Егемен Қазақстан республикасының демографиялык дамуы (тарихи-демографиялық талдау)

Соңғы редакциялау:

30 қазан 2012

Егемен Қазақстан республикасының демографиялык дамуы (тарихи-демографиялық талдау)

КСРО ыдырағаннан кейін құрамындағы республикалар өз тәуелсіздіктеріне ие болды. Осының нәтижесінде күрделі демографиялық өзгерістер мен көші-қон толқындары пайда болды. Мұндай жағдайды егеменді еліміз – Қазақстан Республикасы да бастан кешірді. Бұл кезеңдегі демографиялық процестердің негізгі ерекшелігі – халықтардың жалпы санының кемуі, өлімнің көбеюі, бала туудың азаюы осының  нәтижесінде табиғи өсімнің құлдырауы. Осы келең алған теріс бағыттарға қоса, республикадан алыс және жақын жерлерге бағыт алған көші-қон толқындарының кең өрістеуі де халық санын күрт төмендетіп жіберді. Қазақстан халқы Ресейге бодан болғаннан бастап, Кеңес заманында да негізінен сырттан келген келімсектер көші-қон нәтижесінде өсті.

Қазақстан бұрынғы КСРО құрамындағы мемлекеттер арасында халықтың саны жағынан Ресей, Украина, Өзбекстаннан кейінгі төртінші орынды иеленеді, ал территориясы бойынша Ресейден кейінгі екінші орында.

Қазақстан  2724,9 мың шаршы километрге тең кең байтақ аумақты алып жатса да, халық аз қоныстанған ел болып табылады. Бірінші Ұлттық санақ деректеріне сәйкес, халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге небәрі 5,5 адамды құрады. Қазақстан халқына 14 әкімшілік-аумақтық бірліктер (облыстар) бойынша біркелкі орналаспау тән. Қала және қала секілді поселкалар саны - 284. Халқының тығыздығы 1 шаршы километрге 16,9 адамнан келетін Оңтүстік Қазақстан облысы халқы ең тығыз орналасқан аумақ болып табылса, Маңғыстау облысында халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге 1,9 адамды құрады. 1997 жылы Қазақстан Республикасында ауылдық аудандар мен әкімшілік аумақтардың шекарасын өзгерту туралы реформа жүргізілді, соған сәйкес республикадағы 19 облыс 14 облыс болып қайта құрылды [1].

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде халқымыздың  демографиялық және әлеуметтік дамуы да ірі-ірі бетбұрыстар мен күрделі өзгерістерге ұшырады. 

Қазақстандағы 16 млн. халықтың аймақтық орналасу ерекшеліктері әртүрлі еді. Республика халқының 45,2% Оңтүстік аймақта, 23,0% - Солтүстік аймақта, 14,4% - Батыс, 8,9% - Шығыс, 8,5% - Орталықта өмір сүреді. Оңтүстік аймақ тұрғындары үлесі 1989-2009 жж. 6,9%, ал адам саны 15,9% (яғни 935 мың) өсті. Солтүстіктің 4 облысы тұрғындары саны 1 млн 114 мыңға азайды, тек Астана тұрғындары 358 мыңға көбейіп, аймақ үлесі 4,1% кеміді. Сол сияқты, Шығыс және Орталық аймақтардың тұрғындары да азая түсті: олардың үлесі тиісінше 10,9%-дан 9,0%-ға, 10,8%-дан 8,5%-ға дейін төмендесе, тұрғындар саны тиісінше 19,8% және 22,7%-ға азайды. Батыста, Оңтүстік сияқты, үлесі 13,0%-дан 14,4%-ға көтеріліп, тұрғындар саны 7,0%-ға көбейді [2].

20-жылдың ішінде халық саны қайта қалыптасып, бұрынғы деңгейіне келуі табиғи өсім мен көші-қон процестерінің оң бағыт алуының нәтижесі болды.  Көші-қон процестері де әртүрлі, қарама-қайшылықтарға толы кезеңдерді басынан өткізді. Кеңес өкіметі дәуірі соңында, 1970-1980 жж. басталған теріс айырым (сальдо-келгендерден кеткендердің көптігі) тәуелсіздік жағдайында – 13 жылдай (1991-2003 жж. арасында) күрт көтеріліп кетті, оның шыңы 1994 ж. болып, теріс айырым 406,6 мыңнан асып түсті, жалпы осы 13 жылдың ішінде еліміз тек көші-қонның өзінен 2 108,5 мың адамы кеміп қалды [3].

Кеткендер ең алдымен европалық этнос өкілдері, оның ішінде әсіресе орыс, украин мен белорустар және немістер өз тарихи отандарына қайта оралды. Тек 1993-2004 жж. арасында көші-қон теріс айырымында орыстар саны 1 206,7 мың, немістер 531,2 мың, украиндер 177,5 мыңға дейін жетті. Жалпы 1991-2009 жж. теріс айырым бойынша 2 млн. 058 мың адам шетелдерге кетсе, соның басым көпшілігі Ресей мен Германияға барды, олардың 1 370 мыңы орыстар, 690,1 мың немістер, басқа ұлт өкілдері – 398,7 мың еді [4]. Дегенмен көші-қонның да оң нәтижелері де болды – ол шетелдерге ауып кеткен отандастарымыздың өз еліне қайта оралуы еді. Бұл толқынмен келген оралман бауырларымыз Кеңес өкіметі дәуірінде аштық пен қуғын-сүргінге ұшырап, ауа көшкендер мен солардың ұрпақтары болатын. Жалпы тәуелсіздік жылдары ресми мәлімет бойынша 750 мыңдай қазақ өз Отанына оралды, оған еңбек етуге және оқуға келгендерді қоса есептесек, 1 млн-дай қазақ қайта оралған екен. Сөйтіп, көші-қон процестерінің қайта қалпына түсуі еліміздегі халық санының бұрынғы деңгейіне жетуіне әсер етті.

Қазақстан республикасында жүзден аса ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттер қатарындағы бірден-бір мемлекет Қазақстан Республикасы өзінің территориясындағы барлық ұлт өкілдерінің тілінің, мәдениетінің дамуына ерекше көңіл бөліп отырған ел. Оны біз кейінгі санақ қорытындыларынан да көре аламыз. Бізде барлық ұлт өкілдерінің өз тілінде білім алуына мүмкіндіктер жасалған, әр ұлт өкілінің мәдени орталықтары бар, Қазақстанда өмір сүріп жатқан аз ұлттардың Ассоцациясы құрылған. Көп ұлтты Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бастап бір ұлт өкіліндей ел экономикасын дамытуға үлес қосуда.

Көші-қон процестердің әсерінен Қазақстандағы көп ұлттың  құрамы үнемі артып отырды: егер 1920 жылы 30 халықтың өкілі тіркелсе, 1970 жылы 114, ал 1986 жылы 120 болды.  Ал қазіргі кезеңде елімізде ресми деректер бойынша 130 ұлттар мен ұлыстар тұрады. Олардың ішінде 8 ұлт өкілдері: қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар және беларустар – саны жағынан көп болып табылады, олардың үлесіне елдегі барлық халықтың 95,7% келеді.

1-кестеде көрсетілгендей, ұлттық құрамның күрт өзгеруі ең алдымен қазақтардың үлесі көбейгені мен европа ұлт өкілдерінің азаюынан көрініс тапты. Қазақтар 1989 ж. 40,1% болса, 1999 ж. – 53,5%-ға, ал 2009 ж. – 63,1%-ға жетті, яғни осы 20 жыл ішінде олардың үлесі 23,0%-ға өсті, саны 6 млн 496 мыңнан 10 млн 96 мыңға жетіп, 3 млн 600 мыңға өсті, яғни 55,4%-ға көбейді [5].

1-кесте Қазақстан республикасының ұлттық құрамы

Ұлттар

мың адам

үлесі, пайызбен

санақ қорытындысы бойынша

 

санақ қорытындысы бойынша

1989 ж.

1999 ж.

2009 ж.

1989 ж.

1999 ж.

2009 ж.

Барлығы

16199154

14953126

16009597

100

100

100

қазақтар

6496858

7985039

10096763

40,1

53,5

63,1

орыстар

6062019

4479620

3793764

37,4

29,9

23,6

украиндар

875691

547054

333031

5,4

3,7

2,1

өзбектер

331042

370663

456997

2,0

2,5

2,8

немістер

946855

353441

178409

5,9

2,4

1,1

татарлар

320747

248894

204229

2,0

1,7

1,3

ұйғырлар

181526

210365

224713

1,1

1,4

1,4

беларустар

177938

111927

66476

1,1

0,8

0,4

корейлер

100739

99665

100385

0,6

0,7

0,6

азербайжандар

88951

78295

85292

0,6

0,5

0,5

тү