Асанқайғы

Асанқайғы (Сәбитұлы Асан - ХҮғ.) - ұлы философ, ақын өмірбаянытуралы нақты деректер тым аз. Еділ бойында туған. Әкесі саятшы болған.Алтын Орда ханы Ұлұғ-Мұхамедтің, Қазақ хандығы құрылған тұста -  Жәнібек ханның кеңесшісі (биі) болған. Оның «Жерұйық» іздеу идеясы — баршаға жайлы һәм әділетті қоғам орнату жөніндегі адамзаттық аңсарымен үндес әлеуметтік-саяси әрі философиялық ұлы идея. А. ойларының енді бір өзегі — адам мен қоғам, табиғат пен тіршілік тақырыбы. Ел билеушіге қарата айтылған сөздерінде өмірдің ащы шындығын ашық жайып салады.

 

Арғымаққа міндім деп артқы топтан адаспа.
Сабырлық туралы
 
Бұ заманда не ғаріп - ақ қалалы боз ғаріп, жақсыларға айтпаған асыл шырын сөз ғаріп.
Мемлекет, қоғам, заман туралы
 
Әділдіктің белгісі - біле тұра бұрмаса, ақылдының белгісі - өткен істі қумаса.
Әділдік туралы
 
Есеніңде-тіріңде бір болыңыз бәріңіз.
Ынтымақ-бірлік, татулық туралы
 
Атадан алтау тудым деп - асқынып жауап айтпаңыз,
Атамның малы көп-ті деп - атты басқа тартпаңыз.
Ынтымақ-бірлік, татулық туралы
 
Ғылымның қандай пайдасы - білместі жолға салмаса.
Ғылым-білім,өнер туралы
 
Ердің құны сөз емес есебін тапқан сабазға,
Мойның бұрып сөз айтпас көңілі қалған аразға.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
 
Еділ бол да, Жайық бол - ешкімменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе - жаныңды аяп тұрыспа.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
 
Ақың болса біреуде, айыбын тап та ала бер: ерегісіп ұрыспа, жөн болса да, атың шықпас дұрысқа.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
 
Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін, қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін, санасы жоқ жамаңдар ел қадірін не білсін.
Қадір-қасиет туралы
 
Көшіп-қонып көрмеген - жер қадірін не білсін, көшсе қона білмеген, қонса көше білмеген, ақылыңа көнбеген - жұрт қадірін не білсін?!
Қадір-қасиет туралы
 
Мінезі жаман адамға - енді қайтып жуыспа,
Тәуір көрер адаммен - жалған намыс қуыспа.
Мінез-құлық туралы
 
Арғымағың жамандап- тұлпар қайдан табарсың,
Тұйғьныңды жамандап - сұңқар қайдан табарсың.
Қанағат-рақым туралы
 
Көлдің суын жамандап - Еділ қайдан табарсың,
Әкіміңді жамандап - әділ қайдан табарсың,
Өз барыңды жамандап - асыл қайдан табарсың.
Қанағат-рақым туралы
 
Ақ тоныңды жамандап - атлас қайдан табарсың,
Өз басыңды зорайтып - теңдес қайдан табарсың.
Қанағат-рақым туралы
 
Бақыт қонған ерлердің әрбір ісі оң болар,
Дәулеті күнге артылып, не қылса да мол болар.
Бақыт туралы
 
Күніңде өзім болдым деп - кең пейілге таласпа,
Артық үшін айтысып - достарыңмен санаспа.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
 
Ғылымым жұрттан асты деп кеңессіз іс бастама,
Жеңемін деп біреуді өтірік сөз қостама.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
 
Қадірін жеңге білмесе - бой жеткенмен қыз ғаріп,
Замандасы қалмаған қария болар - шын ғарып.
Пайдасыздық, керексіздік туралы
 
Ата жұрты, бұқара өз қолыңда болмаса,
Қанша жақсы болса да, қайратты туған ер ғаріп.
Пайдасыздық, керексіздік туралы
 
Надандықтың белгісі - тілін алмау білгеннің.
Надандық, ақымақтық туралы
 
Шамаңша шалқып жүре бер - қабірге әзір қоймаса,
Артыңда қалар атақ жоқ - тіріде даңқың болмаса.
Пайдасыздық, керексіздік туралы
 
Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы