Жаңалықтар

Өлең туралы

Абай - өзін-өзі өлеңімен жұбатқан жан. Шәкәрім Құдайбердіұлы Өлең үйіріліп көкейіңе ұйып жатсын, тазартып жүрек кірін жуып жатсын. Шәкәрім Құдайбердіұлы Өлең-жыр - көңілді түзететін машина. Сұлтанмахмұт Торайғыров Өлең айтушы әнпаз адамдарды жұртқа есерсоқ деп көрсетпей, есті деп қадірлі етіп көрсетуге тырысу керек. Сұлтанмахмұт Торайғыров Өлеңнің жаны - сұлулық. Сағат Әшімбаев Өлең - өмірдің үзіліп түскен мөлдір тамшысы. Сағат Әшімбаев Өлең сұлулығының басты өлшемі (критерий) - мазмұн мен түр арасындағы жанды жарасым (пропорция) сақталып, диалектикалық байланыстың үзілмеуі. Сағат Әшімбаев Өлеңде ой мен сезім болғанымен, олар лайықты формада (түр) көрініс таппаған болса - үстінде лыпа жоқ, киімсіз адамдай рабайсыз көрінеді. Керісінше, түрі (форма) келісіп, бірақ ой мен сезім  парасаттылығы жетпей жатса - өлең өлең емес, құр айғай болып шықпақ. Сағат Әшімбаев Өлең - ой мен сезімнің образға айналған көркемдік жарасымы. Сағат Әшімбаев Өлең оқу үшін де өре керек. Сағат Әшімбаев Өлең деген - ой мен сезімнің ар жағы. Қадыр Мырзалиев Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы. Абай Құнанбаев Өзгеге көңілім тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың. Абай Құнанбаев Өлеңнің жаны - сұлулық. Сағат Әшімбаев Өлең - өмірдің үзіліп түскен мөлдір тамшысы. Сағат Әшімбаев Образдылық әлем поэзиясына тон қасиет болғанымен, сыртқы түр жағынан да, ішкі мазмұн тұрғысынан да ұлттық ерекшеліктері болады. Сағат Әшімбаев Өлең сұлулығының басты өлшемі (критерий) - мазмұн мен түр арасындағы жанды жарасым (пропорция) сақталып, диалектикалық байланыстың үзілмеуі. Сағат Әшімбаев Өлеңде ой мен сезім болғанымен, олар лайықты формада (түр) көрініс таппаған болса - үстінде лыпа жоқ, киімсіз адамдай рабайсыз көрінеді. Керісінше, түрі (форма) келісіп, бірақ ой мен сезім  парасаттылығы жетпей жатса - өлең өлең емес, құр айғай болып шықпақ. Сағат Әшімбаев Өлең деген немене ой емес пе, Көрсеткен қызды сұлу бойы емес пе?! Өлеңді мұнда айтпаған қайда айтамыз, Қосылса бастарымыз той емес пе?! Қара өлең Өлеңменен ер жігіт ер жетеді, Жақсы өлең көңілді тербетеді. Қара өлең Өлең деген қиын ба өнерпазға, Өлең тұрмақ сөз қиын ақылы азға. Көңілді көтерелік осындайда, Кім бар, кім жоқ ендігі келер жазда. Қара өлең Өлеңді тіл бастайды, жақ қостайды. Қара өлең Тапсаң тәуір өлеңнің тазасын айт. Қара өлең Өмірде өлеңнен жоқ өнер ірі, Кетеді өлең айтса көңіл кірі. Айтқаның мың ойланып, жүз толғанып, Артында өлсең де өзің - қалар тірі. Қара өлең Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
08.05.2013 04:47 7324

Абай - өзін-өзі өлеңімен жұбатқан жан.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Өлең үйіріліп көкейіңе ұйып жатсын, тазартып жүрек кірін жуып жатсын.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Өлең-жыр - көңілді түзететін машина.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Өлең айтушы әнпаз адамдарды жұртқа есерсоқ деп көрсетпей, есті деп қадірлі етіп көрсетуге тырысу керек.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Өлеңнің жаны - сұлулық.

Сағат Әшімбаев

Өлең - өмірдің үзіліп түскен мөлдір тамшысы.

Сағат Әшімбаев

Өлең сұлулығының басты өлшемі (критерий) - мазмұн мен түр арасындағы жанды жарасым (пропорция) сақталып, диалектикалық байланыстың үзілмеуі.

Сағат Әшімбаев

Өлеңде ой мен сезім болғанымен, олар лайықты формада (түр) көрініс таппаған болса - үстінде лыпа жоқ, киімсіз адамдай рабайсыз көрінеді. Керісінше, түрі (форма) келісіп, бірақ ой мен сезім  парасаттылығы жетпей жатса - өлең өлең емес, құр айғай болып шықпақ.

Сағат Әшімбаев

Өлең - ой мен сезімнің образға айналған көркемдік жарасымы.

Сағат Әшімбаев

Өлең оқу үшін де өре керек.

Сағат Әшімбаев

Өлең деген - ой мен сезімнің ар жағы.

Қадыр Мырзалиев

Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы.

Абай Құнанбаев

Өзгеге көңілім тоярсың,

Өлеңді қайтіп қоярсың.

Абай Құнанбаев

Өлеңнің жаны - сұлулық.

Сағат Әшімбаев

Өлең - өмірдің үзіліп түскен мөлдір тамшысы.

Сағат Әшімбаев

Образдылық әлем поэзиясына тон қасиет болғанымен, сыртқы түр жағынан да, ішкі мазмұн тұрғысынан да ұлттық ерекшеліктері болады.

Сағат Әшімбаев

Өлең сұлулығының басты өлшемі (критерий) - мазмұн мен түр арасындағы жанды жарасым (пропорция) сақталып, диалектикалық байланыстың үзілмеуі.

Сағат Әшімбаев

Өлеңде ой мен сезім болғанымен, олар лайықты формада (түр) көрініс таппаған болса - үстінде лыпа жоқ, киімсіз адамдай рабайсыз көрінеді. Керісінше, түрі (форма) келісіп, бірақ ой мен сезім  парасаттылығы жетпей жатса - өлең өлең емес, құр айғай болып шықпақ.

Сағат Әшімбаев

Өлең деген немене ой емес пе,

Көрсеткен қызды сұлу бойы емес пе?!

Өлеңді мұнда айтпаған қайда айтамыз,

Қосылса бастарымыз той емес пе?!

Қара өлең

Өлеңменен ер жігіт ер жетеді,

Жақсы өлең көңілді тербетеді.

Қара өлең

Өлең деген қиын ба өнерпазға,

Өлең тұрмақ сөз қиын ақылы азға.

Көңілді көтерелік осындайда,

Кім бар, кім жоқ ендігі келер жазда.

Қара өлең

Өлеңді тіл бастайды, жақ қостайды.

Қара өлең

Тапсаң тәуір өлеңнің тазасын айт.

Қара өлең

Өмірде өлеңнен жоқ өнер ірі,

Кетеді өлең айтса көңіл кірі.

Айтқаның мың ойланып, жүз толғанып,

Артында өлсең де өзің - қалар тірі.

Қара өлең

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға