Жаңалықтар

Сочи-2014 Қысқы Олимпиадасына Қазақстан легионерлерді тартпайды

Қазақстан алдағы Сочи-2014 ойындарына қатысу үшін ұлттық олимпиада құрамасының құрамына легионерлерді тартуды жоспарлаған жоқ, деп хабарлады Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.   «Бізде спорттың қысқы түрлерінде легионерлер жоқ, тек өзіміздің жергілікті спортшылар және олардың бәрі де тамаша ойын көрсетуге үміткерлер», - деді Е.Қанағатов.   Сонымен қатар, ол кейбір спорт түрлері бойынша Қазақстанға шетелдік спортшыларды тарту артық етпейтінін атап өтті.   «Меніңше, легионерлерді тарту спорт түрлерін дамытуға көп пайда әкеледі, әсіресе бізде дамымаған спорт түрлері бойынша. Мысалы, шана спорты немесе қоссайыс бізде әлсіз дамыған. Жақсы спортшыны неге тартпасқа», - деді ол.   Ведомство басшысы орынбасарының айтуынша, ауыр атлетика мысалы көрсеткендей, мықты легионерлерді шақыру өз спортшыларымыздың дайындығын жақсартуға, осы спорт түріне қызығушылық тудыруға және жаңа жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.   Қазіргі уақытта Қазақстанның Ұлттық олимпиада құрамасы Сочи-2014 Олимпиадасына қатысу үшін спорттың 6 түрі бойынша 22 лицензия жеңіп алды.    Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттіктің болжамына сәйкес Қазақстан жылдың соңына дейін спорттың 10 түрі бойынша 40-тан астам лицензия жеңіп алады.    Сочи қаласындағы (Ресей) XXVII Қысқы Олимпиада ойындары 2014 жылдың 7-нен 23-ші ақпанға дейін өтетіні мәлім. Жарыс барысында 15 спорт түрі бойынша 98 медаль жиынтығы ойнатылады. Лицензиялық жарыс 2014 жылдың қаңтарына дейін жалғасады.
10.05.2013 09:00 4072

Қазақстан алдағы Сочи-2014 ойындарына қатысу үшін ұлттық олимпиада құрамасының құрамына легионерлерді тартуды жоспарлаған жоқ, деп хабарлады Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.

 

«Бізде спорттың қысқы түрлерінде легионерлер жоқ, тек өзіміздің жергілікті спортшылар және олардың бәрі де тамаша ойын көрсетуге үміткерлер», - деді Е.Қанағатов.
 
Сонымен қатар, ол кейбір спорт түрлері бойынша Қазақстанға шетелдік спортшыларды тарту артық етпейтінін атап өтті.
 
«Меніңше, легионерлерді тарту спорт түрлерін дамытуға көп пайда әкеледі, әсіресе бізде дамымаған спорт түрлері бойынша. Мысалы, шана спорты немесе қоссайыс бізде әлсіз дамыған. Жақсы спортшыны неге тартпасқа», - деді ол.
 
Ведомство басшысы орынбасарының айтуынша, ауыр атлетика мысалы көрсеткендей, мықты легионерлерді шақыру өз спортшыларымыздың дайындығын жақсартуға, осы спорт түріне қызығушылық тудыруға және жаңа жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.
 
Қазіргі уақытта Қазақстанның Ұлттық олимпиада құрамасы Сочи-2014 Олимпиадасына қатысу үшін спорттың 6 түрі бойынша 22 лицензия жеңіп алды. 
 
Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттіктің болжамына сәйкес Қазақстан жылдың соңына дейін спорттың 10 түрі бойынша 40-тан астам лицензия жеңіп алады. 
 
Сочи қаласындағы (Ресей) XXVII Қысқы Олимпиада ойындары 2014 жылдың 7-нен 23-ші ақпанға дейін өтетіні мәлім. Жарыс барысында 15 спорт түрі бойынша 98 медаль жиынтығы ойнатылады. Лицензиялық жарыс 2014 жылдың қаңтарына дейін жалғасады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға