Жаңалықтар

Бас штаб бастығының Кубогі - “Жас ұланда”

Республикалық мектеп интернаттары арасында өткен спартакиада өз мәресіне жетті. Екі күн бойы тартысқа түскен ұландар тігілген жүлдеге барын салып бақты.  Бағы мен бабы келіскен және жақсы нәтиже көрсеткен үздік мектеп жеңімпаз атанды. Ойынның он үш түрінен «жүзден жүйрік шыққандар» анықталды.  Ал, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары –  Қарулы  Күштер Бас штабы  бастығының  жүлдесі «Жас ұлан» республикалық мектебіне бұйырды.  Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты білім және ғылым департаментінің бастығы, генерал-майор Еділ Оразов қатысты.  Ол жарысқа қатысушыларды құттықтап, ұландарға жеңістен жеңіске жете берулеріне тілек білдірді.   Салтанатты шараның соңында жиылған жұртшылық Республикалық ұланның арнайы көрсетілімін тамашалады.    ҚР ҚМ Баспасөз қызметі  
13.05.2013 03:27 3205

Республикалық мектеп интернаттары арасында өткен спартакиада өз мәресіне жетті. Екі күн бойы тартысқа түскен ұландар тігілген жүлдеге барын салып бақты.  Бағы мен бабы келіскен және жақсы нәтиже көрсеткен үздік мектеп жеңімпаз атанды. Ойынның он үш түрінен «жүзден жүйрік шыққандар» анықталды.  Ал, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары –  Қарулы  Күштер Бас штабы  бастығының  жүлдесі «Жас ұлан» республикалық мектебіне бұйырды. 

Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты білім және ғылым департаментінің бастығы, генерал-майор Еділ Оразов қатысты.  Ол жарысқа қатысушыларды құттықтап, ұландарға жеңістен жеңіске жете берулеріне тілек білдірді.
 
Салтанатты шараның соңында жиылған жұртшылық Республикалық ұланның арнайы көрсетілімін тамашалады. 
 
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға