Жаңалықтар

Әйел, ана туралы-1

Жаман әйел - жігіттің тайдырады табанын, тар қылады заманын; жақсы әйел - жігіттің жақсы қылар жаманын, ұшқыр қылар шабанын. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Жақсы әйел - жаман еркектің басын төрге сүйрейді, жаман әйел жақсы еркектің басын көрге сүйрейді. Мақал - мәтел Келін қайын енесінің топырағынан жаралады. Мақал - мәтел Әйел көркі -шүберек. Мақал - мәтел Қыз қылығымен. Мақал - мәтел Қыз  өссе - елдің көркі. Мақал - мәтел Жаман әйелдің тілі ащы. Мақал - мәтел Жақсы әйел - ырыс, жаман әйел - ұрыс. Мақал - мәтел Қыз - қырық шырақты. Мақал - мәтел Жігітті басар қайғы ой меңдесе.   Жаман қыздың үйіне кіріп барсаң - төбе шашы үрпиіп төрге қашар.  Қара өлең Тон бітпеске тон бітсе - қағуменен тоздырар. Жаман әйелге қоң бітсе - ер жігітті аздырар. Би-шешендер Жаман болса жолдасы - әйелдің түскен торы да, Шыға алмайтын мұңылықтың қазылған терең оры да. Би-шешендер Асыл болса алған жар - ханым емей немене, Жайлы болса мінезі - жаның емей немене. Би-шешендер Бұл жалған дүниеде кімнің төрт құбыласы тең болады? Түзу мылтық, қыран, жүйрік аты бар, мінез-құлқы мінсіз әйелі бар ердің төрт құбыласы тең болады. Би-шешендер Алған жарың жақсы болса - ат үстінен дүбір ет, Алған жарың жаман болса - шиге кіріп сыбыр ет. Би-шешендер Әйел алсаң, жігіттер, - қыпша бел торыны ал, ол болмаса - ақ құбаның зорын ал, таба алмасаң - қараның оңын ал. Аузы - қызыл, көзі - көк, былшылдаған сөзі көп - шапылдаған сарыға жолама! Би-шешендер Қыз сипаты: мойыл көз, тоқ жүз. Шәңгерей Бөкеев Жігіттің болса алған жақсы жары: Сен болсаң бір аллаға еткен зары. Баладай риясыз еркелеген, Сен болсаң тағы да сол ынтызары. Шәңгерей Бөкеев Құлқына құмарланып құшқанында, Шайқалып тұрса алтын сырғалары. Кәмшаты барқыт төбе қырын киген, Қадалса империал һәм динары. Ақылы жамалына болса лайық, Жігіттің сол емес пе жан құмары. Шәңгерей Бөкеев Жайыңды білмес қарындас - өзі дұшпан, өзі қас. Шалгиіз Тіленшеұлы Жаман әйел алғанның - жауы үйінде, жақсы әйел - алғанның тойы үйінде. Шал Құлекеұлы Әйел алсаң қарап ал ақылдысын, Сол болар басқалардан жақын кісің. Ағайынға, туысқа қайырылса, Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің. Ерге - аю, балаға - қасқыр болса, Ондай қатын алғанның күні құрсын. Шал Құлекеұлы Анасын көр де - қызын ал, аяғын көр де - асын іш. Шал Құлекеұлы Қатын шайпау болғаны - болмағаны, келін шайпау болғаны - оңбағаны. Шал Құлекеұлы Пайдасы жоққа жалынсаң - семіз бір жемқор малмен тең, Жақсы қатын алсаңыз - алланың жауған нұрымен тең. Шал Құлекеұлы Әйел сыны: қарауыл қара дейтін бір қатын болады - таңертең тұрады, түндікті оңынан ашады, кетіп бара жатқанға көз салып, өтіп бара жатқанды адал алады. Екінші әйел - қыналы бармақ дейтін - аз нәрсені көптей қылады, киіміне кір жұқпайды, асына қылшық тұрмайды, дүниесінің бәрі таза болады, ерінің бары-жоғын білгізбейді. «Ер - егіз, еңбексіз - жалғыз» деген. Осы талайлы елдің қолына түседі. Үшіншісі - ашып атар, жатып ішер... бастама етік көрпілдек, сиыр жапасы сырылдақ. Сормаңдай ерге жолығады. Шал Құлекеұлы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
08.05.2013 04:41 20390

Жаман әйел - жігіттің тайдырады табанын, тар қылады заманын; жақсы әйел - жігіттің жақсы қылар жаманын, ұшқыр қылар шабанын.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Жақсы әйел - жаман еркектің басын төрге сүйрейді, жаман әйел жақсы еркектің басын көрге сүйрейді.

Мақал - мәтел

Келін қайын енесінің топырағынан жаралады.

Мақал - мәтел

Әйел көркі -шүберек.

Мақал - мәтел

Қыз қылығымен.

Мақал - мәтел

Қыз  өссе - елдің көркі.

Мақал - мәтел

Жаман әйелдің тілі ащы.

Мақал - мәтел

Жақсы әйел - ырыс, жаман әйел - ұрыс.

Мақал - мәтел

Қыз - қырық шырақты.

Мақал - мәтел

Жігітті басар қайғы ой меңдесе.

  Жаман қыздың үйіне кіріп барсаң - төбе шашы үрпиіп төрге қашар. 

Қара өлең

Тон бітпеске тон бітсе - қағуменен тоздырар.

Жаман әйелге қоң бітсе - ер жігітті аздырар.

Би-шешендер

Жаман болса жолдасы - әйелдің түскен торы да,

Шыға алмайтын мұңылықтың қазылған терең оры да.

Би-шешендер

Асыл болса алған жар - ханым емей немене,

Жайлы болса мінезі - жаның емей немене.

Би-шешендер

Бұл жалған дүниеде кімнің төрт құбыласы тең болады? Түзу мылтық, қыран, жүйрік аты бар, мінез-құлқы мінсіз әйелі бар ердің төрт құбыласы тең болады.

Би-шешендер

Алған жарың жақсы болса - ат үстінен дүбір ет,

Алған жарың жаман болса - шиге кіріп сыбыр ет.

Би-шешендер

Әйел алсаң, жігіттер, - қыпша бел торыны ал, ол болмаса - ақ құбаның зорын ал, таба алмасаң - қараның оңын ал. Аузы - қызыл, көзі - көк, былшылдаған сөзі көп - шапылдаған сарыға жолама!

Би-шешендер

Қыз сипаты: мойыл көз, тоқ жүз.

Шәңгерей Бөкеев

Жігіттің болса алған жақсы жары:

Сен болсаң бір аллаға еткен зары.

Баладай риясыз еркелеген,

Сен болсаң тағы да сол ынтызары.

Шәңгерей Бөкеев

Құлқына құмарланып құшқанында,

Шайқалып тұрса алтын сырғалары.

Кәмшаты барқыт төбе қырын киген,

Қадалса империал һәм динары.

Ақылы жамалына болса лайық,

Жігіттің сол емес пе жан құмары.

Шәңгерей Бөкеев

Жайыңды білмес қарындас - өзі дұшпан, өзі қас.

Шалгиіз Тіленшеұлы

Жаман әйел алғанның - жауы үйінде, жақсы әйел - алғанның тойы үйінде.

Шал Құлекеұлы

Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,

Сол болар басқалардан жақын кісің.

Ағайынға, туысқа қайырылса,

Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.

Ерге - аю, балаға - қасқыр болса,

Ондай қатын алғанның күні құрсын.

Шал Құлекеұлы

Анасын көр де - қызын ал, аяғын көр де - асын іш.

Шал Құлекеұлы

Қатын шайпау болғаны - болмағаны, келін шайпау болғаны - оңбағаны.

Шал Құлекеұлы

Пайдасы жоққа жалынсаң - семіз бір жемқор малмен тең,

Жақсы қатын алсаңыз - алланың жауған нұрымен тең.

Шал Құлекеұлы

Әйел сыны: қарауыл қара дейтін бір қатын болады - таңертең тұрады, түндікті оңынан ашады, кетіп бара жатқанға көз салып, өтіп бара жатқанды адал алады. Екінші әйел - қыналы бармақ дейтін - аз нәрсені көптей қылады, киіміне кір жұқпайды, асына қылшық тұрмайды, дүниесінің бәрі таза болады, ерінің бары-жоғын білгізбейді. «Ер - егіз, еңбексіз - жалғыз» деген. Осы талайлы елдің қолына түседі. Үшіншісі - ашып атар, жатып ішер... бастама етік көрпілдек, сиыр жапасы сырылдақ. Сормаңдай ерге жолығады.

Шал Құлекеұлы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға