Бейбіт СЕЙДУӘЛИЕВА, әнші: 7 мамырда Тоқтар үшін мен өзім «сыйлықпын»
Ал, Бейбіт дүние есігін ашқанда, Жеңіс мерекесі қарсаңында туылғандықтан, ата-анасы «Мейрамгүл» немесе «Жеңісгүл» атамақ болған. Алайда, үш қыздың артынан ұл бала келсін, әрі бейбіт заман орнасын деген ырыммен сәбиге «Бейбіт» есімін беруді ұйғарған көрінеді.
Жылына бір-ақ рет келетін туған күнінде қандай сыйлық күтетінін сұрағанымызда былай жауап берді: «Кез келген сыйлықтан бас тартпаймын. Шын көңілмен сыйланса болды. Былтырғы туған күнімде Тоқтар тосынсый жасап, автокөліктің кілтін табыс етті. Оған дейін көлік айдағым келетінін жеткізгенімде, құптай қоймаған еді. Күтпеген жерден ойын өзгерткеніне таңдандым, әрі қуандым. Қазір көлігімді өзім айдап жүрмін».
Үйдегі ер-азаматтарға не сыйлайтынын білгіміз келгенде, «Мен өзім сыйлықпын ғой» деп әзілдеп алған әнші: «Бүгін Тоқтардың үйде бола алмайтыны өкінішті. Елбасының қатысуымен өтетін концертте өнер көрсетеді. Сыйлығын келген соң алып берермін. Әзірге не сыйлайтынымды ойланған жоқпын», – деп ағынан жарылды.
Мақпал ЖҰМАШОВА