Жаңалықтар

Балалар мен жасөспірімдер театры

Соңғы редакциялау: 16 қазан 2012 Балалар мен жасөспірімдер театры — мәдени-сахналық мекеме. 1944 ж. Алматыда реж. Н.И. Сац пен драматург В.С. Розовтың басшылығымен ұйымдастырылған. Театр қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істеді. Алғаш рет қазақ труппасы 1947 ж. 2 ақпанда А. Н. Островскийдің “Мысыққа күнде той бола бермес”, ал орыс труппасы 1945 ж. 7 қарашада Е. Шварцтың “Қызыл телпек” (басты рөлдерде Аққағаз Мәмбетова, Тұрсын Жармұхамедовалар ойнады) спектакльдерін қойды. Театр шымылдығы ресми түрде 1948 ж. 4 шілдеде А.Н. Толстойдың “Алтын кілт” спектаклімен (реж. Сац) ашылды. Жас ұжымның мектеп бағдарламасымен сәйкес алғаш қойған пьесалар мен аңыз-ертегілер инсценировкалары: М. Ақыжанов пен   Қ. Бадыровтың “Алтын сақасы” (1948, реж. Н.В. Молчанов; 1953, реж. С. Шәріпов; 1965, реж. Мен Дон Ук), Ш. Құсайыновтың “Нұрлы тас” (1951) пен “Алдар Көсесі” (1954, екеуінің де реж. А. Тоқпанов), Қ. Сатыбалдиннің “Аягөз аруы” (1954, реж. М. Қосыбаев), Л.В. Соловьевтың “Қожанасыры” (1949, реж. И.С. Барон). Театрда Сац (1947—50), А.Тоқпанов (1950—54), Қосыбаев (1954 — 59), В.И. Добронравов (1959—62), Ғ. Хайруллина (1962—64), Мен Дон Ук (1964—68), В.С. Пұсырманов (1968—76), М.Байсеркенов (1976—82) сынды бас режиссерлермен қатар И.Г. Бальхозин, Э.Д. Гейдебрехт, А.И. Ненашев, Д. Сүлеев, В.В. Теляковский, С. Үмекенов, т.б. театр суретшілері жемісті еңбек етті. Театр труппалары мектеп пен отбасының байланысы, жастардың жауынгерлік және еңбектегі ерлігі, достық қарым-қатынасы, арман-махаббаты жайлы тәлім-тәрбиелік мәні зор шығармаларды сахнаға шығарды. Олар: М. Иманжановтың “Жас өмірі” (1949, реж. Молчанов), Құсайыновтың “Көктем желі” (1953, реж. Тоқпанов) мен “Есірткен еркесі” (1954, реж. Қосыбаев), Ш. Байжановтың “Әлия Молдағұловасы” (1954, реж.  Т. Дүйсебаев), Б.Л. Горбатовтың “Әкелердің жастық шағы” (1950, реж. Б. Коврижных), т.б. қойылымдар. Театр сахнасында, сондай-ақ, Құсайыновтың “Біздің Ғани” (1958, реж. В.О. Гасюк пен Қосыбаев), С. Мұқанов пен  А. Сатаевтың “Ботагөз” (1970, реж. Е. Обаев), С. Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлар” (1977, реж. Байсеркенов), И.Ф. Поповтың “Семья” (1959, 1962, реж. Добронравов), Х.Хамзаның “Бай мен кедей” (1962, реж. Хайруллина) сияқты тарихи-әлеум. тақырыптағы шығармалар мен шет ел драматургиясынан У. Шекспирдің “Вероналық екі бозбала” (1949, реж. Сац), “Гамлет” (1980, реж. Байсеркенов), Ф. Шиллердің “Зұлымдық пен махаббат” (1951, реж. С. Естемесова), Н.Хикметтің “Әпенде” (1957, реж. М. Қосыбаев), Б. Брехттің “Әйдік апай және оның балалары” (1968, реж. Мен Дон Ук), Ян Соловичтің “Түмен түрткен тіленші” (1976, реж. Байсеркенов), т.б. пьесалары қойылды. 1960 — 80 ж. халықтың аяулы ардагерлері туралы Ш. Аймановтың “Жас Абай” (Әуезовтің романы бойынша, 1969, реж. Айманов), Ә. Тәжібаевтың “Сағынамын күн сайын” (реж. Мен Дон Ук), Сатыбалдиннің “Ұзақ жол” (1970, реж. В.С. Пұсырманов), Ә. Әлімжановтың “Махамбеттің жебесі”, Мұқановтың “Қашқар қызы” (1971, екеуінің де  реж. Обаев), Құсайынов пен О. Бодықовтың “Әл-Фараби” (1972, реж. Мен Дон Ук), т.б. пьесалар сахналанды. Осы жылдар ішінде театр Мәскеуге үш рет гастрольге барды. 1958 ж. Д. Фурмановтың романы бойынша “Бүліншілік”, Ақынжановтың “Ыбырай Алтынсарин”, В. Коростылов пен М. Львовскийдің “Көрінбейтін Димка” спектакльдерімен бүкілодақтық фестивальге қатысып, 2-дәрежелі дипломға ие болды. 1967 ж. Ш. Құсайыновтың “Алғашқы ұшқындар”, Ш. Айтматовтың “Арманым, Әселім” спектакльдерін алып барып, бүкілодақтық конкурстың 3-дәрежелі дипломы мен ақшалай сыйлығына ие болды. 1971 ж. Тәжібаевтың “Қыз бен солдат” спектаклін апарып, лауреат атанды. Режиссер Мен Дон Ук қойған Құсайыновтың “Алғашқы ұшқындар” спектаклі 1968 ж. Қазақстан комсомолы сыйлығына ие болды (Ғани рөлінде — А. Кенжеков, суретшісі Д. Сүлеев, композиторы М. Қойшыбаев). 1984 ж. Әуезовтің “Алуа” спектакліне (реж. Р. Сейтметов, Алуа — Г. Қазақбаева) Қазақстан Мемл. сыйл. берілді. Театр труппалары репертуарынан қазақ қаламгерлері Қ. Мұхаметжановтың “Қуырдақ дайыны” (1964, реж. Т.Е. Сидоров) мен “Өзіме де сол керек” (1969, реж. Обаев), А. Шамкеновтың “Адасқан қаз” (1965, реж. С. Естемесова),  Б. Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” (1968, реж. М.Бақтыгереев), Т. Ахтановтың “Махаббат мұңы” (1970, реж. Пұсырманов) мен “Күшік күйеуі” (1981, реж. Ж. Хажиев), С. Жүнісовтың “Қызым, саған айтам” (реж. Мен Дон Ук), “Жаралы гүлдер” (1973) және “Қос анары” (1975, екеуінің де реж. Пұсырманов), М Хасеновтің “Қайсар” (1976, реж. Қ. Жетпісбаев) мен “Пай-пай, жас жұбайлар-айы” (1979), Ж.Тәшенов пен И. Саввиннің “Іске сәт, қыздар” (1976, екеуінің де реж. Кенжеков) мен “Студенттері” (1978), Н.Оразалиннің “Шырақ жанған түн” (1977, екеуінің де реж. В.Ф. Ким), Б. Мұқаевтың “Қош бол, менің ертегім” (1979, реж. Байсеркенов); КСРО халықтары  драматуригиясынан Б. Жәкиевтің “Әке тағдыры” (1963), Айматовтың “Алғашқы мұғалім” (1964), “Арманым, Әселім” (1966, үшеуінің де реж. Мен Дон Ук) мен “Бетпе-беті” (1972, реж. Пұсырманов), Р. Ғамзатовтың “Тау қызы” (1964, реж. Хайруллина), М. Кәрімнің “Ай тұтылған түн” (1968, реж. Обаев), А.Е. Макаеноктың “Үкім” (1972, реж. Пұсырманов), М.Байджиевтің “Әр үйде мереке” (1982, реж. Хажиев) мен “Ерте, ерте, ертедесі” (1984, реж. Н. Жақыпбаев), т.б. пьесалар орын алды. Театрда әр жылдары қызмет еткен Қазақстанның халық артистері Б. Қалтаев, К. Қожабеков, Ш. Мусин, С. Саттарова, т.б. театр труппасының қалыптасып, өсу жолына елеулі үлес қосты. 1985 ж. қазақ, орыс труппалары өз алдына жеке театр болып бөлініп шықты. А. Дүйсақова Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том    
09.11.2012 03:47 5280

Соңғы редакциялау:

16 қазан 2012

Балалар мен жасөспірімдер театры — мәдени-сахналық мекеме. 1944 ж. Алматыда реж. Н.И. Сац пен драматург В.С. Розовтың басшылығымен ұйымдастырылған. Театр қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істеді. Алғаш рет қазақ труппасы 1947 ж. 2 ақпанда А. Н. Островскийдің “Мысыққа күнде той бола бермес”, ал орыс труппасы 1945 ж. 7 қарашада Е. Шварцтың “Қызыл телпек” (басты рөлдерде Аққағаз Мәмбетова, Тұрсын Жармұхамедовалар ойнады) спектакльдерін қойды. Театр шымылдығы ресми түрде 1948 ж. 4 шілдеде А.Н. Толстойдың “Алтын кілт” спектаклімен (реж. Сац) ашылды. Жас ұжымның мектеп бағдарламасымен сәйкес алғаш қойған пьесалар мен аңыз-ертегілер инсценировкалары: М. Ақыжанов пен   Қ. Бадыровтың “Алтын сақасы” (1948, реж. Н.В. Молчанов; 1953, реж. С. Шәріпов; 1965, реж. Мен Дон Ук), Ш. Құсайыновтың “Нұрлы тас” (1951) пен “Алдар Көсесі” (1954, екеуінің де реж. А. Тоқпанов), Қ. Сатыбалдиннің “Аягөз аруы” (1954, реж. М. Қосыбаев), Л.В. Соловьевтың “Қожанасыры” (1949, реж. И.С. Барон). Театрда Сац (1947—50), А.Тоқпанов (1950—54), Қосыбаев (1954 — 59), В.И. Добронравов (1959—62), Ғ. Хайруллина (1962—64), Мен Дон Ук (1964—68), В.С. Пұсырманов (1968—76), М.Байсеркенов (1976—82) сынды бас режиссерлермен қатар И.Г. Бальхозин, Э.Д. Гейдебрехт, А.И. Ненашев, Д. Сүлеев, В.В. Теляковский, С. Үмекенов, т.б. театр суретшілері жемісті еңбек етті.

Театр труппалары мектеп пен отбасының байланысы, жастардың жауынгерлік және еңбектегі ерлігі, достық қарым-қатынасы, арман-махаббаты жайлы тәлім-тәрбиелік мәні зор шығармаларды сахнаға шығарды. Олар: М. Иманжановтың “Жас өмірі” (1949, реж. Молчанов), Құсайыновтың “Көктем желі” (1953, реж. Тоқпанов) мен “Есірткен еркесі” (1954, реж. Қосыбаев), Ш. Байжановтың “Әлия Молдағұловасы” (1954, реж.  Т. Дүйсебаев), Б.Л. Горбатовтың “Әкелердің жастық шағы” (1950, реж. Б. Коврижных), т.б. қойылымдар. Театр сахнасында, сондай-ақ, Құсайыновтың “Біздің Ғани” (1958, реж. В.О. Гасюк пен Қосыбаев), С. Мұқанов пен  А. Сатаевтың “Ботагөз” (1970, реж. Е. Обаев), С. Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлар” (1977, реж. Байсеркенов), И.Ф. Поповтың “Семья” (1959, 1962, реж. Добронравов), Х.Хамзаның “Бай мен кедей” (1962, реж. Хайруллина) сияқты тарихи-әлеум. тақырыптағы шығармалар мен шет ел драматургиясынан У. Шекспирдің “Вероналық екі бозбала” (1949, реж. Сац), “Гамлет” (1980, реж. Байсеркенов), Ф. Шиллердің “Зұлымдық пен махаббат” (1951, реж. С. Естемесова), Н.Хикметтің “Әпенде” (1957, реж. М. Қосыбаев), Б. Брехттің “Әйдік апай және оның балалары” (1968, реж. Мен Дон Ук), Ян Соловичтің “Түмен түрткен тіленші” (1976, реж. Байсеркенов), т.б. пьесалары қойылды. 1960 — 80 ж. халықтың аяулы ардагерлері туралы Ш. Аймановтың “Жас Абай” (Әуезовтің романы бойынша, 1969, реж. Айманов), Ә. Тәжібаевтың “Сағынамын күн сайын” (реж. Мен Дон Ук), Сатыбалдиннің “Ұзақ жол” (1970, реж. В.С. Пұсырманов), Ә. Әлімжановтың “Махамбеттің жебесі”, Мұқановтың “Қашқар қызы” (1971, екеуінің де  реж. Обаев), Құсайынов пен О. Бодықовтың “Әл-Фараби” (1972, реж. Мен Дон Ук), т.б. пьесалар сахналанды. Осы жылдар ішінде театр Мәскеуге үш рет гастрольге барды. 1958 ж. Д. Фурмановтың романы бойынша “Бүліншілік”, Ақынжановтың “Ыбырай Алтынсарин”, В. Коростылов пен М. Львовскийдің “Көрінбейтін Димка” спектакльдерімен бүкілодақтық фестивальге қатысып, 2-дәрежелі дипломға ие болды. 1967 ж. Ш. Құсайыновтың “Алғашқы ұшқындар”, Ш. Айтматовтың “Арманым, Әселім” спектакльдерін алып барып, бүкілодақтық конкурстың 3-дәрежелі дипломы мен ақшалай сыйлығына ие болды. 1971 ж. Тәжібаевтың “Қыз бен солдат” спектаклін апарып, лауреат атанды. Режиссер Мен Дон Ук қойған Құсайыновтың “Алғашқы ұшқындар” спектаклі 1968 ж. Қазақстан комсомолы сыйлығына ие болды (Ғани рөлінде — А. Кенжеков, суретшісі Д. Сүлеев, композиторы М. Қойшыбаев). 1984 ж. Әуезовтің “Алуа” спектакліне (реж. Р. Сейтметов, Алуа — Г. Қазақбаева) Қазақстан Мемл. сыйл. берілді. Театр труппалары репертуарынан қазақ қаламгерлері Қ. Мұхаметжановтың “Қуырдақ дайыны” (1964, реж. Т.Е. Сидоров) мен “Өзіме де сол керек” (1969, реж. Обаев), А. Шамкеновтың “Адасқан қаз” (1965, реж. С. Естемесова),  Б. Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” (1968, реж. М.Бақтыгереев), Т. Ахтановтың “Махаббат мұңы” (1970, реж. Пұсырманов) мен “Күшік күйеуі” (1981, реж. Ж. Хажиев), С. Жүнісовтың “Қызым, саған айтам” (реж. Мен Дон Ук), “Жаралы гүлдер” (1973) және “Қос анары” (1975, екеуінің де реж. Пұсырманов), М Хасеновтің “Қайсар” (1976, реж. Қ. Жетпісбаев) мен “Пай-пай, жас жұбайлар-айы” (1979), Ж.Тәшенов пен И. Саввиннің “Іске сәт, қыздар” (1976, екеуінің де реж. Кенжеков) мен “Студенттері” (1978), Н.Оразалиннің “Шырақ жанған түн” (1977, екеуінің де реж. В.Ф. Ким), Б. Мұқаевтың “Қош бол, менің ертегім” (1979, реж. Байсеркенов); КСРО халықтары  драматуригиясынан Б. Жәкиевтің “Әке тағдыры” (1963), Айматовтың “Алғашқы мұғалім” (1964), “Арманым, Әселім” (1966, үшеуінің де реж. Мен Дон Ук) мен “Бетпе-беті” (1972, реж. Пұсырманов), Р. Ғамзатовтың “Тау қызы” (1964, реж. Хайруллина), М. Кәрімнің “Ай тұтылған түн” (1968, реж. Обаев), А.Е. Макаеноктың “Үкім” (1972, реж. Пұсырманов), М.Байджиевтің “Әр үйде мереке” (1982, реж. Хажиев) мен “Ерте, ерте, ертедесі” (1984, реж. Н. Жақыпбаев), т.б. пьесалар орын алды. Театрда әр жылдары қызмет еткен Қазақстанның халық артистері Б. Қалтаев, К. Қожабеков, Ш. Мусин, С. Саттарова, т.б. театр труппасының қалыптасып, өсу жолына елеулі үлес қосты. 1985 ж. қазақ, орыс труппалары өз алдына жеке театр болып бөлініп шықты.

А. Дүйсақова
Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға