Жаңалықтар

Әуезов үйі

Соңғы редакциялау: 16 қазан 2012 Әуезов үйі, “Әуезов үйі” ғылыми-мәдени орталығы — ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығарм. мұрасын көпшілікке таныстыру, насихаттау, зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғыл.-мәдени мекеме. Алматы қ-нда жазушының өзі тұрған (1951 — 61) үйде (Төлебаев көшесі, 135-үй) орналасқан. Бұл үйді мұражайға айналдыру туралы Қазақстан үкіметінің қаулысы 1961 ж. 10 тамызда қабылданды. Жазушының әдеби мұрасы, өзі көзі тірісінде тұтынған заттары, үй жиһаздары, қолжазбалары жүйеге келтіріліп, тақырыптық көрмелер жасалып, 1963 ж. 28 қарашада мұражай ресми түрде ашылды. Қазақстан үкіметінің “М.О. Әуезовтің туғанына 100 жыл толуы мерейтойына дайындық және оны өткізу туралы” 1993 ж. 19 шілдедегі (ғ 810) қаулысына сәйкес, 1996 ж. 1 маусым күні мұражай “Әуезов үйі” ғыл.-мәдени орталығы болып қайта құрылды. Орталық негізінен үш бағытта жұмыс жүргізеді: Бірінші бағыты — жазушының өмірі мен шығарм. мұрасын жинақтау, оны ғыл. жүйеге түсіріп саралау, жариялау және әуезовтану саласы бойынша жарық көрген еңбектерді жинау. Екінші бағыты — мұражайдағы қолжазбалар мен экспонаттарды, кино, фото, дыбыс қорларындағы мұраларды ғыл. жүйеге түсіру, көрме ұйымдастыру. Қолжазба қорында 72 мыңнан астам мұрағаттар, сирек кездесетін кітаптар, жазушының күнделіктері мен жолжазбалары, архивтерден жинаған құнды деректері, жеке басы құжаттары, т.б. бар. Үшінші бағыты—М. Әуезовтің азаматтық, шығарм. құқығын қорғау. Орталық орналасқан мұражай үйі екі қабаттан тұрады, онда 8 бөлме бар. Бірінші қабаттағы кіреберіс дәліз қабырғаларының жоғ. жиектері ұлттық ою-өрнекпен безендірілген. Одан көне түркілердің сегіз бұрышты, көк түсті оюларын байқауға болады. Бұрышта киім ілгіш тұр. Сол жақтағы бірінші бөлме жазушының көзі тірісінде “демалыс бөлмесі” деп аталған. Онда күйсандық, теледидар, жұмсақ орынтақтар мен журнал үстелі қойылған. Төрде  О. Таңсықбаевтың “Көктөбе”, Б. Орманшының  “Гүлдер”, А. Черкасскийдің “Раушан” кескіндемелері ілінген. Мұражай үйіндегі ең үлкен бөлме — қонақ бөлмесі. Ортадағы үлкен үстел мен орындықтар, жиїаздар Ә-тің арнайы тапсырысы бойынша Мәскеуде жасалған. Еденге парсы кілемі төселген. Қабырғаларға А. Риттихтың “Дастарқандағы алма”, Таңсықбаевтың “Бозқараған”, Шығыс Түркістандағы қазақ жазушылары сыйлаған “Тау көрінісі” суреттері ілінген. Әйнекті абажа мен кебежелердің ішінде қымбат бағалы, күміспен зерленген ыдыс-аяқтар сақталған. Ұлы жазушы ғұмырының соңғы он жылындағы шығарм. қуанышы мен азабының куәсі болған қастерлі ой отауы — оның жұмыс бөлмесі. Бөлмедегі кітап сөрелері дөңгелене қаланған қабырғаға кіріктіріле орнатылған. Жазу үстелінің үстіндегі қолжазбалар, қаламсап пен қарындаштар, көзілдірік пен кітап, бүркіттің мүсіні сол күйі сақталған. Бұрышта — жазу мәшеңкесі. Жазушы кешке жақын ұзақ уақыт шам жақпай, алакеуім көлеңкеде, қолына домбырасын алып, терезе алдындағы диванда отырып күй тартуды өте ұнатқан. Мұражай үйінің бірінші қабатындағы төртінші бөлме — жазушының қарындасы Үміштің (Үмияның) бөлмесі. Бұл бөлме өзгелерден ерекше, қазақ халқының дәстүрлі тұрмысы үлгісінде жиїаздалған. Бұрышта — сандық. Терезе алдында жазушының ертеректе пайдаланған шағын үстелі тұр. Төрге ағайын-туыстарының суреті ілінген. Екінші қабаттағы үш бөлменің ең үлкені — ұйықтайтын бөлме. Жазушы бөлмедегі жиїаздарды Ригадан алдырған. Киім шкафында жазушы киген киімдер ілулі тұр. Жазушының қызы Ләйлә-нің бөлмесі шағын, қарапайым ғана жиїазбен жабдықталған. Төрде Орманшының сыйға тартқан суреті ілулі тұр. Жазушының ұлы Ернардың бөлмесіндегі ерекше құнды экспонат — ескі жазу үстелі. Бұл үстелді жазушы 1932 ж. сатып алған. 1951 жылға дейінгі шығармалары, соның ішінде “Абай жолының” алғашқы екі кітабы осы үстелде жазылған. 1997 ж. құрылысы біткен жаңа көрме ғимаратының негізгі бөлігі бұрынғы мұражай үйінің еңсесін баспас үшін жерге сіңіріле салынған. Көрмеге баспалдақпен түседі. Бұл — Әуезовтің көркемдік әлеміне тізеңді бүгіп, тағзым етіп кіру рәсімі үшін әдейі жасалған сәулеттік шешім. Көрменің іші — жалпы түркі әлеміне ортақ көк түспен көмкерілген. Көрменің негізгі мақсаты — ұлы тұлға ғұмырына қатысты заттар, құжаттар, суреттер арқылы жазушының тағдырын, шығарм. мұратын терең де әсерлі ұғынуға жәрдемдесу. Онда қойылған экспонаттар М. Әуезовтің туған, өскен ортасы, жазушылық жолы, қоғамдық қызметі, “Алаш” қозғалысы, кеңестік жазалау саясаты тұсындағы көрсетілген қысымдар мен 1930—32 ж. түрмедегі өмірі, шет ел сапарлары туралы жан-жақты мағлұмат береді. Салтанат ғимаратында жазушының өзі туралы деректі фильмдермен қоса, оның шығармалары бойынша түсірілген “Абай әндері”, “Райхан”, “Асудағы атыс”, “Көксерек” көркемсуретті фильмдері, замандастарының жазушы туралы айтқан естеліктерінің бейнетаспалары көрсетіледі. Жазушының өзінің дауысы жазылған таспалар мен күйтабақтар бар. Алматы қалалық халық ун-тінің дәстүрлі сабағы да айына екі рет, жұма күндері осында өткізіліп тұрады. Орталықта мекемелер мен жоғары оқу орындарына, мектептерге апарып таныстыруға арналған тақырыптық көшпелі көрме жұмыс істейді. Қайта қалпына келтіру шеберханасы мен ғыл. жұмыспен айналысушыларға қызмет көрсететін компьютерлік бөлім бар.                 Т. Жұртбаев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 1-том    
09.11.2012 03:32 7614

Соңғы редакциялау:

16 қазан 2012

Әуезов үйі, “Әуезов үйі” ғылыми-мәдени орталығы — ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығарм. мұрасын көпшілікке таныстыру, насихаттау, зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғыл.-мәдени мекеме. Алматы қ-нда жазушының өзі тұрған (1951 — 61) үйде (Төлебаев көшесі, 135-үй) орналасқан. Бұл үйді мұражайға айналдыру туралы Қазақстан үкіметінің қаулысы 1961 ж. 10 тамызда қабылданды. Жазушының әдеби мұрасы, өзі көзі тірісінде тұтынған заттары, үй жиһаздары, қолжазбалары жүйеге келтіріліп, тақырыптық көрмелер жасалып, 1963 ж. 28 қарашада мұражай ресми түрде ашылды. Қазақстан үкіметінің “М.О. Әуезовтің туғанына 100 жыл толуы мерейтойына дайындық және оны өткізу туралы” 1993 ж. 19 шілдедегі (ғ 810) қаулысына сәйкес, 1996 ж. 1 маусым күні мұражай “Әуезов үйі” ғыл.-мәдени орталығы болып қайта құрылды.

Орталық негізінен үш бағытта жұмыс жүргізеді: Бірінші бағыты — жазушының өмірі мен шығарм. мұрасын жинақтау, оны ғыл. жүйеге түсіріп саралау, жариялау және әуезовтану саласы бойынша жарық көрген еңбектерді жинау. Екінші бағыты — мұражайдағы қолжазбалар мен экспонаттарды, кино, фото, дыбыс қорларындағы мұраларды ғыл. жүйеге түсіру, көрме ұйымдастыру. Қолжазба қорында 72 мыңнан астам мұрағаттар, сирек кездесетін кітаптар, жазушының күнделіктері мен жолжазбалары, архивтерден жинаған құнды деректері, жеке басы құжаттары, т.б. бар. Үшінші бағыты—М. Әуезовтің азаматтық, шығарм. құқығын қорғау.

Орталық орналасқан мұражай үйі екі қабаттан тұрады, онда 8 бөлме бар. Бірінші қабаттағы кіреберіс дәліз қабырғаларының жоғ. жиектері ұлттық ою-өрнекпен безендірілген. Одан көне түркілердің сегіз бұрышты, көк түсті оюларын байқауға болады. Бұрышта киім ілгіш тұр. Сол жақтағы бірінші бөлме жазушының көзі тірісінде “демалыс бөлмесі” деп аталған. Онда күйсандық, теледидар, жұмсақ орынтақтар мен журнал үстелі қойылған. Төрде  О. Таңсықбаевтың “Көктөбе”, Б. Орманшының  “Гүлдер”, А. Черкасскийдің “Раушан” кескіндемелері ілінген. Мұражай үйіндегі ең үлкен бөлме — қонақ бөлмесі. Ортадағы үлкен үстел мен орындықтар, жиїаздар Ә-тің арнайы тапсырысы бойынша Мәскеуде жасалған. Еденге парсы кілемі төселген. Қабырғаларға А. Риттихтың “Дастарқандағы алма”, Таңсықбаевтың “Бозқараған”, Шығыс Түркістандағы қазақ жазушылары сыйлаған “Тау көрінісі” суреттері ілінген. Әйнекті абажа мен кебежелердің ішінде қымбат бағалы, күміспен зерленген ыдыс-аяқтар сақталған. Ұлы жазушы ғұмырының соңғы он жылындағы шығарм. қуанышы мен азабының куәсі болған қастерлі ой отауы — оның жұмыс бөлмесі. Бөлмедегі кітап сөрелері дөңгелене қаланған қабырғаға кіріктіріле орнатылған. Жазу үстелінің үстіндегі қолжазбалар, қаламсап пен қарындаштар, көзілдірік пен кітап, бүркіттің мүсіні сол күйі сақталған. Бұрышта — жазу мәшеңкесі. Жазушы кешке жақын ұзақ уақыт шам жақпай, алакеуім көлеңкеде, қолына домбырасын алып, терезе алдындағы диванда отырып күй тартуды өте ұнатқан. Мұражай үйінің бірінші қабатындағы төртінші бөлме — жазушының қарындасы Үміштің (Үмияның) бөлмесі. Бұл бөлме өзгелерден ерекше, қазақ халқының дәстүрлі тұрмысы үлгісінде жиїаздалған. Бұрышта — сандық. Терезе алдында жазушының ертеректе пайдаланған шағын үстелі тұр. Төрге ағайын-туыстарының суреті ілінген. Екінші қабаттағы үш бөлменің ең үлкені — ұйықтайтын бөлме. Жазушы бөлмедегі жиїаздарды Ригадан алдырған. Киім шкафында жазушы киген киімдер ілулі тұр.

Жазушының қызы Ләйлә-нің бөлмесі шағын, қарапайым ғана жиїазбен жабдықталған. Төрде Орманшының сыйға тартқан суреті ілулі тұр. Жазушының ұлы Ернардың бөлмесіндегі ерекше құнды экспонат — ескі жазу үстелі. Бұл үстелді жазушы 1932 ж. сатып алған. 1951 жылға дейінгі шығармалары, соның ішінде “Абай жолының” алғашқы екі кітабы осы үстелде жазылған.

1997 ж. құрылысы біткен жаңа көрме ғимаратының негізгі бөлігі бұрынғы мұражай үйінің еңсесін баспас үшін жерге сіңіріле салынған. Көрмеге баспалдақпен түседі. Бұл — Әуезовтің көркемдік әлеміне тізеңді бүгіп, тағзым етіп кіру рәсімі үшін әдейі жасалған сәулеттік шешім. Көрменің іші — жалпы түркі әлеміне ортақ көк түспен көмкерілген. Көрменің негізгі мақсаты — ұлы тұлға ғұмырына қатысты заттар, құжаттар, суреттер арқылы жазушының тағдырын, шығарм. мұратын терең де әсерлі ұғынуға жәрдемдесу. Онда қойылған экспонаттар М. Әуезовтің туған, өскен ортасы, жазушылық жолы, қоғамдық қызметі, “Алаш” қозғалысы, кеңестік жазалау саясаты тұсындағы көрсетілген қысымдар мен 1930—32 ж. түрмедегі өмірі, шет ел сапарлары туралы жан-жақты мағлұмат береді. Салтанат ғимаратында жазушының өзі туралы деректі фильмдермен қоса, оның шығармалары бойынша түсірілген “Абай әндері”, “Райхан”, “Асудағы атыс”, “Көксерек” көркемсуретті фильмдері, замандастарының жазушы туралы айтқан естеліктерінің бейнетаспалары көрсетіледі. Жазушының өзінің дауысы жазылған таспалар мен күйтабақтар бар. Алматы қалалық халық ун-тінің дәстүрлі сабағы да айына екі рет, жұма күндері осында өткізіліп тұрады. Орталықта мекемелер мен жоғары оқу орындарына, мектептерге апарып таныстыруға арналған тақырыптық көшпелі көрме жұмыс істейді. Қайта қалпына келтіру шеберханасы мен ғыл. жұмыспен айналысушыларға қызмет көрсететін компьютерлік бөлім бар.                

Т. Жұртбаев
Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 1-том

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға