Жаңалықтар

Жеңіс күніне орай Оралда екі бірдей көрме ашылды

Ұлы Жеңіс мейрамына орай Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «45 жылдың пәтері» және «Соғыс жылдарындағы техника» атты екі көрме ашылды. Келушілер назарына Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жиһаз, патефон, баян, майдан хаттары, суреттер сынды жәдігерлер мен сол кезгі әскери техникалардың үш жүздей макеті ұсынылды. Көрменің ашылу рәсімінде соғыс және еңбек ардагерлері Қадыр Ғайсин мен Хамза Сафин естеліктерімен бөліссе, Күләш Васильева анасы, қазақтың партизан қызы Нұрғаным Байсейітова туралы сыр шертті. Ғабдолла Тоқай атындағы музейдің басшысы Марат Багаутдинов соғыс кезіндегі әскери техникалар жөнінде әңгімелеп берді. ҚазАқпарат.
08.05.2013 03:44 2954

Ұлы Жеңіс мейрамына орай Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «45 жылдың пәтері» және «Соғыс жылдарындағы техника» атты екі көрме ашылды.

Келушілер назарына Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жиһаз, патефон, баян, майдан хаттары, суреттер сынды жәдігерлер мен сол кезгі әскери техникалардың үш жүздей макеті ұсынылды.

Көрменің ашылу рәсімінде соғыс және еңбек ардагерлері Қадыр Ғайсин мен Хамза Сафин естеліктерімен бөліссе, Күләш Васильева анасы, қазақтың партизан қызы Нұрғаным Байсейітова туралы сыр шертті.

Ғабдолла Тоқай атындағы музейдің басшысы Марат Багаутдинов соғыс кезіндегі әскери техникалар жөнінде әңгімелеп берді.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға