Қазақстан посткеңестік елдер ішінде бірінші болып Жауынгерлік парад өткізеді - ҚР Қорғаныс министрлі
Парадта қауіпсіздік шараларына да тәуекелді сын болатындықтан одан сақтану үшін бірқатар іс-шаралар қолға алынатындығын атап өтті С.Жасұзақов.
«Ерекшелігіне тоқталсақ, біз барлық қару түрлерін, танкілерді қолдайтын жаңа әскери машиналарды, жаңа отшашар жүйесін көрсетеміз. Парадтың қатысушылардың барлығы әскери қаруымен, елімізде жасалған каскамен шығады», - дейді Бас штабының бастығы.
Сонымен қатар, 7 мамырды мерекелеу кезінде отандық әскери техникалардың, құрылғылардың көрмесі ұйымдастырылады.
Қазақстан ТМД елдерінің қарулы күштері тарихында бірінші болып Жауынгерлік парад өткізеді. Бұл жөнінде бүгін BNews.kz агентігінің студиясында өткен онлайн-конференция барысында ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қарулы күштер Бас штабының бастығы Сәкен Жасұзақов мәлімдеді.
