Жаңалықтар

Иесіз пәтердің ішінен құны екі миллион евро тұратын картина табылды

Парижде иесіз қалған пәтердің ішінен құны екі миллион евро тұратын картина табылды. Апартамент иесі 30-жылдардың аяғында елге нацистер басып кіргенде Францияның оңтүстігіне қарай асығыс қашқан болатын. Содан бері туған үйіне қайтып оралмаған, тіпті сол үйдің бар екенін туыстарына тек өлердің алдында ғана айтқан.   Туыстары пәтерді сату үшін бағалаушыларды шақырғанда, олар шаң-тозаңның арасынан антикварлық жиһазды, жібекті, фарфор мен әлгінде айтқан картинаны көреді. Портретті итальян Джованни Болдини жазған. Суретте қайтыс болған үй иесінің әжесі салыныпты. Ол XIX ғасырдың аяғында белгілі актриса болған көрінеді. Каталогта бұл шедевр тіркелмеген, бірақ бірталай зерттеуден кейін сарапшылар атақты суретшінің авторлығын мақұлдады. Baq.kz
13.05.2013 05:10 3010

Парижде иесіз қалған пәтердің ішінен құны екі миллион евро тұратын картина табылды. Апартамент иесі 30-жылдардың аяғында елге нацистер басып кіргенде Францияның оңтүстігіне қарай асығыс қашқан болатын. Содан бері туған үйіне қайтып оралмаған, тіпті сол үйдің бар екенін туыстарына тек өлердің алдында ғана айтқан.

 

Туыстары пәтерді сату үшін бағалаушыларды шақырғанда, олар шаң-тозаңның арасынан антикварлық жиһазды, жібекті, фарфор мен әлгінде айтқан картинаны көреді. Портретті итальян Джованни Болдини жазған. Суретте қайтыс болған үй иесінің әжесі салыныпты. Ол XIX ғасырдың аяғында белгілі актриса болған көрінеді. Каталогта бұл шедевр тіркелмеген, бірақ бірталай зерттеуден кейін сарапшылар атақты суретшінің авторлығын мақұлдады.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға