Жаңалықтар

ХХ ғасырда Қытайдан қайтқан қазақтар тарихына орай

Соңғы редакциялау: 30 қазан 2012 ХХ ғасырда Қытайдан қайтқан қазақтар тарихына орай   Қазақтардың көші-қоны тарихы – өзектілігін жоймайтын тақырып. ХХ ғасырда көші-қон қазақ ұлтының тағдырында шешуші рөл атқарды: қазақтар ғасыр басында туған жерінен сыртқа үдере көшуге мәжбүр болса, ғасыр соңында тарихи отанына қайта оралу үдерісі орын алды. Ықылым заманнан қоныстанған жерлерінен құнарсыз, шөлейтті жерлерге ығыстырылған қазақтың бір бөлігі XIX ғ. соңында-ақ Қытаймен шекаралық соқпақ-асуларды екі жақты көшіп-қону жолдарына айналдырған болатын. Осы жолдар қазақтардың Қытайға қашуының да, елге қайта оралуының куәгерлері болды. Сонымен бірге, шетелге кеткен қазақтардың тарихи отанына қайту шараларының ғасыр бойы жалғасқаны белгілі. Жалпы алғанда, ХХ ғасырдағы қазақтардың Қытайдан қайта оралуы төрт дүркін жүзеге асты деп есептейміз: Алғашқы легіне – 1916 ж. көтерілістен соң жазалаудан қашып, Шығыс Қытайға өткен қандастарымыздың 1917-1925 жж. елге қайтып оралуын жатқызамыз. 1917 ж. Уақытша үкіметтің бастамасымен Қытайдағы қазақтарды қайтару шаралары жүргізілді. Орыс билігі Шыңжаң губернаторы Ян Цзэнсиньнен «Қытайда тұрып жатқан 19-31 жас арасындағы дүнген, тараншы, қазақтар мен басқа да бұратаналарды» тез арада қайтаруды талап етті. Қазақ және қырғыз босқындарын қайтарған жағдайда оларды амнистиялау туралы келісімге қол қойылды. М. Тынышпаевтың есебі бойынша 1916 ж. Жетісу облысының 44 болысында тұратын 47759 түтіннің 40250-і, яғни, 201250 адам Қытай жеріне босқыншылықпен барған. Барғандардың 95200-і ашаршылықтан, суықтан және басқа түрлі себептерге байланысты қырғынға ұшыраған. Босқындардың кейін оралғандары 69 мың, ал, Қытай жерінде қалғандары 12 мың адам [1]. Шамамен, 1916 ж. кеткен қазақтар саны 400 мың адамдай (7-8 %). Кеткен қазақтардың қайта оралуында ерекше рөл атқарған сол кездегі Мемлекеттік Думаның мүшелері Мұқамеджан Тынышбайұлы, Уақытша Үкіметтің Түркістандық комитетінің төрағасы Орест Авенирович Шкапский, Мұстафа Шоқай, Санжар Асфендияровтар болды. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейінгі Уақытша өкіметтің  Шыңжанды паналаған қазақтарды қайтару шараларының нәтижесінде қазақтар Шығыс Түркістаннан туған жеріне қайтты. 1917 ж. сәуір-мамыр айларында ғана Қытайдан қайтқандар саны 120 мың болды. Профессор Ж. Қасымбаевтың «Қытайға кеткен қазақтардың қайта оралуы» [2] мақаласында келтірілген 1917 ж. тамыздағы М. Тынышбаевтың есебінде Қытайдан келген және әлі де келетін қазақтарды орналастыру ісіне ерекше қарау керектігі айтылған. 1917 ж. соңына қарай 160 мыңдай қазақ Қазақстанға репатриацияланды. Бірақ, Қытайдан келгендердің толық саны анық емес. Осы жерде айта кетер жайт, 1897-1917 жж. ішінде қазақтар небары 224 мың адамға (6,8 %-ға) өссе, соның ішінде, 1915-1917 жж. 590,1 мыңға кеміді. Кеңес өкіметінің орнауы мен Қазақстандағы азамат соғысы қазақтардың отанынан сыртқа көші-қонының жаңа толқынын тудырды. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншушы жазалау отрядтарынан сыртқа қашқан халықтың көші-қоны 1917-1918 жж. Түркістан Республикасын жайлаған аштық пен көп ұзамай 1921-1922 жж. Қазақстан аумағын түгел қамтығын ашаршылықтан туындаған стихиялы көші-қонмен ұласты. Ұлы Қазан төңкерісінен соң көп ұзамай қазақтар шағын топтармен Қытай шекарасынан Құлжа, Тарбағатай таулары мен Іле өлкесі маңайында малдарын айдап өтіп, көпшілігі Шыңжаңдық Алтай мен Іле өлкесінде қалды. Осы жылдары жекелеген топтар болып, қайтқан қазақтар жайлы мәліметтер кездеседі [3] Кеңес өкіметі орнағаннан соң Қытайға кеткен қазақтарды қайтаруға байланысты жұмыстар жалғастырылды. Мысалы, 1918 ж. 25 қаңтардағы Қашқардағы Ресей консулдығының Жетісу облыстық комиссарына берген мәлімдемесінде Қытайдағы қазақтардың жай-күйі, толық болмағанымен саны жайлы, қазақ-қырғыздарды қайтаруға байланысты хабарнамалар беріледі [4]. Қазақтардың туған отанына қайтару ХХ ғ. 20-жылдары жалғасын тапты. 1925 жылы 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыстарына қатысқандарды жазалау экспедициясының әскери қимылдарынан қашқандар, кеңес өкіметінің қысымына, 1921-1922 жж.  ашаршылыққа шыдамағандар мен ашаршылықтан қашып, шетке өтіп кеткен отандастарымыздан қайта келгендердің есебін алу, Қытайға кеткен қазақ босқындарын қайтару шаралары жүргізіледі[5]. 1925 ж. 27 тамызында Қазақ АКСР-нің Орталық Атқару комитеті барлық губернияларға 1916-1918 жж. Қытайға қашқандардың саны мен жағдайларын анықтау мақсатында арнайы хат жібереді. Осы хатқа 8 мамыр 1926 ж. жауабында Сырдария губерниялық атқару комитетінің төрағасы Мұстамбаев пен істер жөніндегі басқарушы Фоминнің берген жауабы бойынша «губернияда 1916-1918 жж. Қытайға қашқандар және қайта келгендер жоқ. Оған уездерден келген мәлімдемелер дәлел болады» [6]. Бұл жылдардағы кеңес үкіметінің қазақтарды қайтару шаралары мардымсыз болды Екінші рет қазақтардың Қытайдан оралуы кеңес дәуірінің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси келеңсіздіктердің тұрғылықты халықтың бас сауғалап көрші аймақтар мен елдерге жаппай көшуіне байланысты дейміз. 1930 ж. басы мен 1931 ж. ортасына дейін Қазақстан аумағынан 281230 шаруа шаруашылықтары сыртқа, негізгі бөлігі Қытайға, Иранға және Ауғаныстанға көшіп кетті. Барлығы ашаршылық жылдары республикадан 1130 мың адам кетті, олардың 676 мыңы қайтпай қалды, 454 мыңы кейінірек Қазақстанға қайта оралды. Ірі көтерілістерге қатысқаны үшін 1929-1931 жж. ОГПУ органдары арқылы 5551 адам жазаға тартылды, оның 883-і атылды [7, с. 14]. 1929-1933 жж. ашаршылықтан босқан қазақтарды қайтару шараларына қазақ зиялылары ерекше мүдделілік танытты.  Исаевтың арнайы комиссиясы 1932 ж. 25 сәуірде көшіп кеткендерді қайта қайтарып, орналастыру ісімен айналысты. 1932 ж. 31 наурызда Өлкелік партия комитетінің бюросы өзінің №97 хаттамасымен «Қоныстарынан ауа көшкен кедейлер, орташалар қожалықтарын қайтаруды және Қазақстанның өз ішінде орналастыруды ұйымдастыру туралы» арнайы қаулы қабылдайды. Сол жылдың 27 сәуірінде Қазақ АКСР ХКК көшіп кеткен шаруашылықтарды қайта қайтару және оларды орналастыру жөніндегі жоспарын бекітті [8]. Бекітілген жоспар бойынша шет аймақтарға арнаулы өкілдер жіберіп, 35 мыңдай шаруашылықты елге қайтарып, орналастыру жоспарланды. 1932 ж. 7 тамыздағы №58 қаулысында ауа көшкендер мәселесін отырықшыландыру ісімен қатар жүргізу керектігіне назар аударылды [6]. 1932 ж. өз бетімен көшіп келгендерді қоса есептегенде 75670 шаруашылық қайтарылды. 1929-1933 жж. ашаршылық кезінде республикадан өзге жерге кеткен көші-қоншылардың (откочевники) кері қайтуын реттеу және ұйымдастыру үшін Қазақ АКСР ХКК-нің №320/12 қаулысымен 1933 ж. 17 сәуірінде Қазақ АКСР ХКК жанынан арнайы комиссия құрылады [9]. 1935 ж. желтоқсан айында сыртқа кеткен қазақ шаруашылықтарын қайта оралтуды жүзеге асыруға байланысты 1936 ж. атқарылатын шаралар нақтыланды. Қазақ зиялылары облыстар мен өлкелерде қайта оралатын қазақтардың қоғамдастырылған мүлкін қайтарып беруге міндеттейтін шешімдер қабылдаттыруға күш салды: оралушыларды ауыл шаруашылық және басқа да алым-салық түрлерінен босату; қоныс аударушы шаруашылықтарды орналастыру мен малмен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүргізу; Қазақстанға қайта оралатын шаруашылық санын шамамен анықтау; қазақтар барып паналаған облыстар мен өлкелерге олардың қайта оралуын ұйымдастыратын бригадаларды жіберу; қайтару шаралары үшін мемлекеттік және жергілікті бюджеттен қаржы бөлдіру; қайта оралушыларды отырықшыландыру мәселесін аудан басшыларымен шешу; қайтаруды отырықшыландыру жоспарымен байланыстыру көзделді. 1935 ж. 14 желтоқсандағы Егіншілік ХКК-нің Отырықшыландыру және қоныс аудару бөлімінен Қаратаевтың қол қойған мәлімдемесінде Қазақстаннан сырт жерлерде жүрген және Қазақстанның аудандарына қоныстанғысы келетін 25085 қазақ шаруашылығы көрсетілді. Көрші республикалардағы қазақтарды қайтару үшін жасақталған бригадаларды: Волга бойына – Ғылым комиссариатынан Мендешов, Досқалиев; Өзбекстан мен Тәжікстанға – Бас арбитраж Байдаулетов пен Сатыгулов; Қырғызстанға – Жер Халық комитетінен О. Карибаев пен Х. Қаратаев;  Сібірге – Юстиция Халкомынан К. Юсупбеков пен ХКК-нен П. Биттеев; Қарақалпақстан мен Түркменияға – Әлеуметтік қамсыздандыру Халкомынан Абдрахманов, Бақшашарап трестінен Жанұзақов, Алматы облыстық жер басқармасынан Адамов басқарып барды. 1935-1936 жж. көрші республикалардағы қазақ шаруашылықтарын қайта көшіріп әкелу шаралары нәтижесінде, мысалы, Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы Жандосовтың 1935 ж. 22 желтоқсанда Қазақ ОАК төрағасы Құлымбетовқа жазған баяндама хаты бойынша облысқа 279 шаруашылық ұйымдасқан түрде және 474 шаруашылық өз бетінше қайта оралған. Одан бөлек, Қырғыздың Ыстықкөл ауданынан, Батыс Сібір өлкесінен және Барнаул қаласынан, Риддер Рубцовка құрылысынан шаруашылықтар қайтарылды. Соның ішінде, Қытайдан 200 шаруашылықтың қайтқандығы айтылады [10] Осы жылдары қазақтардың тарихи отанына оралуының екінші толқыны жүрді. Қайта оралған шаруашылықтар ұжымшарлар мен кеңшарларға, өнеркәсіпке орналастырылды. Шетке кеткен қазақтардың қайта оралу үдерісі соғыс алдындағы жылдарға дейін жалғасып, біртіндеп тоқтады. ХХ ғасырдағы ата жұртқа оралудың үшінші, ал кеңестік дәуірдегі екінші ірі толқыны 1950-1960 жылдары жүзеге асты. 1954-1955 жж. «кеңес азаматтары» деп аталатын контингент есебінен Қытайдан қазақтар қайтты. 1950-жж. ортасында КСРО-ның саяси өміріндегі «жылымық» жылдарында шет елдерден бауырларымыздың бір бөлігі Отанына қайтты. Екі ел арасында кеңес азаматтарын қайтару туралы арнайы келісім болған жоқ. Бірақ, 1954 ж. КСРО мен Қытай арасында қарым-қатынас туралы жасалынған 10 жылдық келісім-шарт «кеңес азаматтарының» КСРО-ға қайтуына жол ашты. Сонымен бірге, КСРО Министрлер кеңесі 1954 ж. 16 сәуірде № 751-329 ерекше құпия жарлығы бойынша маусым-тамыз айларында Қытай Халық Республикасындағы «кеңес азаматтарын» тың жерлерді игеруге көшіру туралы, 1955 ж. 17 қыркүйекте №1701 «Шекарадан тыс жерлердегі кеңес азаматтарын репатриациялау және оларды КСРО-да еңбекпен қамту» туралы қаулысын қабылдайды. Осы қаулылар негізінде Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы мен т.б. аудандарынан қазақ, ұйғыр, дүнген, орыстар қайта оралады. Ресми құжаттарда олар шартты түрде «кеңес азаматтары» деп аталады. Оның себебі: 1945 ж. қаңтарда Шығыс Түркiстан ислам жұмхұрияты (республикасы) құрылғаннан соң, Қытайда 1930-жж. Үрiмшi, Құлжа, Шәуешек, Алтай және Қашқардағы кеңес консулдықтарының жанынан құрылған «Кеңес мұғаджарлар қоғамының» өкiлдерi мен сенiмдi адамдары (агенттерi) Кеңес Одағына қайтамын деген адамдарға кеңес азаматтарының паспортын үлестiрген. Олардың арасында 1916-1933 жж. арасында 1916 ж. ұлт азаттық көтеріліс, «кеңестiк тазалау», «бай-кулактарда тазалау» және ашаршылықтар кезiнде Қазақстаннан қашқан қазақ, ұйғыр, дүнген,  өзбек, орыс және т.б. ұлт өкілдері болды. Олардың шекарадан өткендiгi туралы белгiсi бар-жоқтығына қарамастан, тууы туралы куәлiгiн алып кеткендердi сол құжат негiзінде, ал, құжаты жоқтарды тiлегi бойынша «кеңес азаматы» деген тiзiмге тiркедi. Сонымен бiрге, КСРО-дан бармағанымен КСРО-ға, Қазақстанға кетемiн дегендерге де мөрi басылған Кеңес Одағы азаматының паспортын берген. Тiптi, паспорттарды қоржынға салып жүрiп, кез-келген жерде үгiтке ерген адамдарға үлестіріп, «кеңес азаматы» ретінде тiзiмге алған оқиғалар да кездескен. Осылайша Қытай жерінде пайда болған «кеңес азаматтары» деген контингент 1955 ж. Қазақстанға қайта бастады [11, 91-б]. 1955 ж. Қытайдан келген «кеңес азаматтарын» қабылдау арнайы тәртіппен жүргізілді. Олар Хоргос станциясынан Сарыөзекке жіберіліп, одан ары қарай Іле, Аягөз және Отпор станциялары жанынан құрылған 3 қабылдау-бөлу пункттері арқылы қабылданды. Әрбір қабылдау-бөлу пунктін ауыл шаруашылығы, кеңшар және құрылыс пен көлік министрліктерінің одақтық және республикалық көлемдегі өкілдері басқарды. Оларға көмекші ретінде әрбір облыс орталықтары мен аудандардан есепшілер мен техникалық қызметкерлер бөлінді. Қабылдау арнайы жоспар мен график бойынша жүргізілді. Барлық пункттерде сауда орындары ашылып, дәрігерлік және мәдени қызмет көрсету ұйымдастырылды. Көшіп келген «кеңес азаматтарына» көмек ретінде: отбасы басшысына 3000 сом, мүшелеріне 600 сомнан қайтарылмайтын көмек ақша берілді. Әрбір отбасы мемлекеттік банкіден жеке үй құрылысы үшін 15 мыңға дейін, мал сатып алу үшін 3 мың сом көлемінде несие алуға құқылы болды. Сонымен, 1955 ж. тікелей өзіне қатысты мәліметтерді саралар болсақ, Қазақстан кеңшарларына 240 отбасы (39467 адам, соның iшіндегi еңбекке жарамдысы 13508 адам) көшiп келдi. Сондай-ақ, ұжымшарларға қоныс аударған «кеңес азаматтарының» саны 2529 отбасы (16016 адам, оның 8407-сi еңбекке жарамды, 1261-і еңбекке жарамсыздар мен қарт кiсiлер, 8 жасқа дейiнгi балалар – 3835 адам, 8 жас пен 16 аралығындағы балалар – 2515 адам) болды [11, 18-б]. Қытайдан келген «кеңес азаматтары» негiзiнен, жұмыс қолы жеткiлiксiз және мал шаруашылығымен айналысатын Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының ұжымшар, кеңшарларына жiберiлдi. Сол сияқты, құрылыс пен көлік салалары бойынша да орналасты. Қоныс аударушыларды қабылдаған шаруашылық басшылары жылы қабақ танытып, оларды жұмыс орындарымен, қолайлы баспанамен қамтамасыз етуге тырысып бақты. Мүмкіндігі барлары жаңа үй берсе, жоқтары ескі үйлерді жөндеуге немесе жаңадан үй салуға қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге көмектесті. Әр шаруашылық келісілген шарт бойынша, тиесілі малын, ақшалай көмегін беріп, өзінің экономикалық күш-қуатына қарай отын-су, азық-түлікпен қамтамасыз етуге тырысты. «Бір қой егіз туса, бір түп жусан артық өседі» дегендей аштан өліп, көштен қалмаудың жағдайлары жасалды. Тіпті, тұрғылықты адамдарға жетпейтін болғандықтан, тек қоныс аударушыларға ғана қолда бар азық-түлік т.б. қажетті заттарды берген шаруашылықтар да болды. Бұл тұрмыстық қиындықтар көріп жатқан жергілікті тұрғындардың арасында наразылықтардың туып, Қытайдан көшіп келуші «кеңес азаматтарына» суық қабақпен қараған жағдайларға әкелді. Яғни, барлық жерлерде Қытайдан келушілерге деген көзқарас бірдей емес еді. Көшіп келушілердің басынан өткізген қиыншылықтары мен кедергілерге келетін болсақ, онда ауыртпалық әуелі азды-көпті білімі бар азаматтардың басына түскенін байқаймыз. Қайсыбір шаруашылық басшылары көшіп келушілердің ішіндегі малшы, бақташы, механизаторларын іріктеп алып, қалғандарынан ат-тонын ала қашқан да кездері болды. Қытайдан «кеңес азаматтары» 1955 ж. 1-сәуірінен ұйымшылдықпен келе бастаса, сол жылдың қыркүйек айында Республикалық Қоныс аудару басқармасына қоныс аударушыларды қабылдаудан бас тартқан және орнығу кезіндегі келеңсіздіктерге душар болғандардың реніші мазмұнындағы хаттар көптеп түсе бастады. Мұрағат құжаттарына сөз берсек, Қазақстанға көшіп келушілердің негізгі қатынас тілі – орыс тілін білмегендіктен тұрмыста, жұмысқа орналасуда, дәрігерлік көмек қабылдауда, білім алуда және т.б. байланысты бірқатар қиыншылықтарды басынан өткізгенін байқаймыз. Соған сәйкес, қоныс аударушылардан үкімет органдарына шағымданған құжаттары кездесті. Тек, 1955 ж. өзінде Қазақ КСР кеңшарлар министрлігіне қоныс аударушылардан арызданған 280 хат түскен. Керісінше, Қазақстанға көшіп келгеннен соң, не несие алмай, не үй салу қаракетін жасамай, барғысы келген жаққа рұқсатсыз кетіп қалғандар мен жергілікті жерлердегі тәртіпсіздіктерге себеп болған жағдайлар да көп кездескен. Елдің солтүстік аудандарына жіберілгендері оңтүстікке, әсіресе, Алматы, Талдықорған облыстарына, орыс ұлты өкілдерінің Ресейге көшіп кету оқиғалары да орын алды. Белгілі бір ұлт өкілдерінің жинақы орналасқан жерлеріне көшіп кетіп, орналастырған жерінде тұрақтамаған репатрианттар да кездесті. Несиені алып, қашып кетіп, орналастырған жерінде бекімей, кейіннен оларды милиция органдары арқылы таба алмаған немесе кейбір көшіп-қонушылардың кері Қытайға жіберуді сұраған оқиғалары да болған. 1960-жж. кеңес-қытай қарым-қатынасы шиеленіскенге дейін екі жақтың туыстары арнайы виза мен ресми куәліксіз бір-бірімен араласып тұрды. 1962 ж. жағдай өзгерді. Сол жылы Қытайдың Іле-Қазақ автономиялы облысынан өткендердің саны 100 мың болған (негізінен, қазақтар мен ұйғырлар). Шекара жабылады. Яғни, Қытайдағы қазақтарды қайтару халықтың сұранысы мен соған орай қабылданған Кеңес үкіметінің шешімдері негізінде жүрді. Тарихи әдебиеттерде 1950-1960-жж. репатрианттардың саны туралы мәліметтер әр түрлі. Осыған орай зерттеушілердің пікірі де бөлінеді. Қытай тарихшылары 100 мың десе, орыс тарихшылары 60 мың, американдықтар тіпті 300 мың дейді. Олардың арасындағы айырмашылық екі не он мыңдаған емес, жүз мыңдаған адамдарға жетеді. Біздің қосырымыз ше? Зерттеулер бойынша, 1954-1963 жж. Қытайдан 268371 репатриант қайта оралды: 1954 ж. 2461 адам Қытайдан ұйымдасқан түрде келді. Келесі 1955 ж. мен 1963 ж. аралығында барлығы 199269 адам ұйымдасқан түрде, ал, 1962 ж. сәуір айында 66841 адам өз бетінше Қазақстанға оралды. Барлығын қоссақ, репатрианттар саны 268371 адам болып шығады. Реэмигранттардың бірқатары республикадан тыс кетіп, басқа республикаларға да барып орналасты. 1954-1965 жж. ҚХР-нан келген көші-қоншылардың 47569 отбасысының (259398 адам) республиканың 14 облысқа орналастырылғаны және 1849 отбасының (8984 адам) басқа республикаға жiберiлгені туралы мәлімет беретін мұрағат құжаты бар. Сонда 1954-1965 жж. ҚХР-нан Қазақстанға барлығы 259, 4 мың репатриант келіп, орналасты [6, 275]. Партиялық және үкіметтік органдар репатрианттарды қабылдау еңбекпен қамтамасыз ету, орналастыру және тұрмыстық жағдайларын реттеу мәселесін қатаң қадағалап отырды. Оларды Қазақстан бойынша орналастыруға арналған арнайы қаулылар қабылданып, шаралар көзделді. Репатрианттар, негізінен, еңбек күші қажет, соның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын совхоздары көп облыстарға жіберілді. Мұрағат құжаттары, ең алдымен ауыл шаруашылығына қатысты мамандық иелерін қабылдағанын, басқа мамандық иелерін де осы сала  мамандықтары бойынша жұмыспен қамтамасыз еткендігін айтады. Бірақ, көбіне өз мамандықтары бойынша орналастыруға тырысты. Мамандығы бойынша орналаспағанына, үй-тұрмыстық жағдайына, несие алудағы қиыншылықтар мен кедергілерге, медициналық көмекті алудағы қиындықтарға байланысты наразылықтар болды. Тіпті кері Қытайға жіберуді сұраған өтініштер де болды. Керісінше, көмекті алып алып, ұсынған мамандықтар бойынша жұмыс істемегендіктен, енді репатрианттарды қабылдамау қажеттігін негіздеген ұсыныстар да болды. 1980-жж. да қазақстанға қазақтар қайтты. Бұлар, негізінен, еңбек шарты бойынша Монғолиядан келгендер болатын. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге ХХ ғасырдағы қандастарымыздың қайта оралуының жаңа – төртінші кезеңі басталды. 1991 ж. басында әуелі «Қайт қазақ Отаныңа» деген Қазақстан ақын-жазушыларының, жалпы интеллигенциясының үнінде естілген, артынан Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Алыстағы ағайындарға ақ тілек» атты әйгілі хатында айтылған: «Ата-мекенге келушілерге есік ашық, алдарыңнан жарылқасын»-деген ақ тілек атажұртқа оралудың Ұлы көшіне жол ашты.  Көшті 1991 ж. наурызында «Еңбек шарты» деген айдармен Моңғолиядағы ағайындарымыз бастады. Жалпы алғанда, 1991 ж. бастап 2011 ж. 1 қаңтарына дейінгі кезеңде елге алыс және жақын шетелдерден 210225 отбасы немесе 824170 қазақ көшіп келді деп ресми тіркелді [12, ]. Оның ішінде Өзбекстаннан – 126790 отбасы (494565 адам), 112-б. ҚХР - нан – 25764 отбасы (85487 адам), Монғолиядан – 22124 отбасы (110856 адам) және т.б. Жалпы, ХХ ғасырдағы қазақтардың көші-қонының салдарларының бір қырын айтсақ, онда ғасыр басында (1897 ж. санақ бойынша) елдегі Қазақстаннан тыс жерлерде туылғандардың үлесі 8,3% болған болған, 1999 ж. олардың үлесі, славян өкілдері мен немістердің өз отанына көшулеріне қатысты ірі көші-қон ағындарынан кейін 22,9% құрады. Қазақстан халқының 50-60%-дайын сырттан келгендер, соның ішінде ХХ ғ. өн бойында келгендер мен олардың ұрпақтары құрайды. Бүгінде қазақстандықтардың саны — 16 718 мың адам. Қазақстандағы қазақтардың саны 11 миллионға жетіп қалды. Қазіргі Қазақстандағы қазақтардың 2 млннан астамы ХХ ғ. саяси-экономикалық, әлеуметтік катаклизмдердің нәтижесінде орын алған демографиялық апаттар кезінде шетелге кеткендердің ұрпақтары. 1950-жж. екінші жартысынан 1963 ж. аралығында Қазақстанға қайта оралғандар өсіп-өнуі негізінде 1 млннан асқан болса, Қазақстанға келген отандастарымыздың квотадан тыс өз бетінше келгендермен қосқанда 1 млннан асты де­ген есеп бар. Сол себепті, 2009 ж. санақта 10098,0 мың адам болған қазақтардың шамамен алғанда 2 млннан астамы қайта оралған қазақтар деп айтуға болады. Бұл Қазақстандағы қазақтардың 19,8%-ы. Сонымен,  Қытайдағы қазақтардың тарихи отанына қайтуының ХХ ғасырдағы тәжірибесі бұл үдерістің стихиялы түрімен бірге, жоспарлы шараларының да жүргізілгенін көрсетеді.  Этникалық қазақтарды қазақстандық қоғамның  ажырамас бөлігіне айналдыруды мақсат еткен еліміз үшін отандастарымызды тарихи отанына қайтаруды демократиялық, құқықтық және әділдік негізінде жүргізу  мемлекеттік, ұлттық-стратегиялық маңызы басым бағыт болып табылады. Жетістігі мен шешімін күтіп тұрған мәселелері бар бұл үдеріс жалғасын табары сөзсіз. Пайдаланылған әдебиеттер:  1 Қойгелдиев М.Қ. Панасыздарға араша түскендер // Қазақ әдебиеті.  –  1992, мамыр – 22. –  № 21. 2 Қасымбаев Ж. Қытайға кеткен қазақтардың қайта оралуы // Қазақ әдебиеті. - 1992, қазан – 30. 3 ҚР ОММ. 797-қ., 1-т., 46-іс, 403-405-пп. 4 ҚР ОММ. 390-қ., 1-т., 6-іс, 171-п. 5 А.И. Құдайбергенова. Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж. ) // тарих. ғыл. докт. ... дисс. – Алматы, 2010. – 331 б. (104) 6 А.И. Құдайбергенова. Қазақстандағы көші-қон үдерістерінің тарихи-демографиялық қыры. – Алматы: Елтаным, 2011. – 416 б. (246) 7  Насильственная коллективизация и голод в Казахстане в 1931-1933 гг. Сборник документов и материалов. - Алматы: «Фонд ХХ1 век», 1998. – 263 с. 8  ҚР ОММ. 1179-қ., 1-т., 12-іс, 13-п. 9 ҚР ОММ. 1179-қ. қ., 5- т., 3-іс, 76-п. 10 ҚР ОММ. 5-қ., 16-т., 365-іс, 7-п. 11 Асылбеков М.Х., Құдайбергенова А.И. Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жж.). – Алматы: Өркениет, 2005. – 160 б. 12 Нұрымбетова К.Қ. Тәуелсіз Қазақстандағы репатриация мәселелері: тарихи талдау. -  Алматы: Нұрайпринтсервис, 2011. - 128 б А.И. Құдайбергенова  
09.11.2012 03:45 27657

Соңғы редакциялау:

30 қазан 2012

ХХ ғасырда Қытайдан қайтқан қазақтар тарихына орай

  Қазақтардың көші-қоны тарихы – өзектілігін жоймайтын тақырып. ХХ ғасырда көші-қон қазақ ұлтының тағдырында шешуші рөл атқарды: қазақтар ғасыр басында туған жерінен сыртқа үдере көшуге мәжбүр болса, ғасыр соңында тарихи отанына қайта оралу үдерісі орын алды. Ықылым заманнан қоныстанған жерлерінен құнарсыз, шөлейтті жерлерге ығыстырылған қазақтың бір бөлігі XIX ғ. соңында-ақ Қытаймен шекаралық соқпақ-асуларды екі жақты көшіп-қону жолдарына айналдырған болатын. Осы жолдар қазақтардың Қытайға қашуының да, елге қайта оралуының куәгерлері болды.

Сонымен бірге, шетелге кеткен қазақтардың тарихи отанына қайту шараларының ғасыр бойы жалғасқаны белгілі. Жалпы алғанда, ХХ ғасырдағы қазақтардың Қытайдан қайта оралуы төрт дүркін жүзеге асты деп есептейміз:

Алғашқы легіне – 1916 ж. көтерілістен соң жазалаудан қашып, Шығыс Қытайға өткен қандастарымыздың 1917-1925 жж. елге қайтып оралуын жатқызамыз. 1917 ж. Уақытша үкіметтің бастамасымен Қытайдағы қазақтарды қайтару шаралары жүргізілді. Орыс билігі Шыңжаң губернаторы Ян Цзэнсиньнен «Қытайда тұрып жатқан 19-31 жас арасындағы дүнген, тараншы, қазақтар мен басқа да бұратаналарды» тез арада қайтаруды талап етті. Қазақ және қырғыз босқындарын қайтарған жағдайда оларды амнистиялау туралы келісімге қол қойылды. М. Тынышпаевтың есебі бойынша 1916 ж. Жетісу облысының 44 болысында тұратын 47759 түтіннің 40250-і, яғни, 201250 адам Қытай жеріне босқыншылықпен барған. Барғандардың 95200-і ашаршылықтан, суықтан және басқа түрлі себептерге байланысты қырғынға ұшыраған. Босқындардың кейін оралғандары 69 мың, ал, Қытай жерінде қалғандары 12 мың адам [1]. Шамамен, 1916 ж. кеткен қазақтар саны 400 мың адамдай (7-8 %). Кеткен қазақтардың қайта оралуында ерекше рөл атқарған сол кездегі Мемлекеттік Думаның мүшелері Мұқамеджан Тынышбайұлы, Уақытша Үкіметтің Түркістандық комитетінің төрағасы Орест Авенирович Шкапский, Мұстафа Шоқай, Санжар Асфендияровтар болды. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейінгі Уақытша өкіметтің  Шыңжанды паналаған қазақтарды қайтару шараларының нәтижесінде қазақтар Шығыс Түркістаннан туған жеріне қайтты. 1917 ж. сәуір-мамыр айларында ғана Қытайдан қайтқандар саны 120 мың болды. Профессор Ж. Қасымбаевтың «Қытайға кеткен қазақтардың қайта оралуы» [2] мақаласында келтірілген 1917 ж. тамыздағы М. Тынышбаевтың есебінде Қытайдан келген және әлі де келетін қазақтарды орналастыру ісіне ерекше қарау керектігі айтылған.

1917 ж. соңына қарай 160 мыңдай қазақ Қазақстанға репатриацияланды. Бірақ, Қытайдан келгендердің толық саны анық емес.

Осы жерде айта кетер жайт, 1897-1917 жж. ішінде қазақтар небары 224 мың адамға (6,8 %-ға) өссе, соның ішінде, 1915-1917 жж. 590,1 мыңға кеміді.

Кеңес өкіметінің орнауы мен Қазақстандағы азамат соғысы қазақтардың отанынан сыртқа көші-қонының жаңа толқынын тудырды. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншушы жазалау отрядтарынан сыртқа қашқан халықтың көші-қоны 1917-1918 жж. Түркістан Республикасын жайлаған аштық пен көп ұзамай 1921-1922 жж. Қазақстан аумағын түгел қамтығын ашаршылықтан туындаған стихиялы көші-қонмен ұласты. Ұлы Қазан төңкерісінен соң көп ұзамай қазақтар шағын топтармен Қытай шекарасынан Құлжа, Тарбағатай таулары мен Іле өлкесі маңайында малдарын айдап өтіп, көпшілігі Шыңжаңдық Алтай мен Іле өлкесінде қалды. Осы жылдары жекелеген топтар болып, қайтқан қазақтар жайлы мәліметтер кездеседі [3]

Кеңес өкіметі орнағаннан соң Қытайға кеткен қазақтарды қайтаруға байланысты жұмыстар жалғастырылды. Мысалы, 1918 ж. 25 қаңтардағы Қашқардағы Ресей консулдығының Жетісу облыстық комиссарына берген мәлімдемесінде Қытайдағы қазақтардың жай-күйі, толық болмағанымен саны жайлы, қазақ-қырғыздарды қайтаруға байланысты хабарнамалар беріледі [4].

Қазақтардың туған отанына қайтару ХХ ғ. 20-жылдары жалғасын тапты. 1925 жылы 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыстарына қатысқандарды жазалау экспедициясының әскери қимылдарынан қашқандар, кеңес өкіметінің қысымына, 1921-1922 жж.  ашаршылыққа шыдамағандар мен ашаршылықтан қашып, шетке өтіп кеткен отандастарымыздан қайта келгендердің есебін алу, Қытайға кеткен қазақ босқындарын қайтару шаралары жүргізіледі[5]. 1925 ж. 27 тамызында Қазақ АКСР-нің Орталық Атқару комитеті барлық губернияларға 1916-1918 жж. Қытайға қашқандардың саны мен жағдайларын анықтау мақсатында арнайы хат жібереді. Осы хатқа 8 мамыр 1926 ж. жауабында Сырдария губерниялық атқару комитетінің төрағасы Мұстамбаев пен істер жөніндегі басқарушы Фоминнің берген жауабы бойынша «губернияда 1916-1918 жж. Қытайға қашқандар және қайта келгендер жоқ. Оған уездерден келген мәлімдемелер дәлел болады» [6]. Бұл жылдардағы кеңес үкіметінің қазақтарды қайтару шаралары мардымсыз болды

Екінші рет қазақтардың Қытайдан оралуы кеңес дәуірінің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси келеңсіздіктердің тұрғылықты халықтың бас сауғалап көрші аймақтар мен елдерге жаппай көшуіне байланысты дейміз. 1930 ж. басы мен 1931 ж. ортасына дейін Қазақстан аумағынан 281230 шаруа шаруашылықтары сыртқа, негізгі бөлігі Қытайға, Иранға және Ауғаныстанға көшіп кетті. Барлығы ашаршылық жылдары республикадан 1130 мың адам кетті, олардың 676 мыңы қайтпай қалды, 454 мыңы кейінірек Қазақстанға қайта оралды. Ірі көтерілістерге қатысқаны үшін 1929-1931 жж. ОГПУ органдары арқылы 5551 адам жазаға тартылды, оның 883-і атылды [7, с. 14]. 1929-1933 жж. ашаршылықтан босқан қазақтарды қайтару шараларына қазақ зиялылары ерекше мүдделілік танытты.  Исаевтың арнайы комиссиясы 1932 ж. 25 сәуірде көшіп кеткендерді қайта қайтарып, орналастыру ісімен айналысты. 1932 ж. 31 наурызда Өлкелік партия комитетінің бюросы өзінің №97 хаттамасымен «Қоныстарынан ауа көшкен кедейлер, орташалар қожалықтарын қайтаруды және Қазақстанның өз ішінде орналастыруды ұйымдастыру туралы» арнайы қаулы қабылдайды. Сол жылдың 27 сәуірінде Қазақ АКСР ХКК көшіп кеткен шаруашылықтарды қайта қайтару және оларды орналастыру жөніндегі жоспарын бекітті [8].

Бекітілген жоспар бойынша шет аймақтарға арнаулы өкілдер жіберіп, 35 мыңдай шаруашылықты елге қайтарып, орналастыру жоспарланды. 1932 ж. 7 тамыздағы №58 қаулысында ауа көшкендер мәселесін отырықшыландыру ісімен қатар жүргізу керектігіне назар аударылды [6]. 1932 ж. өз бетімен көшіп келгендерді қоса есептегенде 75670 шаруашылық қайтарылды.

1929-1933 жж. ашаршылық кезінде республикадан өзге жерге кеткен көші-қоншылардың (откочевники) кері қайтуын реттеу және ұйымдастыру үшін Қазақ АКСР ХКК-нің №320/12 қаулысымен 1933 ж. 17 сәуірінде Қазақ АКСР ХКК жанынан арнайы комиссия құрылады [9].

1935 ж. желтоқсан айында сыртқа кеткен қазақ шаруашылықтарын қайта оралтуды жүзеге асыруға байланысты 1936 ж. атқарылатын шаралар нақтыланды. Қазақ зиялылары облыстар мен өлкелерде қайта оралатын қазақтардың қоғамдастырылған мүлкін қайтарып беруге міндеттейтін шешімдер қабылдаттыруға күш салды: оралушыларды ауыл шаруашылық және басқа да алым-салық түрлерінен босату; қоныс аударушы шаруашылықтарды орналастыру мен малмен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүргізу; Қазақстанға қайта оралатын шаруашылық санын шамамен анықтау; қазақтар барып паналаған облыстар мен өлкелерге олардың қайта оралуын ұйымдастыратын бригадаларды жіберу; қайтару шаралары үшін мемлекеттік және жергілікті бюджеттен қаржы бөлдіру; қайта оралушыларды отырықшыландыру мәселесін аудан басшыларымен шешу; қайтаруды отырықшыландыру жоспарымен байланыстыру көзделді. 1935 ж. 14 желтоқсандағы Егіншілік ХКК-нің Отырықшыландыру және қоныс аудару бөлімінен Қаратаевтың қол қойған мәлімдемесінде Қазақстаннан сырт жерлерде жүрген және Қазақстанның аудандарына қоныстанғысы келетін 25085 қазақ шаруашылығы көрсетілді. Көрші республикалардағы қазақтарды қайтару үшін жасақталған бригадаларды: Волга бойына – Ғылым комиссариатынан Мендешов, Досқалиев; Өзбекстан мен Тәжікстанға – Бас арбитраж Байдаулетов пен Сатыгулов; Қырғызстанға – Жер Халық комитетінен О. Карибаев пен Х. Қаратаев;  Сібірге – Юстиция Халкомынан К. Юсупбеков пен ХКК-нен П. Биттеев; Қарақалпақстан мен Түркменияға – Әлеуметтік қамсыздандыру Халкомынан Абдрахманов, Бақшашарап трестінен Жанұзақов, Алматы облыстық жер басқармасынан Адамов басқарып барды. 1935-1936 жж. көрші республикалардағы қазақ шаруашылықтарын қайта көшіріп әкелу шаралары нәтижесінде, мысалы, Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы Жандосовтың 1935 ж. 22 желтоқсанда Қазақ ОАК төрағасы Құлымбетовқа жазған баяндама хаты бойынша облысқа 279 шаруашылық ұйымдасқан түрде және 474 шаруашылық өз бетінше қайта оралған. Одан бөлек, Қырғыздың Ыстықкөл ауданынан, Батыс Сібір өлкесінен және Барнаул қаласынан, Риддер Рубцовка құрылысынан шаруашылықтар қайтарылды. Соның ішінде, Қытайдан 200 шаруашылықтың қайтқандығы айтылады [10] Осы жылдары қазақтардың тарихи отанына оралуының екінші толқыны жүрді. Қайта оралған шаруашылықтар ұжымшарлар мен кеңшарларға, өнеркәсіпке орналастырылды. Шетке кеткен қазақтардың қайта оралу үдерісі соғыс алдындағы жылдарға дейін жалғасып, біртіндеп тоқтады.

ХХ ғасырдағы ата жұртқа оралудың үшінші, ал кеңестік дәуірдегі екінші ірі толқыны 1950-1960 жылдары жүзеге асты. 1954-1955 жж. «кеңес азаматтары» деп аталатын контингент есебінен Қытайдан қазақтар қайтты.

1950-жж. ортасында КСРО-ның саяси өміріндегі «жылымық» жылдарында шет елдерден бауырларымыздың бір бөлігі Отанына қайтты. Екі ел арасында кеңес азаматтарын қайтару туралы арнайы келісім болған жоқ. Бірақ, 1954 ж. КСРО мен Қытай арасында қарым-қатынас туралы жасалынған 10 жылдық келісім-шарт «кеңес азаматтарының» КСРО-ға қайтуына жол ашты. Сонымен бірге, КСРО Министрлер кеңесі 1954 ж. 16 сәуірде № 751-329 ерекше құпия жарлығы бойынша маусым-тамыз айларында Қытай Халық Республикасындағы «кеңес азаматтарын» тың жерлерді игеруге көшіру туралы, 1955 ж. 17 қыркүйекте №1701 «Шекарадан тыс жерлердегі кеңес азаматтарын репатриациялау және оларды КСРО-да еңбекпен қамту» туралы қаулысын қабылдайды. Осы қаулылар негізінде Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы мен т.б. аудандарынан қазақ, ұйғыр, дүнген, орыстар қайта оралады. Ресми құжаттарда олар шартты түрде «кеңес азаматтары» деп аталады. Оның себебі: 1945 ж. қаңтарда Шығыс Түркiстан ислам жұмхұрияты (республикасы) құрылғаннан соң, Қытайда 1930-жж. Үрiмшi, Құлжа, Шәуешек, Алтай және Қашқардағы кеңес консулдықтарының жанынан құрылған «Кеңес мұғаджарлар қоғамының» өкiлдерi мен сенiмдi адамдары (агенттерi) Кеңес Одағына қайтамын деген адамдарға кеңес азаматтарының паспортын үлестiрген. Олардың арасында 1916-1933 жж. арасында 1916 ж. ұлт азаттық көтеріліс, «кеңестiк тазалау», «бай-кулактарда тазалау» және ашаршылықтар кезiнде Қазақстаннан қашқан қазақ, ұйғыр, дүнген,  өзбек, орыс және т.б. ұлт өкілдері болды. Олардың шекарадан өткендiгi туралы белгiсi бар-жоқтығына қарамастан, тууы туралы куәлiгiн алып кеткендердi сол құжат негiзінде, ал, құжаты жоқтарды тiлегi бойынша «кеңес азаматы» деген тiзiмге тiркедi. Сонымен бiрге, КСРО-дан бармағанымен КСРО-ға, Қазақстанға кетемiн дегендерге де мөрi басылған Кеңес Одағы азаматының паспортын берген. Тiптi, паспорттарды қоржынға салып жүрiп, кез-келген жерде үгiтке ерген адамдарға үлестіріп, «кеңес азаматы» ретінде тiзiмге алған оқиғалар да кездескен. Осылайша Қытай жерінде пайда болған «кеңес азаматтары» деген контингент 1955 ж. Қазақстанға қайта бастады [11, 91-б]. 1955 ж. Қытайдан келген «кеңес азаматтарын» қабылдау арнайы тәртіппен жүргізілді. Олар Хоргос станциясынан Сарыөзекке жіберіліп, одан ары қарай Іле, Аягөз және Отпор станциялары жанынан құрылған 3 қабылдау-бөлу пункттері арқылы қабылданды. Әрбір қабылдау-бөлу пунктін ауыл шаруашылығы, кеңшар және құрылыс пен көлік министрліктерінің одақтық және республикалық көлемдегі өкілдері басқарды. Оларға көмекші ретінде әрбір облыс орталықтары мен аудандардан есепшілер мен техникалық қызметкерлер бөлінді. Қабылдау арнайы жоспар мен график бойынша жүргізілді. Барлық пункттерде сауда орындары ашылып, дәрігерлік және мәдени қызмет көрсету ұйымдастырылды. Көшіп келген «кеңес азаматтарына» көмек ретінде: отбасы басшысына 3000 сом, мүшелеріне 600 сомнан қайтарылмайтын көмек ақша берілді. Әрбір отбасы мемлекеттік банкіден жеке үй құрылысы үшін 15 мыңға дейін, мал сатып алу үшін 3 мың сом көлемінде несие алуға құқылы болды.

Сонымен, 1955 ж. тікелей өзіне қатысты мәліметтерді саралар болсақ, Қазақстан кеңшарларына 240 отбасы (39467 адам, соның iшіндегi еңбекке жарамдысы 13508 адам) көшiп келдi. Сондай-ақ, ұжымшарларға қоныс аударған «кеңес азаматтарының» саны 2529 отбасы (16016 адам, оның 8407-сi еңбекке жарамды, 1261-і еңбекке жарамсыздар мен қарт кiсiлер, 8 жасқа дейiнгi балалар – 3835 адам, 8 жас пен 16 аралығындағы балалар – 2515 адам) болды [11, 18-б]. Қытайдан келген «кеңес азаматтары» негiзiнен, жұмыс қолы жеткiлiксiз және мал шаруашылығымен айналысатын Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының ұжымшар, кеңшарларына жiберiлдi. Сол сияқты, құрылыс пен көлік салалары бойынша да орналасты.

Қоныс аударушыларды қабылдаған шаруашылық басшылары жылы қабақ танытып, оларды жұмыс орындарымен, қолайлы баспанамен қамтамасыз етуге тырысып бақты. Мүмкіндігі барлары жаңа үй берсе, жоқтары ескі үйлерді жөндеуге немесе жаңадан үй салуға қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге көмектесті. Әр шаруашылық келісілген шарт бойынша, тиесілі малын, ақшалай көмегін беріп, өзінің экономикалық күш-қуатына қарай отын-су, азық-түлікпен қамтамасыз етуге тырысты. «Бір қой егіз туса, бір түп жусан артық өседі» дегендей аштан өліп, көштен қалмаудың жағдайлары жасалды. Тіпті, тұрғылықты адамдарға жетпейтін болғандықтан, тек қоныс аударушыларға ғана қолда бар азық-түлік т.б. қажетті заттарды берген шаруашылықтар да болды. Бұл тұрмыстық қиындықтар көріп жатқан жергілікті тұрғындардың арасында наразылықтардың туып, Қытайдан көшіп келуші «кеңес азаматтарына» суық қабақпен қараған жағдайларға әкелді. Яғни, барлық жерлерде Қытайдан келушілерге деген көзқарас бірдей емес еді. Көшіп келушілердің басынан өткізген қиыншылықтары мен кедергілерге келетін болсақ, онда ауыртпалық әуелі азды-көпті білімі бар азаматтардың басына түскенін байқаймыз. Қайсыбір шаруашылық басшылары көшіп келушілердің ішіндегі малшы, бақташы, механизаторларын іріктеп алып, қалғандарынан ат-тонын ала қашқан да кездері болды.

Қытайдан «кеңес азаматтары» 1955 ж. 1-сәуірінен ұйымшылдықпен келе бастаса, сол жылдың қыркүйек айында Республикалық Қоныс аудару басқармасына қоныс аударушыларды қабылдаудан бас тартқан және орнығу кезіндегі келеңсіздіктерге душар болғандардың реніші мазмұнындағы хаттар көптеп түсе бастады. Мұрағат құжаттарына сөз берсек, Қазақстанға көшіп келушілердің негізгі қатынас тілі – орыс тілін білмегендіктен тұрмыста, жұмысқа орналасуда, дәрігерлік көмек қабылдауда, білім алуда және т.б. байланысты бірқатар қиыншылықтарды басынан өткізгенін байқаймыз. Соған сәйкес, қоныс аударушылардан үкімет органдарына шағымданған құжаттары кездесті. Тек, 1955 ж. өзінде Қазақ КСР кеңшарлар министрлігіне қоныс аударушылардан арызданған 280 хат түскен.

Керісінше, Қазақстанға көшіп келгеннен соң, не несие алмай, не үй салу қаракетін жасамай, барғысы келген жаққа рұқсатсыз кетіп қалғандар мен жергілікті жерлердегі тәртіпсіздіктерге себеп болған жағдайлар да көп кездескен. Елдің солтүстік аудандарына жіберілгендері оңтүстікке, әсіресе, Алматы, Талдықорған облыстарына, орыс ұлты өкілдерінің Ресейге көшіп кету оқиғалары да орын алды. Белгілі бір ұлт өкілдерінің жинақы орналасқан жерлеріне көшіп кетіп, орналастырған жерінде тұрақтамаған репатрианттар да кездесті. Несиені алып, қашып кетіп, орналастырған жерінде бекімей, кейіннен оларды милиция органдары арқылы таба алмаған немесе кейбір көшіп-қонушылардың кері Қытайға жіберуді сұраған оқиғалары да болған. 1960-жж. кеңес-қытай қарым-қатынасы шиеленіскенге дейін екі жақтың туыстары арнайы виза мен ресми куәліксіз бір-бірімен араласып тұрды. 1962 ж. жағдай өзгерді. Сол жылы Қытайдың Іле-Қазақ автономиялы облысынан өткендердің саны 100 мың болған (негізінен, қазақтар мен ұйғырлар). Шекара жабылады. Яғни, Қытайдағы қазақтарды қайтару халықтың сұранысы мен соған орай қабылданған Кеңес үкіметінің шешімдері негізінде жүрді.

Тарихи әдебиеттерде 1950-1960-жж. репатрианттардың саны туралы мәліметтер әр түрлі. Осыған орай зерттеушілердің пікірі де бөлінеді. Қытай тарихшылары 100 мың десе, орыс тарихшылары 60 мың, американдықтар тіпті 300 мың дейді. Олардың арасындағы айырмашылық екі не он мыңдаған емес, жүз мыңдаған адамдарға жетеді. Біздің қосырымыз ше? Зерттеулер бойынша, 1954-1963 жж. Қытайдан 268371 репатриант қайта оралды: 1954 ж. 2461 адам Қытайдан ұйымдасқан түрде келді. Келесі 1955 ж. мен 1963 ж. аралығында барлығы 199269 адам ұйымдасқан түрде, ал, 1962 ж. сәуір айында 66841 адам өз бетінше Қазақстанға оралды. Барлығын қоссақ, репатрианттар саны 268371 адам болып шығады. Реэмигранттардың бірқатары республикадан тыс кетіп, басқа республикаларға да барып орналасты. 1954-1965 жж. ҚХР-нан келген көші-қоншылардың 47569 отбасысының (259398 адам) республиканың 14 облысқа орналастырылғаны және 1849 отбасының (8984 адам) басқа республикаға жiберiлгені туралы мәлімет беретін мұрағат құжаты бар. Сонда 1954-1965 жж. ҚХР-нан Қазақстанға барлығы 259, 4 мың репатриант келіп, орналасты [6, 275].

Партиялық және үкіметтік органдар репатрианттарды қабылдау еңбекпен қамтамасыз ету, орналастыру және тұрмыстық жағдайларын реттеу мәселесін қатаң қадағалап отырды. Оларды Қазақстан бойынша орналастыруға арналған арнайы қаулылар қабылданып, шаралар көзделді. Репатрианттар, негізінен, еңбек күші қажет, соның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын совхоздары көп облыстарға жіберілді. Мұрағат құжаттары, ең алдымен ауыл шаруашылығына қатысты мамандық иелерін қабылдағанын, басқа мамандық иелерін де осы сала  мамандықтары бойынша жұмыспен қамтамасыз еткендігін айтады. Бірақ, көбіне өз мамандықтары бойынша орналастыруға тырысты. Мамандығы бойынша орналаспағанына, үй-тұрмыстық жағдайына, несие алудағы қиыншылықтар мен кедергілерге, медициналық көмекті алудағы қиындықтарға байланысты наразылықтар болды. Тіпті кері Қытайға жіберуді сұраған өтініштер де болды. Керісінше, көмекті алып алып, ұсынған мамандықтар бойынша жұмыс істемегендіктен, енді репатрианттарды қабылдамау қажеттігін негіздеген ұсыныстар да болды.

1980-жж. да қазақстанға қазақтар қайтты. Бұлар, негізінен, еңбек шарты бойынша Монғолиядан келгендер болатын.

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге ХХ ғасырдағы қандастарымыздың қайта оралуының жаңа – төртінші кезеңі басталды.

1991 ж. басында әуелі «Қайт қазақ Отаныңа» деген Қазақстан ақын-жазушыларының, жалпы интеллигенциясының үнінде естілген, артынан Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Алыстағы ағайындарға ақ тілек» атты әйгілі хатында айтылған: «Ата-мекенге келушілерге есік ашық, алдарыңнан жарылқасын»-деген ақ тілек атажұртқа оралудың Ұлы көшіне жол ашты.  Көшті 1991 ж. наурызында «Еңбек шарты» деген айдармен Моңғолиядағы ағайындарымыз бастады. Жалпы алғанда, 1991 ж. бастап 2011 ж. 1 қаңтарына дейінгі кезеңде елге алыс және жақын шетелдерден 210225 отбасы немесе 824170 қазақ көшіп келді деп ресми тіркелді [12, ]. Оның ішінде Өзбекстаннан – 126790 отбасы (494565 адам), 112-б. ҚХР - нан – 25764 отбасы (85487 адам), Монғолиядан – 22124 отбасы (110856 адам) және т.б.

Жалпы, ХХ ғасырдағы қазақтардың көші-қонының салдарларының бір қырын айтсақ, онда ғасыр басында (1897 ж. санақ бойынша) елдегі Қазақстаннан тыс жерлерде туылғандардың үлесі 8,3% болған болған, 1999 ж. олардың үлесі, славян өкілдері мен немістердің өз отанына көшулеріне қатысты ірі көші-қон ағындарынан кейін 22,9% құрады. Қазақстан халқының 50-60%-дайын сырттан келгендер, соның ішінде ХХ ғ. өн бойында келгендер мен олардың ұрпақтары құрайды. Бүгінде қазақстандықтардың саны — 16 718 мың адам. Қазақстандағы қазақтардың саны 11 миллионға жетіп қалды. Қазіргі Қазақстандағы қазақтардың 2 млннан астамы ХХ ғ. саяси-экономикалық, әлеуметтік катаклизмдердің нәтижесінде орын алған демографиялық апаттар кезінде шетелге кеткендердің ұрпақтары. 1950-жж. екінші жартысынан 1963 ж. аралығында Қазақстанға қайта оралғандар өсіп-өнуі негізінде 1 млннан асқан болса, Қазақстанға келген отандастарымыздың квотадан тыс өз бетінше келгендермен қосқанда 1 млннан асты де­ген есеп бар. Сол себепті, 2009 ж. санақта 10098,0 мың адам болған қазақтардың шамамен алғанда 2 млннан астамы қайта оралған қазақтар деп айтуға болады. Бұл Қазақстандағы қазақтардың 19,8%-ы.

Сонымен,  Қытайдағы қазақтардың тарихи отанына қайтуының ХХ ғасырдағы тәжірибесі бұл үдерістің стихиялы түрімен бірге, жоспарлы шараларының да жүргізілгенін көрсетеді.  Этникалық қазақтарды қазақстандық қоғамның  ажырамас бөлігіне айналдыруды мақсат еткен еліміз үшін отандастарымызды тарихи отанына қайтаруды демократиялық, құқықтық және әділдік негізінде жүргізу  мемлекеттік, ұлттық-стратегиялық маңызы басым бағыт болып табылады. Жетістігі мен шешімін күтіп тұрған мәселелері бар бұл үдеріс жалғасын табары сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

 1 Қойгелдиев М.Қ. Панасыздарға араша түскендер // Қазақ әдебиеті.  –  1992, мамыр – 22. –  № 21.

2 Қасымбаев Ж. Қытайға кеткен қазақтардың қайта оралуы // Қазақ әдебиеті. - 1992, қазан 30.

3 ҚР ОММ. 797-қ., 1-т., 46-іс, 403-405-пп.

4 ҚР ОММ. 390-қ., 1-т., 6-іс, 171-п.

5 А.И. Құдайбергенова. Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж. ) // тарих. ғыл. докт. ... дисс. – Алматы, 2010. – 331 б. (104)

6 А.И. Құдайбергенова. Қазақстандағы көші-қон үдерістерінің тарихи-демографиялық қыры. – Алматы: Елтаным, 2011. – 416 б. (246)

7  Насильственная коллективизация и голод в Казахстане в 1931-1933 гг. Сборник документов и материалов. - Алматы: «Фонд ХХ1 век», 1998. – 263 с.

8  ҚР ОММ. 1179-қ., 1-т., 12-іс, 13-п.

9 ҚР ОММ. 1179-қ. қ., 5- т., 3-іс, 76-п.

10 ҚР ОММ. 5-қ., 16-т., 365-іс, 7-п.

11 Асылбеков М.Х., Құдайбергенова А.И. Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жж.). – Алматы: Өркениет, 2005. – 160 б.

12 Нұрымбетова К.Қ. Тәуелсіз Қазақстандағы репатриация мәселелері: тарихи талдау. -  Алматы: Нұрайпринтсервис, 2011. - 128 б

А.И. Құдайбергенова

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға