Жаңалықтар

«Ауылдан қашқандар-2» сериалы Сеул драма фестивалінде үздік үштікке ілікті

Сеулде өткен әлемдік драма фестивалінде үздік үштік қатарына «Ауылдан қашқандар-2» сериалы ілікті, деп хабарлайды 7-арна.  «Ауылдан қашқандар-2» сериалының авторы – көпшіліке «Наша казаша» (original) және «KZландия» скетч-шоуы арқылы танымал болған әзілкеш Нұртас Адамбаев. Номинацияға іліккен сериалдың қоюшы-операторы Азамат Дулатов, оның операторлық шеберлігі жобаның басты визит карточкасына айналды. Нұртас Адамбаев «Жетінші арнаның» сериалды фестиваль бәйгесіне тігу бастамасынан бейхабар болғанын айтып, ағынан жарылды. «Бұл өте жағымды тосын сый болды. Егер бізді фестивальға қатысуға шақырып жатса міндетті түрде барамыз. Өз еңбегіңді осындай әлемдік фестиваль бәйгесіне салу және АҚШ, Англия, Түркия сияқты телевизия алпауыттарымен қатар үздік сериал атағы үшін сайысқа түсу – өте үлкен сын. Менің ойымша, қазақстандық контенттің халықаралық деңгейге шығатын сәті келді. Егер біз жеңіс тізгінін ұстап жатсақ – бұл біздің қолымызда бар жобаларымыздың, жаңа жобаларды дамытуға оң әсерін тигізетіні сөзсіз», - дейді Нұртас Адамбаев. «Ауылдан қашқандар» сериалы алғаш рет эфирге «Жетінші арна» арқылы 2011 жылы шыққан болатын. Сериалдың бірінші маусымының сәтті шығуы «Ауылдан қашқандар-2» сериалының түсірілімін жалғастыруға өз септігін тигізген. Сериал аз уақыт аралығында өз көреремен аудиториясын баулып, ал жоба кейіпкерлері көрермен көзайымына айналып үлгерді. «Сеул фестиваліне қатысуға өтінім берерде ең алдымен отандық контентті халықаралық көрермен қауымының назарына ұсынуды, сонымен бірге өзге де халықаралық жобаларға бәсекелес бола алатын қазақстандық өнім дәрежесін көрсетуді де ойластырдық. Бұл осындай дәрежедегі фестивальға алғашқы қатысуымыз. «Жетінші арна» сапалы қазақстандық тың жобалар контентін жасауға басты назар аудара отырып, осындай деңгейдегі фестивальдарға қатысу арқылы отандық жобаларды ілгері бастыруды жалғастыра бермек», - дейді «Жетінші арна» телеарнасының Бас директоры Азиза Шужеева. Сеул фестивалінде сериалдармен бірге режиссерлер, сценаристтер және актерлердің шеберліктеріде бағаланады. Ал «Ауылдан қашқандар» сериалының авторы Нұртас Адамбаевтың елеулі марапатқа ие болу мүмкіндіктері мол, өйткені сериалда ол режиссер әрі сценарист және актер. Қазір www.seouldrama.org/en сайтында 34 елден, атап айтсақ Қазақстан, Оңтүстік Корея, Түркия, Франция, Германия, Жапония, Англия, АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия және т.б. елдердің қатысуымен 132 сериал ұсынылып отырған бәйгеге отандасымыз үшін дауыс беру жүргізіліп жатыр. Қазіргі күні «Ауылдан қашқандар» сериалы көшбастап, көрсеткіштер бойынша екінші орынды иеленіп отыр. Дауыс беру аралығында жоба 8 миллионнан астам дауыс жинап та үлгерді. Бұл көрсеткіш жобаны фестивальдың «Ең танымал шетел драмасы» номинациясынан үмітті етуде. Сеулде өткен әлемдік фестиваль осымен 8 жыл қатарынан әлем бойынша ең үздік сериалдарды анықтап келеді. Жыл сайын фестивальға ең үздік көпсериалы фильмдер қатысуда. Ал 2012 жылы фестиваль жүлдесін басты кейіпкерді Бенедикт Камбербэтч сомдаған, баршаға танымал «Шерлок Холмс» ағылшын сериалы жеңіп алған болатын. Бұл елеулі фестивальда Қазақстан алғашқы рет номинацияға ілігіп отыр. BNews.kz
09.05.2013 09:10 3407

«Ауылдан қашқандар-2» сериалы Сеул драма фестивалінде үздік үштікке іліктіСеулде өткен әлемдік драма фестивалінде үздік үштік қатарына «Ауылдан қашқандар-2» сериалы ілікті, деп хабарлайды 7-арна. 
«Ауылдан қашқандар-2» сериалының авторы – көпшіліке «Наша казаша» (original) және «KZландия» скетч-шоуы арқылы танымал болған әзілкеш Нұртас Адамбаев. Номинацияға іліккен сериалдың қоюшы-операторы Азамат Дулатов, оның операторлық шеберлігі жобаның басты визит карточкасына айналды.

Нұртас Адамбаев «Жетінші арнаның» сериалды фестиваль бәйгесіне тігу бастамасынан бейхабар болғанын айтып, ағынан жарылды. «Бұл өте жағымды тосын сый болды. Егер бізді фестивальға қатысуға шақырып жатса міндетті түрде барамыз. Өз еңбегіңді осындай әлемдік фестиваль бәйгесіне салу және АҚШ, Англия, Түркия сияқты телевизия алпауыттарымен қатар үздік сериал атағы үшін сайысқа түсу – өте үлкен сын. Менің ойымша, қазақстандық контенттің халықаралық деңгейге шығатын сәті келді. Егер біз жеңіс тізгінін ұстап жатсақ – бұл біздің қолымызда бар жобаларымыздың, жаңа жобаларды дамытуға оң әсерін тигізетіні сөзсіз», - дейді Нұртас Адамбаев.

«Ауылдан қашқандар» сериалы алғаш рет эфирге «Жетінші арна» арқылы 2011 жылы шыққан болатын. Сериалдың бірінші маусымының сәтті шығуы «Ауылдан қашқандар-2» сериалының түсірілімін жалғастыруға өз септігін тигізген. Сериал аз уақыт аралығында өз көреремен аудиториясын баулып, ал жоба кейіпкерлері көрермен көзайымына айналып үлгерді.

«Сеул фестиваліне қатысуға өтінім берерде ең алдымен отандық контентті халықаралық көрермен қауымының назарына ұсынуды, сонымен бірге өзге де халықаралық жобаларға бәсекелес бола алатын қазақстандық өнім дәрежесін көрсетуді де ойластырдық. Бұл осындай дәрежедегі фестивальға алғашқы қатысуымыз. «Жетінші арна» сапалы қазақстандық тың жобалар контентін жасауға басты назар аудара отырып, осындай деңгейдегі фестивальдарға қатысу арқылы отандық жобаларды ілгері бастыруды жалғастыра бермек», - дейді «Жетінші арна» телеарнасының Бас директоры Азиза Шужеева.

Сеул фестивалінде сериалдармен бірге режиссерлер, сценаристтер және актерлердің шеберліктеріде бағаланады. Ал «Ауылдан қашқандар» сериалының авторы Нұртас Адамбаевтың елеулі марапатқа ие болу мүмкіндіктері мол, өйткені сериалда ол режиссер әрі сценарист және актер.

Қазір www.seouldrama.org/en сайтында 34 елден, атап айтсақ Қазақстан, Оңтүстік Корея, Түркия, Франция, Германия, Жапония, Англия, АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия және т.б. елдердің қатысуымен 132 сериал ұсынылып отырған бәйгеге отандасымыз үшін дауыс беру жүргізіліп жатыр.

Қазіргі күні «Ауылдан қашқандар» сериалы көшбастап, көрсеткіштер бойынша екінші орынды иеленіп отыр. Дауыс беру аралығында жоба 8 миллионнан астам дауыс жинап та үлгерді. Бұл көрсеткіш жобаны фестивальдың «Ең танымал шетел драмасы» номинациясынан үмітті етуде.

Сеулде өткен әлемдік фестиваль осымен 8 жыл қатарынан әлем бойынша ең үздік сериалдарды анықтап келеді. Жыл сайын фестивальға ең үздік көпсериалы фильмдер қатысуда. Ал 2012 жылы фестиваль жүлдесін басты кейіпкерді Бенедикт Камбербэтч сомдаған, баршаға танымал «Шерлок Холмс» ағылшын сериалы жеңіп алған болатын. Бұл елеулі фестивальда Қазақстан алғашқы рет номинацияға ілігіп отыр.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға