Жаңалықтар

Қазақстан мен Түркіменстан зиялылар форумын өткізетін болады

Қазақстан мен Түркіменстан зиялылар форумын өткізетін болады. Бүгін Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуінен кейін БАҚ үшін бірлескен мәлімдеме жасаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркіменстан арасында мәдени-тарихи байланыстар алдағы уақытта одан әрі тереңдей түсетінін атап өтті. «Біз Түркіменстандағы Қазақстан күнін және Қазақстандағы Түркіменстан күндерін өткізу туралы келістік. Зиялылар форумы мен іскерлер форумын да өткізу туралы уағдаластық. Бұның барлығы біздің ынтымақтастығымызды, байланысымызды арттыра түседі. Жастарды Қазақстандағы, Түркіменстандағы жоғары оқу орындарында оқыту да қарастырылмақ. Бұл біздің халықтарымызды жақындата түсетін болады», - деді Елбасы. ҚазАқпарат.
10.05.2013 08:54 2682

Қазақстан мен Түркіменстан зиялылар форумын өткізетін болады. Бүгін Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуінен кейін БАҚ үшін бірлескен мәлімдеме жасаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркіменстан арасында мәдени-тарихи байланыстар алдағы уақытта одан әрі тереңдей түсетінін атап өтті. «Біз Түркіменстандағы Қазақстан күнін және Қазақстандағы Түркіменстан күндерін өткізу туралы келістік. Зиялылар форумы мен іскерлер форумын да өткізу туралы уағдаластық. Бұның барлығы біздің ынтымақтастығымызды, байланысымызды арттыра түседі. Жастарды Қазақстандағы, Түркіменстандағы жоғары оқу орындарында оқыту да қарастырылмақ. Бұл біздің халықтарымызды жақындата түсетін болады», - деді Елбасы.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға