Әйел, ана туралы-2
Қатын алма алпыстан асқаннан соң,
Күш-қуатың бойыңнан қашқаннан соң.
Жас тоқал жатысымен еміренсе,
Тер шығар маңдайыңнан сасқаннан соң.
Шал Құлекеұлы
Кей сорлының қатыны - күндіз ауру, түнде сау.
Үмбетей Тілеуұлы
Жақсы болса жұбайың - қабағыңа қарайды.
Сүйінбай Аронұлы
Қыз сипаты:
Бота көз, оймақ ауыз, қиғаш қасты,
Ақ мандай, жазық қабаұ, сүмбіл шашты.
Сағым бет, тісі меруерт, күміс кірпік,
Шырын сөз алуан шекер балдан тәтті.
Сүйінбай Аронұлы
Жаман әйел - жақсы еркектің соры.
Сайф Сарайи
Түркілік қоғамда әйелдердің кең құқықтар берілген, олар мемлекеттік істерге белсене араласқан. Тақтың мұрагерін ана тәрбиелеген.
Олжас Сүлейменов
Еркекқұмар әйел ерге жарымас.
Махмұд Қашқари
Жаман әйел ер қадірін білмес.
Майқы би
Жетесіз жігіт - ел қадірін білмес, некесіз әйел - ер қадірін білмес.
Майқы би
Жұпарын қардай боратып аруды құшқан өкінбес.
Доспамбет жырау
Адамның жан жолдасы - сүйген жары.
Жанақ Сағындықұлы
Сұлу әйел алған - өмір бойы қарауыл боп өтеді, бай әйел алған - өмір бойы құл болып өтеді.
Жүсіп Баласағұн
Жақсы әйелдің сипаты:
Ақ жүзді әйел алсаң бойы сұңғақ,
Қасыңа шақырғанда келсе зулап.
Дауысы «әу» дегенде әрең шығып,
Кеудесі еңкейгенде етсе бұлғақ.
Қара қас, жазық маңцай, қара көзді,
Дауысы жіп-жіңішке, жұмсақ сөзді.
Мінезі майдай еріткен қорғасындай,
Келсе де ерте-кешті бір мінезді.
Жүзінің ақ аралас, қызыл беті,
Жаман сөз сөйлемейді, адал жіпті.
Болған да тісі аппақ, пісте мұрын,
Ауызы қалжың сөзге болса епті.
Жат қылық, шайпау мінез еш болмайды,
Шақ етіп дауысы шықпас баланы ұрған.
Ерте-кеш бір ауылдан ері келсе,
Тап-таза үйдің іші сыпырылған.
Жігітке адал жүріп болар серік,
Қуанар ғазиз құрбы жүзін көріп.
Білгізбей бар болса да, жоқ болса да,
Ол бір марал тұрғаны қасын керіп.
Жаман әйелдің сипаты:
Болмайды сұлу қылықты жаман қатын,
Білмейді оқытсаң да сөздің салтын.
Ілмелеп, салған жерден кекесіндеп,
Қылады ұрыс-жанжал сөздің артын.
Кетеді таң атқан соң өсек бағып,
Қонаққа тамақ бер деп ептеп айтса,
Жүреді теріс қарап жылмың қағып.
Кісіге күле сөйлеп, келмес жанап,
Былшылдар ел көзінше байын талап.
Таусылды қант пен мейіз, ет пен шай деп,
Қонағын қыстай келген бәрін санап.
Сыпырмас үйдің ішін, киіз қағып,
Еш уақыт шаруа қылмас отын жағып.
Тазалық үй ішінде болмаған соң,
Бойыңда қадір-баға қалар нағып.
Орамал жерде жатыр кірі батпан,
Салдырап аяқ-табақ қирап жатқан.
Сүтін ішіп, шелегін ит жаласа,
«Кет!» деп еш айтпайды құдай атқан.
Ақан сері Қорамсаұлы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы