетін айрықша ескерткіштері қатарына жатады. Ғалымдардың пайымдауынша, бір ғана Үлкен Бесшатыр обасының үйіндісіне 50 000 м3 тас пен топырақ кеткен. Оның маңындағы тас тізбектерге 3 км жерден дайындалып әкелінген мыңға тарта плита жұмсалған. Осындай ірі обалардың қабірін қалауға жұмсалған Тянь-Шань шыршасының бөренелері қорымнан 200—250 км жердегі Іле Алатауының бөктерінде дайындалып, өзен арқылы салмен жеткізілген. Үлкен оба қабірінің ұз. 10 м-ден астам, биікт. 4—5 м. Ол — асқан тех. шеберлікпен салынған құрылыс. Қабірлер үш бөліктен тұрады. 1-Б. обасы қабірінің адам жерленген бөлігінің ауд. 3´3,3 м, бұған кіре берісте кішігірім (1,75´1,25 м) қосалқы бөлме бар. Одан шығысқа қарай созылған ұзын дәліздің ауд. 5,75´1,50 м. Дәліз арқылы өтіп, кіре беріс бөлмеден жерлеу бөлмесіне биікт. 1,50 м, ені 0,75 м есік арқылы кіретін болған. Б. зиратының мұндай үлкен обалары сол кездегі сақ рубасылары мен әскери көсемдерінің жерлеу орны болған деп есептеледі. Орташа обаларда бұлардан кейінгі әскербасылар мен атақты жауынгерлер жерленсе, кіші обалар қатардағы жауынгерлер мен қарапайым адамдардікі. Қорымнан көбелек тәрізді бәйнегі бар қысқа семсер—ақинақ, жебе ұштары, ағаш қалқан қалдығы, темір тоға, төрт ақық моншақ және іші қуыс алтын түйіршіктерден бір-біріне дәнекерленіп жасалған екі моншақ табылды. Заттай деректер Б. қорымының б.з.б. 6 — 5 ғ-ларда салынғанын көрсетеді. А. Бейсенов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том    
09.11.2012 03:49 31391

Соңғы редакциялау:

16 қазан 2012

Бесшатыр — көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Алматы обл. Іле өз-нің жағалауынан 3 км жерде, Желшағыр тауының бөктеріндегі Шылбыр қойнауында. 1957, 1959 — 61 ж. Жетісу археол. экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеді. Қорым құрамында үлкенді-кішілі 31 оба бар. Олар батыстан шығысқа қарай 1 км, солт-тен оңт-ке қарай 2 км болатын алқапты алып жатыр. 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық тас араласқан топырақ үйінділермен жабылған. Қорым шартты түрде екі бөлікке (солт. және оңт.) бөлінеді. Солт. топқа Б. зиратының ең үлкен 2- және 3-обалары кіреді. Үлкендерінің диам. 45 м-ден 105 м-ге дейін, биікт. 6 — 17 м-ге дейін, тиісінше орташаларынікі 25 — 38 м, 5 — 6 м, кішісінікі 6 — 18 м, 0,8 — 2 м. Ескерткіштердің көлеміне қарай жіктелуі ежелгі Б. тұрғындарының әлеум. даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында 18 оба қазылды. Олардың үшеуі үлкен, қалғандары орташа және кіші обалар. Алынған ғыл. деректер ежелгі сақтардың әлеум. топтарға жіктелуі, шаруашылығы, тұрмыстық салт-дәстүрлері, діни наным-сенімі, архит. жетістіктері, тұтынған қару-жарағы мен құрал-жабдықтары жайлы құнды мәліметтер береді. Таспен жабылған 21 обаның алтауында шағын тастармен қоршалған ұзын тізбектер бар. Оларды жалпы саны 5-тен 94-ке дейін жететін тастардан тұрғызылған қоршаулар құрайды. Тізбектер кейбір обаны түгел орап жатса, қайсыбірінің тек шығыс немесе оңт.-батыс жағын ғана қоршап тұр. Осындай ұзын тізбекті тас қоршаулар Б-дан басқа бірнеше зираттың маңайында да бар. Оның біреуі Б-дан батысқа қарай  10 км жерде. Құрамында 45 жеке қоршау бар бұл тізбек 450 м-ге созылып жатыр. Тізбектердегі көптеген тас плиталардың беттеріне таутеке, қабан, қасқыр сияқты аңдардың суреттері салынған. Үлкен Б. обасының маңындағы кейбір қоршаудың плиталарына түрлі таңба іспеттес суреттер де түсірілген. Олардың арасында күн рәмізіне жақын тұрған немесе қазақтың “көз” таңбасына ұқсас дөңгелек бейнелер кездеседі. Мұндай тізбектер қорымның тек жерлеу орны ғана емес, сондай-ақ, діни салт-жоралғылар шерулерін өткізетін ерекше салтанат орны болғанын да көрсетеді. Ерекше құбылыстардың бірі — үлкен обалардың астынан арнайы қазылған катакомба түріндегі күрделі жер асты жолдары. 6-үлкен оба катакомбасының жалпы ұз. 55 м. Жолдардың биікт. 1,68 м, ені 0,8 м. Олар жерлеу, ас беру ғұрпына байланысты діни жоралғылар өткізу мақсатында жасалатын болған. Обалардың сыртқы көлеміне қарай үшке бөлінуі олардың астындағы қабірлердің түрлерімен де сәйкеседі. Кіші обалардың қабірлері қарапайым шұңқыр түрінде, кейде лаһатталған немесе тас жәшікпен толықтырылған. Орташа обалардың қабірлері киіз үй тәрізді. Үлкен обаларға аса ірі ағаш қабірлер тән. Б. зиратының үлкен обалары көне дәуір архитектурасының сирек кездесетін айрықша ескерткіштері қатарына жатады. Ғалымдардың пайымдауынша, бір ғана Үлкен Бесшатыр обасының үйіндісіне 50 000 м3 тас пен топырақ кеткен. Оның маңындағы тас тізбектерге 3 км жерден дайындалып әкелінген мыңға тарта плита жұмсалған. Осындай ірі обалардың қабірін қалауға жұмсалған Тянь-Шань шыршасының бөренелері қорымнан 200—250 км жердегі Іле Алатауының бөктерінде дайындалып, өзен арқылы салмен жеткізілген. Үлкен оба қабірінің ұз. 10 м-ден астам, биікт. 4—5 м. Ол — асқан тех. шеберлікпен салынған құрылыс. Қабірлер үш бөліктен тұрады. 1-Б. обасы қабірінің адам жерленген бөлігінің ауд. 3´3,3 м, бұған кіре берісте кішігірім (1,75´1,25 м) қосалқы бөлме бар. Одан шығысқа қарай созылған ұзын дәліздің ауд. 5,75´1,50 м. Дәліз арқылы өтіп, кіре беріс бөлмеден жерлеу бөлмесіне биікт. 1,50 м, ені 0,75 м есік арқылы кіретін болған. Б. зиратының мұндай үлкен обалары сол кездегі сақ рубасылары мен әскери көсемдерінің жерлеу орны болған деп есептеледі. Орташа обаларда бұлардан кейінгі әскербасылар мен атақты жауынгерлер жерленсе, кіші обалар қатардағы жауынгерлер мен қарапайым адамдардікі. Қорымнан көбелек тәрізді бәйнегі бар қысқа семсер—ақинақ, жебе ұштары, ағаш қалқан қалдығы, темір тоға, төрт ақық моншақ және іші қуыс алтын түйіршіктерден бір-біріне дәнекерленіп жасалған екі моншақ табылды. Заттай деректер Б. қорымының б.з.б. 6 — 5 ғ-ларда салынғанын көрсетеді.

А. Бейсенов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға