Жаңалықтар

Швецияда «Евровидение-2013» байқауы басталды

Жексенбі күні кешке Швецияның батысындағы Мальма қаласында «Евровидение-2013» халықаралық музыкалық байқауы басталды, деп хабарлады Росбалт. Осымен 58-ші рет өтетін байқауға әлемнің 39 елінен әншілер қатыспақ. Екі жартылай финал 14-ші және 16 мамырда, ал финал 18 мамыр күні өтеді. Конкурс 15,5 мың көрерменге арналған «Мальме арена» көпбейінді кешенінде өтеді. Ағымдағы жылы байқаудың нышаны - кемпірқосақтың барлық түсіне малынған көбелек, ал ұраны - «Біз біргеміз» (We Are One). Аталған сурет пен ұран бүкіл қаланы безендіріп тұр. Мальма тропикалық көбелектер павильонына айналғандай. Бас жүлдеге үміткерлер қатарында даниялық Эмили де Форесттің есімі аталуда. Әнші жалаң аяқ ән салғанды ұнатады. Оның атап өтуінше, бұл оған Жердің энергиясын сезінуге мүмкіндік береді. Ол халықаралық байқауда да бұл әдетінен бас тартпақ емес. Букмекерлер екінші орынды украиналық Злата Огневичке қиып отыр. Украиналық әншінің командасы сахналық тосын нөмір дайындап отырғандығы белгілі. Ал үшінші орынды норвегиялық әнші Маргарет Бергер иеленуі мүмкін. ҚазАқпарат.
13.05.2013 03:27 2894

Жексенбі күні кешке Швецияның батысындағы Мальма қаласында «Евровидение-2013» халықаралық музыкалық байқауы басталды, деп хабарлады Росбалт.

Осымен 58-ші рет өтетін байқауға әлемнің 39 елінен әншілер қатыспақ. Екі жартылай финал 14-ші және 16 мамырда, ал финал 18 мамыр күні өтеді. Конкурс 15,5 мың көрерменге арналған «Мальме арена» көпбейінді кешенінде өтеді.

Ағымдағы жылы байқаудың нышаны - кемпірқосақтың барлық түсіне малынған көбелек, ал ұраны - «Біз біргеміз» (We Are One). Аталған сурет пен ұран бүкіл қаланы безендіріп тұр. Мальма тропикалық көбелектер павильонына айналғандай.

Бас жүлдеге үміткерлер қатарында даниялық Эмили де Форесттің есімі аталуда. Әнші жалаң аяқ ән салғанды ұнатады. Оның атап өтуінше, бұл оған Жердің энергиясын сезінуге мүмкіндік береді. Ол халықаралық байқауда да бұл әдетінен бас тартпақ емес.

Букмекерлер екінші орынды украиналық Злата Огневичке қиып отыр. Украиналық әншінің командасы сахналық тосын нөмір дайындап отырғандығы белгілі. Ал үшінші орынды норвегиялық әнші Маргарет Бергер иеленуі мүмкін.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға