Британия миллиардері бәстен ұтылып, бір күн Air Asia стюардессасы болып істеді
Virgin империясының негізін қалаушы Ричард Брэнсон қысқа қызыл белдемшені киіп, Air Asia әуекомпаниясының стюардессасы болып бір күн жұмыс істеді. Бұл туралы Вести.Ru мәлімдеп отыр.
Үш жыл бұрын Брэнсон азиялық әуе тасымалдаушы компанияның иесі Тони Фернадеспен қай жарыс командасы «Формула-1» кубогын жеңіп алатынына бәстескен еді. Жеңілгені жеңіске жеткеніне тиесілі әуекомпания ұшағында борт серік болып істеуге келісіпті. Таластан Бренсон ұтылып, Австралияның Перт қаласынынан Малайзия астанасы Куала-Лумпурге дейінгі рейсте стюардесса болуға мәжүр болыпты.
Брэнсон қызыл киімдегі суреттерін Twitter-ге жариялап үлгеріпті. Образға көбірек еліктеу үшін бизнесменге шаш қою үлгісін өзгертіп, опа-далап жағуға тура келіпті.
Baq.kz