Жаңалықтар

Примадонна енді немерелері үшін кітап жазғысы келеді

Бұдан бірнеше жыл бұрын Алла Пугачева өзінің мемуар жазу қаперінде жоқ екенін айтып, ант-су ішіп еді. Тіпті бір сұхбатында ұшақпен ұшуға қатты қорқатынын, сондықтан әр жолы бортқа отырға сайын: «Жаратқан құдай, мен кітап жазып қалдырғаным жоқ, маған әзір тие көрме», деп жалбарынатынын жеткізген де болатын.   Алайда, Алла Борисовнаның бұл жөніндегі жоспары осы күндері күрт өзгерген сияқты. Примадонна Мәскеудің «Коммерсантъ» газетіне берген сұхбатында мұны ашық білдіреді. Ол өзінің сөзінде мемуар жазу жөнінде ойлана бастағанын айтыпты. «Мен бір кездері өзімнің өмірде кітап жазу туралы ойым жоқ екенін айтып едім. Қаламаймын дедім, болды. Мен себебі өткен күніммен, өткенімді аңсаумен, өткенімді сағынумен өмір сүрген адам емеспін, – деді Алла Пугачева. – Мен тек бүгінгі күніммен өмір сүрдім. Ал қазір болашағым туралы да ойлап қоятын уақыт жетті деп білемін. Шамасы, адамның жасы келген сайын бұл туралы да ойланатын сияқты. «Тыңда, сен туралы кезінде талай нәрсе айтылып, жазылды, қаншама өтіріктер судай сапырылысты. Бұлар сол күйінде қала бере ме?» деген сұрақ қояды екенсің өзіңе өзің. Тап қазіргі сәтте мен тіпті үлкен аудитория туралы да ойланып отырғаным жоқ. Мені өзімнің немерелерім қызықтырады. Тым болмаса соларға арнап бірдеңе айтып кеткім келеді. Балалық шағымның қандай болғанын, өзімнің қандай болғанымды. Құрығанда өзімнің айтқан әндерімнің тізімін келтірсем де бірдеңе айтуым керек секілді». Примадонна тек бұл кітабын қашан бастап, қашын жазып бітетінін айтқан жоқ. Егемен Қазақстан  
06.05.2013 06:56 3516

Бұдан бірнеше жыл бұрын Алла Пугачева өзінің мемуар жазу қаперінде жоқ екенін айтып, ант-су ішіп еді. Тіпті бір сұхбатында ұшақпен ұшуға қатты қорқатынын, сондықтан әр жолы бортқа отырға сайын: «Жаратқан құдай, мен кітап жазып қалдырғаным жоқ, маған әзір тие көрме», деп жалбарынатынын жеткізген де болатын.

 

Алайда, Алла Борисовнаның бұл жөніндегі жоспары осы күндері күрт өзгерген сияқты. Примадонна Мәскеудің «Коммерсантъ» газетіне берген сұхбатында мұны ашық білдіреді. Ол өзінің сөзінде мемуар жазу жөнінде ойлана бастағанын айтыпты. «Мен бір кездері өзімнің өмірде кітап жазу туралы ойым жоқ екенін айтып едім. Қаламаймын дедім, болды. Мен себебі өткен күніммен, өткенімді аңсаумен, өткенімді сағынумен өмір сүрген адам емеспін, – деді Алла Пугачева. – Мен тек бүгінгі күніммен өмір сүрдім. Ал қазір болашағым туралы да ойлап қоятын уақыт жетті деп білемін. Шамасы, адамның жасы келген сайын бұл туралы да ойланатын сияқты. «Тыңда, сен туралы кезінде талай нәрсе айтылып, жазылды, қаншама өтіріктер судай сапырылысты. Бұлар сол күйінде қала бере ме?» деген сұрақ қояды екенсің өзіңе өзің. Тап қазіргі сәтте мен тіпті үлкен аудитория туралы да ойланып отырғаным жоқ. Мені өзімнің немерелерім қызықтырады. Тым болмаса соларға арнап бірдеңе айтып кеткім келеді. Балалық шағымның қандай болғанын, өзімнің қандай болғанымды. Құрығанда өзімнің айтқан әндерімнің тізімін келтірсем де бірдеңе айтуым керек секілді».
Примадонна тек бұл кітабын қашан бастап, қашын жазып бітетінін айтқан жоқ.

Егемен Қазақстан

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға