Жаңалықтар

Хиуа хандығы

Соңғы редакциялау: 27 қазан 2012 Хиуа хандығы — 1512 — 1920 жылдар аралығында Орталық Азияда өмір сүрген мемлекет. Өзбек ханы Елбарыстың басшылығымен, Шайбани әулетінен бөліну негізінде құрылды. Астанасы бастапқы кезде Вазир мен Үргеніш қ-лары болды. 16 ғ-дың 70-жылдары астана Хиуа қ-на көшірілді. Елбарыс хан билік еткен 1512 — 16 ж. Х. х. ұлыстарға бөлініп, оларды ханның туыстары басқарды. Алғашқы кезде құрамына Хорезм, көшпелі түрікмендердің Маңғыстаудағы Дихистан мен Үзбой бойындағы аумақтары мен Хорасанның солт. бөлігі енді. Елбарыс қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде Х. х-нда Сұлтан Қажы хан (1516), Құсайын Құли хан (1517), Суфие хан (1517 — 22), Бужақа хан (1523 — 26), Аванем хан (1527 — 38), Әли хан (1538 — 47), Ақатай хан (1547 — 56), Жүніс хан (1556 — 57), Досты хан (1557 — 58), Қажы Мұхаммед хан (1559 — 1602) билік жүргізді. Осы билеушілер кезінде Х. х. өзара тақ тартысынан көз ашпады. Бұхар хандығымен де соғыс жүргізді. 1537, 1593, 1595 жылдары Бұхар хандығы Х. х-на жойқын жорықтар жасап, қысқа мерзімге болса да өзіне бағындырды. 17 ғ-дың бас кезінде билік еткен Араб Мұхаммед ханның тұсында Х. х. күшейіп, сыртқы жауларына, қалмақтардың шапқыншылығына тойтарыс берді. 1740 ж. хандықты Иран билеушісі Надир шах Афшар басып алды. Бірақ ол қайтыс болғаннан кейін хандық қайтадан өз тәуелсіздігін алды. Х. х-ндағы өзара тартыс бұдан кейін қайта жалғасты. Өзара билікке таласқан Хиуа шонжарлары билікке кейде қазақ сұлтандарын да шақырды (қ. Қайып). Бұл күресте қоңырат тайпасының билеушісі Ишан Мұхаммедәлі жеңіп шығып, жаңа Хиуа — Қоңырат әулетінің негізі қаланды. (1763). Бұл әулет алғашында өздері тағайындаған хандар арқылы билік жүргізді, ал 19 ғ-дың бас кезінде өз тайпаластары Елтүзерді (1804 — 06) таққа отырғызды. Қоңырат әулетінің ірі өкілі Мұхаммед Рахым хан болды (1806 — 25). Ол Х. х-н бір орт-қа біріктірді. Жоғ. кеңес құрып, салық реформасын жүзеге асырды, мемл. кірісті ұлғайтты, көршілес ұсақ иеліктерді (Арал маңы, қарақалпақтар, т.б.) бағындырды. Бұл орт. өкіметтің нығайып, күшейген кезеңі болды. 1714 — 17 ж. Петр Қ патша Хиуаға А.Бекович-Черкасский басқарған экспедиция аттандырды (қ. Хиуа экспедициясы). 19 ғ-дың бас кезінде Х. х. Арал маңы мен Үстіртті мекендеген Кіші жүз қазақтарына шабуыл жасауды үдетті (қ. Хиуа хандығының Қазақстанға шапқыншылығы). Орт. Азия үшін күресте Ұлыбританиямен бәсекелескен Ресей өкіметі 1839 — 40 ж. В.А. Перовскийдің басшылығымен Х. х-на қарсы әскери шабуыл ұйымдастырды. Кіші жүзді билеген кейбір қазақ билеушілерінің көмегіне қарамастан Ресей империясының бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Бірақ Орт. Азияға біржолата орнығуды көздеген Ресей отаршылары Х. х-на үнемі әскери және экон. қысым жасап отырды. Ақыры 1873 ж. К.П. Кауфман бастаған Ресей әскерлері Хиуаны басып алды. 1873 ж. келісім бойынша Х. х. Әмударияның оң жағалауындағы жерлерден бас тартты, егемендігінен айрылып, Ресей протекторатына айналды. Х. х-ның тұрғын халқы — өзбек, түрікмен, қарақалпақ, қазақтар суармалы егіншілікпен және мал ш-мен айналысты. Экспортқа мақта, кептірілген жеміс, мал терісі мен жүн шығарылды. 1917 жылғы Қа-зан төңкерісінен кейін көп ұзамай кеңес өкіметінің қысымымен 1920 ж. 2 ақпанда Х. х. құлап, оның орнына Хорезм Халық Кеңес Республикасы құрылды. 1924 — 25 ж. кеңес өкіметі орт. Азия республикаларының шекараларын межелеген кезде көпшілік бөлігі Өзбекстанның құрамына, қалған бөлігі Түрікменстанның құрамына енгізілді. Е. Қалданов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том
09.11.2012 03:40 24655

Соңғы редакциялау:

27 қазан 2012

Хиуа хандығы — 1512 — 1920 жылдар аралығында Орталық Азияда өмір сүрген мемлекет. Өзбек ханы Елбарыстың басшылығымен, Шайбани әулетінен бөліну негізінде құрылды. Астанасы бастапқы кезде Вазир мен Үргеніш қ-лары болды. 16 ғ-дың 70-жылдары астана Хиуа қ-на көшірілді. Елбарыс хан билік еткен 1512 — 16 ж. Х. х. ұлыстарға бөлініп, оларды ханның туыстары басқарды. Алғашқы кезде құрамына Хорезм, көшпелі түрікмендердің Маңғыстаудағы Дихистан мен Үзбой бойындағы аумақтары мен Хорасанның солт. бөлігі енді. Елбарыс қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде Х. х-нда Сұлтан Қажы хан (1516), Құсайын Құли хан (1517), Суфие хан (1517 — 22), Бужақа хан (1523 — 26), Аванем хан (1527 — 38), Әли хан (1538 — 47), Ақатай хан (1547 — 56), Жүніс хан (1556 — 57), Досты хан (1557 — 58), Қажы Мұхаммед хан (1559 — 1602) билік жүргізді. Осы билеушілер кезінде Х. х. өзара тақ тартысынан көз ашпады. Бұхар хандығымен де соғыс жүргізді. 1537, 1593, 1595 жылдары Бұхар хандығы Х. х-на жойқын жорықтар жасап, қысқа мерзімге болса да өзіне бағындырды. 17 ғ-дың бас кезінде билік еткен Араб Мұхаммед ханның тұсында Х. х. күшейіп, сыртқы жауларына, қалмақтардың шапқыншылығына тойтарыс берді. 1740 ж. хандықты Иран билеушісі Надир шах Афшар басып алды. Бірақ ол қайтыс болғаннан кейін хандық қайтадан өз тәуелсіздігін алды. Х. х-ндағы өзара тартыс бұдан кейін қайта жалғасты. Өзара билікке таласқан Хиуа шонжарлары билікке кейде қазақ сұлтандарын да шақырды (қ. Қайып). Бұл күресте қоңырат тайпасының билеушісі Ишан Мұхаммедәлі жеңіп шығып, жаңа Хиуа — Қоңырат әулетінің негізі қаланды. (1763). Бұл әулет алғашында өздері тағайындаған хандар арқылы билік жүргізді, ал 19 ғ-дың бас кезінде өз тайпаластары Елтүзерді (1804 — 06) таққа отырғызды. Қоңырат әулетінің ірі өкілі Мұхаммед Рахым хан болды (1806 — 25). Ол Х. х-н бір орт-қа біріктірді. Жоғ. кеңес құрып, салық реформасын жүзеге асырды, мемл. кірісті ұлғайтты, көршілес ұсақ иеліктерді (Арал маңы, қарақалпақтар, т.б.) бағындырды. Бұл орт. өкіметтің нығайып, күшейген кезеңі болды. 1714 — 17 ж. Петр Қ патша Хиуаға А.Бекович-Черкасский басқарған экспедиция аттандырды (қ. Хиуа экспедициясы). 19 ғ-дың бас кезінде Х. х. Арал маңы мен Үстіртті мекендеген Кіші жүз қазақтарына шабуыл жасауды үдетті (қ. Хиуа хандығының Қазақстанға шапқыншылығы). Орт. Азия үшін күресте Ұлыбританиямен бәсекелескен Ресей өкіметі 1839 — 40 ж. В.А. Перовскийдің басшылығымен Х. х-на қарсы әскери шабуыл ұйымдастырды. Кіші жүзді билеген кейбір қазақ билеушілерінің көмегіне қарамастан Ресей империясының бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Бірақ Орт. Азияға біржолата орнығуды көздеген Ресей отаршылары Х. х-на үнемі әскери және экон. қысым жасап отырды. Ақыры 1873 ж. К.П. Кауфман бастаған Ресей әскерлері Хиуаны басып алды. 1873 ж. келісім бойынша Х. х. Әмударияның оң жағалауындағы жерлерден бас тартты, егемендігінен айрылып, Ресей протекторатына айналды. Х. х-ның тұрғын халқы — өзбек, түрікмен, қарақалпақ, қазақтар суармалы егіншілікпен және мал ш-мен айналысты. Экспортқа мақта, кептірілген жеміс, мал терісі мен жүн шығарылды. 1917 жылғы Қа-зан төңкерісінен кейін көп ұзамай кеңес өкіметінің қысымымен 1920 ж. 2 ақпанда Х. х. құлап, оның орнына Хорезм Халық Кеңес Республикасы құрылды. 1924 — 25 ж. кеңес өкіметі орт. Азия республикаларының шекараларын межелеген кезде көпшілік бөлігі Өзбекстанның құрамына, қалған бөлігі Түрікменстанның құрамына енгізілді.

Е. Қалданов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға