Жаңалықтар

Әділдік, шындық, қанағат-рақым туралы

Әділдік, шындық туралы Әділдіктің белгісі - біле тұра бұрмаса, ақылдының белгісі - өткен істі қумаса. Асан қайғы Би - түзу, билік - әділ болсын! Әлихан Бөкейханов Биді кім болса содан қорықпайтындай, біреудің бетінің қызылына немесе біреудің жақсы жағасына қарамайтындай жағдайға қою шарт. Әлихан Бөкейханов Әділет тілесе - атаңның болсын айыбын айт. Мұхтар Әуезов Ақиқат - адал айтыстан туады. Шерхан Мұртаза Шындықты ақтарыла айту - қиынның қиыны. Шерхан Мұртаза Шындық - ащы һәм ажарсыз. Шерхан Мұртаза Шындыққа өлім жоқ. Мақал - мәтел Әділ бидің кегі жоқ, Білімдінің кемі жоқ. Би-шешендер Әділ биі болмаса - бірлігі кеткен ел ғаріп, Қадірін елі білмесе - қайратты туған ер ғаріп. Би-шешендер Әділ би әділдігін айтар - сары табақтан сарқыт қайтар. Би-шешендер Әділ деп соны айтыңыз - тураны қыйсық бұрмаса. Би-шешендер Шағырмақ бұлт - жай тастар, әділ жігіт - ел бастар. Шалгиіз Тіленшеұлы Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол! Төле би Әлібекұлы Туралық - хақтың мейірі. Сайф Сарайи Пайдасыз шындықтан - пайдалы өтірік артық. Сайф Сарайи Ізгілік пен әділдік өлмейді. Сайф Сарайи Хан әділ болса - халық ынтымақты болады. Майқы би Шыншылдық адалдықпен ағзалас. Әбу Нәсір әл-Фараби Қара қылды қақ жарған - жақсылардың белгісі. Әйтеке Байбекұлы Өтірік пен шынның арасы - төрт-ақ елі. Жиренше шешен Көзбен көрген - шын, құлақпен естіген - өтірік. Жиренше шешен Әділ сөз ащы көрінер. Жүсіп Баласағұн Әділ заң - тірегің. Жүсіп Баласағұн Әділдік жолын өзің аш. Жүсіп Баласағұн Әділдік әкімдіктен де күшті. Жүсіп Баласағұн Әділ сөйлеп, адал жүр. Қожа Ахмет Йассауи Ақиқат қашан да аңғал келеді. Олжас Сүлейменов Ақиқатты себеп-салдар жолымен түсіндіру - Лейбництің ойлап тапқан амалы. Соған орайтәжірибеден салдарды иланымды деңгейге жеткізуге қажет себеп теріліп алынады. Олжас Сүлейменов Қанағат-рақым туралы   Арғымағың жамандап- тұлпар қайдан табарсың, Тұйғыныңды жамандап - сұңқар қайдан табарсың. Асан қайғы   Көлдің суын жамандап - Еділ қайдан табарсың, Әкіміңді жамандап - әділ қайдан табарсың, Өз барыңды жамандап - асыл қайдан табарсың. Асан қайғы   Ақ тоныңды жамандап - атлас қайдан табарсың, Өз басыңды зорайтып - теңдес қайдан табарсың. Асан қайғы   Барымен базар. Мақал - мәтел   Қайғысыз қара суға семірер. Мақал - мәтел   Елің жүрсін есіңде - мал мен баққа есірме, Мал мен баққа есірсең - кез боларсың кесірге. Би-шешендер   Өлгеніңше - тою жоқ, түңілмей - ырза болу жоқ. Шортанбай Қанайұлы   Қолдағыға қанағат-шүкір қылмасаң, Болады бар да - арманда, жоқ та - арманда. Сүйінбай Аронұлы   Кілеміңе қарай көсіл. Құтып   Ішер судың да шамасы бар: артық - зиян. Құтып   Шам маймен жанады: көп май құйсаң өшіп қалады. Құтып   Қайран менің өз үйім - кең сарайдай боз үйім. Жиренше шешен   Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
08.05.2013 05:07 67533


Әділдік, шындық туралы

Әділдіктің белгісі - біле тұра бұрмаса, ақылдының белгісі - өткен істі қумаса.

Асан қайғы

Би - түзу, билік - әділ болсын!

Әлихан Бөкейханов

Биді кім болса содан қорықпайтындай, біреудің бетінің қызылына немесе біреудің жақсы жағасына қарамайтындай жағдайға қою шарт.

Әлихан Бөкейханов

Әділет тілесе - атаңның болсын айыбын айт.

Мұхтар Әуезов

Ақиқат - адал айтыстан туады.

Шерхан Мұртаза

Шындықты ақтарыла айту - қиынның қиыны.

Шерхан Мұртаза

Шындық - ащы һәм ажарсыз.

Шерхан Мұртаза

Шындыққа өлім жоқ.

Мақал - мәтел

Әділ бидің кегі жоқ,

Білімдінің кемі жоқ.

Би-шешендер

Әділ биі болмаса - бірлігі кеткен ел ғаріп,

Қадірін елі білмесе - қайратты туған ер ғаріп.

Би-шешендер

Әділ би әділдігін айтар - сары табақтан сарқыт қайтар.

Би-шешендер

Әділ деп соны айтыңыз - тураны қыйсық бұрмаса.

Би-шешендер

Шағырмақ бұлт - жай тастар, әділ жігіт - ел бастар.

Шалгиіз Тіленшеұлы

Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол!

Төле би Әлібекұлы

Туралық - хақтың мейірі.

Сайф Сарайи

Пайдасыз шындықтан - пайдалы өтірік артық.

Сайф Сарайи

Ізгілік пен әділдік өлмейді.

Сайф Сарайи

Хан әділ болса - халық ынтымақты болады.

Майқы би

Шыншылдық адалдықпен ағзалас.

Әбу Нәсір әл-Фараби

Қара қылды қақ жарған - жақсылардың белгісі.

Әйтеке Байбекұлы

Өтірік пен шынның арасы - төрт-ақ елі.

Жиренше шешен

Көзбен көрген - шын, құлақпен естіген - өтірік.

Жиренше шешен

Әділ сөз ащы көрінер.

Жүсіп Баласағұн

Әділ заң - тірегің.

Жүсіп Баласағұн

Әділдік жолын өзің аш.

Жүсіп Баласағұн

Әділдік әкімдіктен де күшті.

Жүсіп Баласағұн

Әділ сөйлеп, адал жүр.

Қожа Ахмет Йассауи

Ақиқат қашан да аңғал келеді.

Олжас Сүлейменов

Ақиқатты себеп-салдар жолымен түсіндіру - Лейбництің ойлап тапқан амалы. Соған орайтәжірибеден салдарды иланымды деңгейге жеткізуге қажет себеп теріліп алынады.

Олжас Сүлейменов

Қанағат-рақым туралы

 

Арғымағың жамандап- тұлпар қайдан табарсың,

Тұйғыныңды жамандап - сұңқар қайдан табарсың.

Асан қайғы

 

Көлдің суын жамандап - Еділ қайдан табарсың,

Әкіміңді жамандап - әділ қайдан табарсың,

Өз барыңды жамандап - асыл қайдан табарсың.

Асан қайғы

 

Ақ тоныңды жамандап - атлас қайдан табарсың,

Өз басыңды зорайтып - теңдес қайдан табарсың.

Асан қайғы

 

Барымен базар.

Мақал - мәтел

 

Қайғысыз қара суға семірер.

Мақал - мәтел

 

Елің жүрсін есіңде - мал мен баққа есірме,

Мал мен баққа есірсең - кез боларсың кесірге.

Би-шешендер

 

Өлгеніңше - тою жоқ, түңілмей - ырза болу жоқ.

Шортанбай Қанайұлы

 

Қолдағыға қанағат-шүкір қылмасаң,

Болады бар да - арманда, жоқ та - арманда.

Сүйінбай Аронұлы

 

Кілеміңе қарай көсіл.

Құтып

 

Ішер судың да шамасы бар: артық - зиян.

Құтып

 

Шам маймен жанады: көп май құйсаң өшіп қалады.

Құтып

 

Қайран менің өз үйім - кең сарайдай боз үйім.

Жиренше шешен

 

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға