Қоғам, мемлекет, заман туралы-1
Әр замананың өз рәсімі, өз салты бар. Біздің замандағы салт: әркім құқына таласу, хұқына тартысу болады. Жылау салты артта қалды.
Әлихан Бөкейханов
Бізде қоғамдық қажеттіліктерді білмейтіндіктен және гуманистік теорияларға тым берілгендік салдарынан дәл осы сәтте мүлдем керексіз жаңалықтар мен реформалар кіргізу ете жиі кездеседі.
Шоқан Уәлиханов
Қазақ халқы - ең бір бейбіт халықтардың бірі.
Шоқан Уәлиханов
Қазақтар - жақсылықтың қадірін білетін халық!
Шоқан Уәлиханов
Бұл заманның жақсысы: бірін-бірі көре алмас, жұртына пайда бере алмас.
Дулат Бабатайұлы
Заман қартайтқанға - бояу айыпты емес.
Махмұд Қашқари
Бұ заманда не ғаріп - ақ қалалы боз ғаріп, жақсыларға айтпаған асыл шырын сөз ғаріп.
Асан қайғы
Қай халықтың да ұлылығы санының аз-көптігімен емес, рухани мәдениетінің жалпы адам баласына ортақтығымен, гуманистік және интернационалдық сипатымен өлшенсе керек.
Сағат Әшімбаев
Рухани мәдениетінің өрісі басқаларға да ортақ болу дәрежесіне жету - халықтың жасампаздығының кепілдігі.
Сағат Әшімбаев
Бұл заман байқағанға күштінікі,
Азулы, тырнақты мен тістінікі.
Дүниенің патшалығы, батырлығы,
Тыпырлап, тыныш жатпаған істінікі.
Сәбит Дөнентаев
Талас-тартыс жоқ болса - өмір абақтыға айналар еді.
Әлихан Бөкейханов
Жұрт әділ болмай - жұрт ісі оңға баспайды.
Әлихан Бөкейханов
Дүниеде не болса да бірте-бірте аздап ілгері басып болады.
Әлихан Бөкейханов
Қазақ сайлауы - жұртқа келген бір жұт: сайлау жылы мал бағусыз, егін салусыз, пішен шабусыз қалады.
Әлихан Бөкейханов
Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса - қазақ халқы соңынан ерер еді.
Әлихан Бөкейханов
Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса - қазақ халқы соңынан ерер еді.
Әлихан Бөкейханов
Еуропада халық партия болғанда адаспас ақ жол табамыз деп, адам аспас асқар белден асамыз деп, жұрт ілгері басатын іс қыламыз деп таласады.
Әлихан Бөкейханов
Біздің қазақ ұлтының автономиясы жерге байлаулы автономия болмақ.
Әлихан Бөкейханов
Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса - башқұртша көріп мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді.
Әлихан Бөкейханов
Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді: молда үкіметтей ақша алса - сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болады. Жалақы алған молдалар үкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді.
Әлихан Бөкейханов
Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса - үкімет ісін бөліп қойған оң болады.
Әлихан Бөкейханов
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы