Барак Обама республикашыл-сенаторларға гольфтен жеңіліп қалды
Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Утро.ру хабарлады.
Ақ үйдің өкілі Джей Карнидің айтуынша, ойын барысында Обама республикашылармен бір мәмілеге келу бойынша бірқатар мәселелерді қаузады. Атап айтқанда, АҚШ бюджеті талқыланды. Президент бюджет кірісінің көлемін арттыру үшін бірқатар салықтық айла-амалдарға тыйым салу арқылы байларға салықтық жүктемені арттыруға тырысуда. Республикашылар болса, экономикалық өсімге кері әсерден сақтанып, салықтарды көтеруге түбегейлі қарсы.
Обама өзіне қарсыластар ретінде тәжірибелі гольфшыларды таңдады. Джорджия штатынан сайланған республикашыл-сенатор Саксби Шамблисс бір соққымен допты шұңқырға дөп кіргізіп, бұл бағыттағы машықтығын көрсетіп қалды. Сондай-ақ Обамамен Теннессиден сайланған республикашыл Боб Коркер және Колорада штатының демократы Марк Удалл ойнады. Төрт сағаттық партиядан кейін демократтар командасы республикашыларға жол берді.
ҚазАқпарат.