Жаңалықтар

Александр Убыкин

Футболдағы карьерасындағы басты жаңалық ол әрине өзінің туған қаласының командасы «Қайраттан» шақырту алуы болды. Леонид Остроушко бапкердің шақыруымен туған жеріне біржолата оралады. Футболдағы карьерасының соңына дейін осы командада өнер көрсетті. Жасыл алаңға 13 жылда 257 рет «Қайраттың» жейдесімен шықты. Кешегі «Қайраттың» қақпасын күзеткен қақпашыларды айтқанда алдымен ауызымызға Құралбек Ордабаев оралады. Құралбек үлкен спорттан кеткен соң, оның сенімді ізбасары болып, команданың қақпасын 13 жыл бойы қорғаған,  күні кеше 60 жасқа толып отырған қақпашымыз – Александр Убыкин болатын. Александр Сергеевич Убыкин – 1953 жылы 30 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Өткен ғасырдың 60 жылдары аула футболы сәнге айналған болатын. Көшеде доп қуып, кейіннен үлкен футболда жұлдызы жарқыраған футболшыларымыз жетерлік. Біздің кейіпкер Саша да ауладағы футболдан жетіліп өскен. «Локомотив» стадионы Сашаның үйіне өте жақын болатын. 11 жасында осында «балалар – жасөспірімдер спорт мектебіне» келеді. Антон Матвеевич, Анатолий Гаврилович сияқты танымал балалар бапкерінің қарамағында жаттығады. Келесі жылы балалар арасындағы турнирде бақ сынайды. Ал 1969 жылы Ереванда өткен Республикалық оқушылар спартакиадасында еліміздің намысын қорғады. Осы құраманың сапында өнер көрсеткен бірнеше ойыншыны құрама бапкері Псков қаласына   байқауға шақырады. Дмитрий Шеремет, Владимир Лихошерстных, Александр Кулаковтармен бірге Саша да бар болатын (Кейіннен Убыкин мен Лихошерстных  «Қайраттың» намысын қорғады). Бұл кездері ол бар болғаны 16 жаста еді. Дегенмен, жақсы ұсыныс болғансын ата-анасы келісімін береді. Алматылық 17 жастағы бозбала «Машиностроитель» командасының негізгі құрамында өнер көрсетеді. Осы команданың сапында үш жылын өткізген соң, кейіннен Ленинград облысына әскер қатарына шақырылады. Әскердегі Гарнизон басшысы екі футбол командасын басқаратын болып шығады. Біреуі облыс, екіншісі қалалық біріншілікте өнер көрсететін командалар. Убыкин болса, облыстық біріншілікте ойнайтын командаға қабылданып, командасы өз тобындағы барлық бәсекелестерін ұтып шығады. Бұл  – «Звезда» (Выборг) командасы болатын. Өткен ғасырдың 70 жылдары ЦСКА әскери міндеттегі үздік футболшыларды өз қатарларына шақырады. Бірақ Мәскеу армияшыларының қақпасын сенімді қақпашылардың бірі – Владимир Астаповский қорғайтын. Сондықтан негізгі құрамға іліге алмады. Келесі жылы ЦСКА-ның еншілес клубы Ростовтың СКА командасына ауысады. Бұл кездері СКА-ның қақпасын күзетуші сол кездегі шебер қақпашылардың бірі – Лев Кудасов болатын.  Саша өзінің футболға деген құлшынысы мен мүдіріссіз жаттығуының арқасында армияшылардың негізгі қақпашысына айналады. СКА-ның қақпасын  1973-1975 жылдар аралығында күзетті. Футболдағы карьерасындағы басты жаңалық ол әрине өзінің туған қаласының командасы «Қайраттан» шақырту алуы болды. Леонид Остроушко бапкердің шақыруымен туған жеріне біржолата оралады. Футболдағы карьерасының соңына дейін осы командада өнер көрсетті. Жасыл алаңға 13 жылда 257 рет «Қайраттың» жейдесімен шықты. Алғашқы ойынын Кемерово облысында «Кузбасс» командасына қарсы өткізеді. Сол ойында алаң иелерінің шабуылшысы Виталий Раздаев орындаған 11 метрлік пенальтиді қайтарып, өзіне деген сенімділігі күшейеді. «Қайратқа» алғаш келген жылдары команданың негізгі қақпасышы Құралбек Ордабаев еді. Ордабаев/Убыкин тандемінің арқасында  бас бапкер қақпашы мәселесіне еш алаңдамайтын. Бүгін сен ойнасаң, ертен ол ойнайды. Бастысы ол емес, тапсырма біреу – қақпаны күзету. Осындай екі тамаша сенімді әрі тең дәрежедегі қақпашының бір команда қатарында өнер көрсетуін кез келген бапкердің армандайтыны анық. Бірақ 1980 жылдың маусымның екінші жартысында Құралбек Ордабаев ауыр жарақат алып, футболмен біржолата қоштасады. Осыдан кейін үлкен жүк Александр Убыкинге артылады. Ол өзіне артылған сенімнің қаншалықты екенін жақсы түсінді. Құралбек кеткен соң, сегіз жыл алматылық клубтың негізгі қақпашысы болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары «Қайраттың» құрамы күшейіп, алғашқы ондыққа ілігіп жүрген кездері болатын. Бірнеше бапкер ауысса да ол негізгі құрамдағы орнын ешкімге берген емес. Бұл бапкерлердің, жанкүйерлердің қақпашының шеберлігіне деген риясыз сенімділігі еді. Жасы келіп, футболдағы карьерасын аяқтар тұста павлодарлық «Трактордың» қақпасын 1988-1989 жылғы маусымда қорғады. Ал үлкен футбодан қош айтысқан соң, бапкерлікке бет бұрады. Бұл күндері алматылық «Қайраттың» қақпашыларын даярлайды. Александр Убыкин КСРО чемпионатының жоғары лигасында ең көп ойын өткізген қазақстандық футболшылардың ішінде жетінші орында. Ал қақпашылардан сөзсіз бірінші орында. Биылғы жылы наурыздың  30-ында өзінің 60 жасқа толған мерейтойын тойлады. Бек Төлеуов «Sport» газеті.  
13.05.2013 04:05 2922

Футболдағы карьерасындағы басты жаңалық ол әрине өзінің туған қаласының командасы «Қайраттан» шақырту алуы болды. Леонид Остроушко бапкердің шақыруымен туған жеріне біржолата оралады. Футболдағы карьерасының соңына дейін осы командада өнер көрсетті. Жасыл алаңға 13 жылда 257 рет «Қайраттың» жейдесімен шықты.

Кешегі «Қайраттың» қақпасын күзеткен қақпашыларды айтқанда алдымен ауызымызға Құралбек Ордабаев оралады. Құралбек үлкен спорттан кеткен соң, оның сенімді ізбасары болып, команданың қақпасын 13 жыл бойы қорғаған,  күні кеше 60 жасқа толып отырған қақпашымыз – Александр Убыкин болатын.

Александр Сергеевич Убыкин – 1953 жылы 30 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Өткен ғасырдың 60 жылдары аула футболы сәнге айналған болатын. Көшеде доп қуып, кейіннен үлкен футболда жұлдызы жарқыраған футболшыларымыз жетерлік. Біздің кейіпкер Саша да ауладағы футболдан жетіліп өскен.

«Локомотив» стадионы Сашаның үйіне өте жақын болатын. 11 жасында осында «балалар – жасөспірімдер спорт мектебіне» келеді. Антон Матвеевич, Анатолий Гаврилович сияқты танымал балалар бапкерінің қарамағында жаттығады. Келесі жылы балалар арасындағы турнирде бақ сынайды. Ал 1969 жылы Ереванда өткен Республикалық оқушылар спартакиадасында еліміздің намысын қорғады.

Осы құраманың сапында өнер көрсеткен бірнеше ойыншыны құрама бапкері Псков қаласына   байқауға шақырады. Дмитрий Шеремет, Владимир Лихошерстных, Александр Кулаковтармен бірге Саша да бар болатын (Кейіннен Убыкин мен Лихошерстных  «Қайраттың» намысын қорғады). Бұл кездері ол бар болғаны 16 жаста еді. Дегенмен, жақсы ұсыныс болғансын ата-анасы келісімін береді. Алматылық 17 жастағы бозбала «Машиностроитель» командасының негізгі құрамында өнер көрсетеді. Осы команданың сапында үш жылын өткізген соң, кейіннен Ленинград облысына әскер қатарына шақырылады. Әскердегі Гарнизон басшысы екі футбол командасын басқаратын болып шығады. Біреуі облыс, екіншісі қалалық біріншілікте өнер көрсететін командалар. Убыкин болса, облыстық біріншілікте ойнайтын командаға қабылданып, командасы өз тобындағы барлық бәсекелестерін ұтып шығады. Бұл  – «Звезда» (Выборг) командасы болатын.

Өткен ғасырдың 70 жылдары ЦСКА әскери міндеттегі үздік футболшыларды өз қатарларына шақырады. Бірақ Мәскеу армияшыларының қақпасын сенімді қақпашылардың бірі – Владимир Астаповский қорғайтын. Сондықтан негізгі құрамға іліге алмады. Келесі жылы ЦСКА-ның еншілес клубы Ростовтың СКА командасына ауысады. Бұл кездері СКА-ның қақпасын күзетуші сол кездегі шебер қақпашылардың бірі – Лев Кудасов болатын. 

Саша өзінің футболға деген құлшынысы мен мүдіріссіз жаттығуының арқасында армияшылардың негізгі қақпашысына айналады. СКА-ның қақпасын  1973-1975 жылдар аралығында күзетті.

Футболдағы карьерасындағы басты жаңалық ол әрине өзінің туған қаласының командасы «Қайраттан» шақырту алуы болды. Леонид Остроушко бапкердің шақыруымен туған жеріне біржолата оралады. Футболдағы карьерасының соңына дейін осы командада өнер көрсетті. Жасыл алаңға 13 жылда 257 рет «Қайраттың» жейдесімен шықты.

Алғашқы ойынын Кемерово облысында «Кузбасс» командасына қарсы өткізеді. Сол ойында алаң иелерінің шабуылшысы Виталий Раздаев орындаған 11 метрлік пенальтиді қайтарып, өзіне деген сенімділігі күшейеді.

«Қайратқа» алғаш келген жылдары команданың негізгі қақпасышы Құралбек Ордабаев еді. Ордабаев/Убыкин тандемінің арқасында  бас бапкер қақпашы мәселесіне еш алаңдамайтын. Бүгін сен ойнасаң, ертен ол ойнайды. Бастысы ол емес, тапсырма біреу – қақпаны күзету.

Осындай екі тамаша сенімді әрі тең дәрежедегі қақпашының бір команда қатарында өнер көрсетуін кез келген бапкердің армандайтыны анық. Бірақ 1980 жылдың маусымның екінші жартысында Құралбек Ордабаев ауыр жарақат алып, футболмен біржолата қоштасады. Осыдан кейін үлкен жүк Александр Убыкинге артылады. Ол өзіне артылған сенімнің қаншалықты екенін жақсы түсінді. Құралбек кеткен соң, сегіз жыл алматылық клубтың негізгі қақпашысы болды.

Өткен ғасырдың 80-жылдары «Қайраттың» құрамы күшейіп, алғашқы ондыққа ілігіп жүрген кездері болатын. Бірнеше бапкер ауысса да ол негізгі құрамдағы орнын ешкімге берген емес. Бұл бапкерлердің, жанкүйерлердің қақпашының шеберлігіне деген риясыз сенімділігі еді.

Жасы келіп, футболдағы карьерасын аяқтар тұста павлодарлық «Трактордың» қақпасын 1988-1989 жылғы маусымда қорғады.

Ал үлкен футбодан қош айтысқан соң, бапкерлікке бет бұрады. Бұл күндері алматылық «Қайраттың» қақпашыларын даярлайды.

Александр Убыкин КСРО чемпионатының жоғары лигасында ең көп ойын өткізген қазақстандық футболшылардың ішінде жетінші орында. Ал қақпашылардан сөзсіз бірінші орында.

Биылғы жылы наурыздың  30-ында өзінің 60 жасқа толған мерейтойын тойлады.

Бек Төлеуов «Sport» газеті.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға