Жаңалықтар

Елордада әлемнің жас дарынды музыканттары өнер көрсетуде

Мамырдың мамыражай күнінде Астана классикалық музыка әуезіне тербелді. Бүгінде бас қалада 10-16 мамыр аралығына жоспарланған  І  классикалық музыка фестивалі аясында "Astana Piano Passion" халықаралық жас пианистер байқауы өтіп жатыр.Ұйымдастырушылары Астана қаласының әкімдігі мен "Accordi di Astana" қоғамдық қоры, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты.    Айта кету керек, байқаудың іріктеу турына әлемнің 20 мемлекетінен, 60 қаладан 130-ға жуық дарынды өнерпаз қатысқан. Бүгінде ересек  топ, орта топ және кіші топ бойынша үздіктердің үздігі іріктеліп алынып, ақтық сынға жолдама алғандардың есімдері белгілі болды.   Байқау – жас музыканттардың рухани байлығын дамытып, классикалық фортепиано музыкасын насихаттап, өнер жолындағы алғашқы баспалдақтың қалануына жол ашуды мақсат етеді. Жобаның көркемдік жетекшісі және қазылар алқасының төрағасы – Ресейдің халық артисі Денис Мацуев. Сондай-ақ, Жәния Әубәкірова, Төлеген Мұхамеджанов, Павел Нерсесьян (Ресей), Валерий Пясецкий (Ресей), Джон О’Коннор (Ирландия), Мириан Дауэльсберг (Бразилия) сынды классикалық музыканың һас шеберлері  қатысушылардың өнеріне баға береді. Сонымен қатар қазылар алқасы мүшелері жеке концерттерін беріп, шеберлік дәрісін өткізіп, өз тәжірбиелерімен бөлісуде.Байқауда жас пианистерге 1, 2 және 3 орын лауреаты атағы беріліп, 4 және 5 орын иелері дипломант атанады. Ал, бас жүлде Гран-приге -50 000 АҚШ доллары сыйақы тағайындалып отыр. 
13.05.2013 12:26 3254

Мамырдың мамыражай күнінде Астана классикалық музыка әуезіне тербелді. Бүгінде бас қалада 10-16 мамыр аралығына жоспарланған  І  классикалық музыка фестивалі аясында "Astana Piano Passion" халықаралық жас пианистер байқауы өтіп жатыр.Ұйымдастырушылары Астана қаласының әкімдігі мен "Accordi di Astana" қоғамдық қоры, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты. 

 

Айта кету керек, байқаудың іріктеу турына әлемнің 20 мемлекетінен, 60 қаладан 130-ға жуық дарынды өнерпаз қатысқан. Бүгінде ересек  топ, орта топ және кіші топ бойынша үздіктердің үздігі іріктеліп алынып, ақтық сынға жолдама алғандардың есімдері белгілі болды.
 
Байқау – жас музыканттардың рухани байлығын дамытып, классикалық фортепиано музыкасын насихаттап, өнер жолындағы алғашқы баспалдақтың қалануына жол ашуды мақсат етеді. Жобаның көркемдік жетекшісі және қазылар алқасының төрағасы – Ресейдің халық артисі Денис Мацуев. Сондай-ақ, Жәния Әубәкірова, Төлеген Мұхамеджанов, Павел Нерсесьян (Ресей), Валерий Пясецкий (Ресей), Джон О’Коннор (Ирландия), Мириан Дауэльсберг (Бразилия) сынды классикалық музыканың һас шеберлері  қатысушылардың өнеріне баға береді. Сонымен қатар қазылар алқасы мүшелері жеке концерттерін беріп, шеберлік дәрісін өткізіп, өз тәжірбиелерімен бөлісуде.Байқауда жас пианистерге 1, 2 және 3 орын лауреаты атағы беріліп, 4 және 5 орын иелері дипломант атанады. Ал, бас жүлде Гран-приге -50 000 АҚШ доллары сыйақы тағайындалып отыр. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға