Жаңалықтар

Қоғам, мемлекет, заман туралы-3

Еуропа патшалықтарының түзу деген құр аты болмаса, іс жүзінде -бір-біріне қасқыр. Тарих жүзінде Еуропа Азия жұртының бетіне Шыңғыс хан һәм Ақсақ Темір ісін басады. Осы екі патша қанша жәбір іс қылды деп. Бұлар өз уақытында заманына қарай іс қылғаны рас. Ал осы жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшаларының қылған ісін кім ақтап ала алады? Бұлардың қайсысы қолынан келсе Шыңғыс хан һәм Темірлан болмайын дейді... Әлихан Бөкейханов Жанайқай: қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде қашан қызмет етіп пайдамызды тигіземіз?! Әлихан Бөкейханов Жантебіреніс: Азаттық таңы атты! Тілекке құдай жеткізді! Күні кеше құл едік - енді бүгін теңелдік! Әлихан Бөкейханов Тірі болсақ - алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар! Әлихан Бөкейханов Бұл болып тұрған заман - Алаштың азаматына зор жүк. Әлихан Бөкейханов Дүниенің қорлығы - дүмшелердің зорлығы. Мұзафар Әлімбаев Табиғаттың қатесін түзеткім келеді - тауы жоқ елдерге тау үлестіргім келеді. Мұзафар Әлімбаев Кеңістік пен уақытты, Жеңген қандай бақытты. Заман соған соғады, Даңқ деген тақытты.            Мұзафар Әлімбаев Орны-орнына кімді қоймас бұл уақыт! Мұзафар Әлімбаев Демократия - жүгенсіздік емес, Бостандық - жүйесіздік емес. Шерхан Мұртаза Заман түзелгенде - ғылымға да, әдебиетке де татымды талап қояды. Сонда көзедей көп академиктердің талайының аты да, заты да ұмытылады. Шерхан Мұртаза Күйреген рухты қайта көтеру - міне, қазіргі тандағы басты мақсат қып-қызыл өтірікті көтере беретін осы дүние ғана. О дүниеде оңдай қулық өтпейді. Шерхан Мұртаза Біздің әкімдеріміздің әрекеті көбінесе «Потемкин атаның қулығына» ұқсап кетеді. Олар басшыларды қиыр қонып, шет жайлап жатқан ауылдарға апармайды. Шерхан Мұртаза Әлі күнге дейін кешегі империя етігінің темір өкшесін аңсайтындар бар. Шерхан Мұртаза «Желтоқсан» - тек Колбинге ғана қарсылық емес. Бұл - империялық қорлыққа, зорлыққа қарсылық. «Мен - қазақпын!» деп қасқая тұрып айта алмай, тілі байланып, аузы буылған азапқа қарсылық. Шерхан Мұртаза Заң - мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты. Шерхан Мұртаза Армансыз қоғам - үміті үзілмеген қоғам. Шерхан Мұртаза Заң - мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты. Шерхан Мұртаза Заманың түлкі болса - тазы боп шал. Мақал - мәтел Уақыт - көшкен керуен. Мақал - мәтел Бұл заманның ісін есті бітірмейді, епті бітіреді. Мақал - мәтел Заманы бірдің - амалы бір. Мақал - мәтел Заманына қарай - заңы, тоғайына қарай - аңы. Мақал - мәтел Зиялы қауым халықтың қамын ойлауға міндетті. Міржақып Дулатов Заманның көз сал халіне. Халқыңның ойла пайдасын, Өзің үшін налыма... Басыңды тік бәйгеге, Бір халқыңның қамына... Қиянаттан бой тартып, Шық әділет жағына. Міржақып Дулатов Салт-сананың негізі - елдің қолданған кәсібінде. Міржақып Дулатов Кешегі қара күндерде, Жұлдызсыз, айсыз түндерде, Жол таба алмай сенделіп, Адасып алаш жүргенде, Бұл күнгі көп көсемдер, Сұраймын сонда қайда едің? Міржақып Дулатов Заманың түлкі болса - бүркіт боп шал. Әйтеке Байбекұлы Халық бүлінсе - саясат түзейді. Жүсіп Баласағұн Халық тарықса - үкімет жұтайды. Жүсіп Баласағұн Заман азар уағында - патша айналар залымға. Қожа Ахмет Йассауи Халықтан мейірім кетті, Момынға телі-тентек тақымы өтті, Талтүсте талапайда ақым кетті, Бұл не деген заман болды, достар?! Қожа Ахмет Йассауи Үлкен-кіші адамнан иба кетті, Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті, Мінез-құлық бұзатын әдет жетті, Бұл не деген заман болды, достар?! Қожа Ахмет Йассауи Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ, Кішілердің үлкенге ізеті жоқ, Патшалардың әділдік міндеті жоқ, Бұл не деген заман болды, достар?! Қожа Ахмет Йассауи Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ, Өтірікке шындықтың қайраны жоқ, Шындық айттым осылай шырқыраған, Құл Қожа-Ахмет сөзінің жалғаны жоқ. Қожа Ахмет Йассауи Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
06.05.2013 06:37 20369

Еуропа патшалықтарының түзу деген құр аты болмаса, іс жүзінде -бір-біріне қасқыр. Тарих жүзінде Еуропа Азия жұртының бетіне Шыңғыс хан һәм Ақсақ Темір ісін басады. Осы екі патша қанша жәбір іс қылды деп. Бұлар өз уақытында заманына қарай іс қылғаны рас. Ал осы жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшаларының қылған ісін кім ақтап ала алады? Бұлардың қайсысы қолынан келсе Шыңғыс хан һәм Темірлан болмайын дейді...

Әлихан Бөкейханов

Жанайқай: қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде қашан қызмет етіп пайдамызды тигіземіз?!

Әлихан Бөкейханов

Жантебіреніс: Азаттық таңы атты! Тілекке құдай жеткізді! Күні кеше құл едік - енді бүгін теңелдік!

Әлихан Бөкейханов

Тірі болсақ - алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар!

Әлихан Бөкейханов

Бұл болып тұрған заман - Алаштың азаматына зор жүк.

Әлихан Бөкейханов

Дүниенің қорлығы - дүмшелердің зорлығы.

Мұзафар Әлімбаев

Табиғаттың қатесін түзеткім келеді - тауы жоқ елдерге тау үлестіргім келеді.

Мұзафар Әлімбаев

Кеңістік пен уақытты,

Жеңген қандай бақытты.

Заман соған соғады,

Даңқ деген тақытты.           

Мұзафар Әлімбаев

Орны-орнына кімді қоймас бұл уақыт!

Мұзафар Әлімбаев

Демократия - жүгенсіздік емес,

Бостандық - жүйесіздік емес.

Шерхан Мұртаза

Заман түзелгенде - ғылымға да, әдебиетке де татымды талап қояды. Сонда көзедей көп академиктердің талайының аты да, заты да ұмытылады.

Шерхан Мұртаза

Күйреген рухты қайта көтеру - міне, қазіргі тандағы басты мақсат қып-қызыл өтірікті көтере беретін осы дүние ғана. О дүниеде оңдай қулық өтпейді.

Шерхан Мұртаза

Біздің әкімдеріміздің әрекеті көбінесе «Потемкин атаның қулығына» ұқсап кетеді. Олар басшыларды қиыр қонып, шет жайлап жатқан ауылдарға апармайды.

Шерхан Мұртаза

Әлі күнге дейін кешегі империя етігінің темір өкшесін аңсайтындар бар.

Шерхан Мұртаза

«Желтоқсан» - тек Колбинге ғана қарсылық емес. Бұл - империялық қорлыққа, зорлыққа қарсылық. «Мен - қазақпын!» деп қасқая тұрып айта алмай, тілі байланып, аузы буылған азапқа қарсылық.

Шерхан Мұртаза

Заң - мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты.

Шерхан Мұртаза

Армансыз қоғам - үміті үзілмеген қоғам.

Шерхан Мұртаза

Заң - мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты.

Шерхан Мұртаза

Заманың түлкі болса - тазы боп шал.

Мақал - мәтел

Уақыт - көшкен керуен.

Мақал - мәтел

Бұл заманның ісін есті бітірмейді, епті бітіреді.

Мақал - мәтел

Заманы бірдің - амалы бір.

Мақал - мәтел

Заманына қарай - заңы, тоғайына қарай - аңы.

Мақал - мәтел

Зиялы қауым халықтың қамын ойлауға міндетті.

Міржақып Дулатов

Заманның көз сал халіне.

Халқыңның ойла пайдасын,

Өзің үшін налыма...

Басыңды тік бәйгеге,

Бір халқыңның қамына...

Қиянаттан бой тартып,

Шық әділет жағына.

Міржақып Дулатов

Салт-сананың негізі - елдің қолданған кәсібінде.

Міржақып Дулатов

Кешегі қара күндерде,

Жұлдызсыз, айсыз түндерде,

Жол таба алмай сенделіп,

Адасып алаш жүргенде,

Бұл күнгі көп көсемдер,

Сұраймын сонда қайда едің?

Міржақып Дулатов

Заманың түлкі болса - бүркіт боп шал.

Әйтеке Байбекұлы

Халық бүлінсе - саясат түзейді.

Жүсіп Баласағұн

Халық тарықса - үкімет жұтайды.

Жүсіп Баласағұн

Заман азар уағында - патша айналар залымға.

Қожа Ахмет Йассауи

Халықтан мейірім кетті,

Момынға телі-тентек тақымы өтті,

Талтүсте талапайда ақым кетті,

Бұл не деген заман болды, достар?!

Қожа Ахмет Йассауи

Үлкен-кіші адамнан иба кетті,

Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті,

Мінез-құлық бұзатын әдет жетті,

Бұл не деген заман болды, достар?!

Қожа Ахмет Йассауи

Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,

Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,

Патшалардың әділдік міндеті жоқ,

Бұл не деген заман болды, достар?!

Қожа Ахмет Йассауи

Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ,

Өтірікке шындықтың қайраны жоқ,

Шындық айттым осылай шырқыраған,

Құл Қожа-Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.

Қожа Ахмет Йассауи

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға