Қоғам, мемлекет, заман туралы

Демократия - оппозиция қызметіне жол ашу ғана емес, мемлекеттіліктің бір түрі, қоғамдық-саяси өмір ахуалының белгілі бір деңгейі.

Нұрсұлтан Назарбаев

Көпұлттылық - қоғамның кемшілігі емес, артықшылығы.

Нұрсұлтан Назарбаев

Әр халықтың өз болашағын өзі таңдауға - сөзсіз құқы бар. Алайда оны жүзеге асыру - басқа этностардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев

Ата заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз - елтаңба, туымыз бен әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта - теңгенің енгізілуі - Қазақстан мемлекеттілігі қалыптасуының аса маңызды кезендері болды.

Нұрсұлтан Назарбаев

Біз әлемдік мәдени құндылықтармен үндес жаңа заманғы қазақтың озық  мәдениетін қалыптастыруымыз керек.

Нұрсұлтан Назарбаев

Дүниеде  қазақ деген ұлт - біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт-санасы мен әдет-ғұрпы да - жалпы қазаққа бірдей тән, оның ғажайып рухани қазынасы да - бөліп-жаруға келмейтін ортақ қазына.

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан жаңа мемлекет ретінде аузын аспанға білеген талай империяның, оның ішінде Оттаман, Австро-Венгрия, Кеңестер Одағы бар, тәсілім еткенін көрген дәуірде дүниеге келді.

Нұрсұлтан Назарбаев

Сен үшін шенеуінік шешім қабылдайтын қоғам - кешегі қоғам.

Нұрсұлтан Назарбаев

Ұлт өзінің мемлекетінсіз - ұлт болып өмір сүре алмақ емес.

Нұрсұлтан Назарбаев

Біз кедейлер мемлекеті болып көрдік. Мемлекет, ең алдымен,орта таптың - фермерлердің, «ақ жағалылар» мен «көк жағалылардың» интеллигендияның, ұсақ буржуазияның мүддесін білдіруге тиіс. Кезінде болышевиктердің, осы топтардың бәріне ерекше шүйліккені тегін емес.

Нұрсұлтан Назарбаев

Саясат безбеншісі - ел.

Нұрсұлтан Назарбаев

Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір ірі бұтағы, қомақты тармағы - халықты, ұрпақты патриотизмге, отаншылдық рухқа, елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру.

Нұрсұлтан Назарбаев

Мен бір нәрсені нық айтып, берік уәде бере аламын: Қазақстанда адамның еңсесін басатын мемлекет орнамайды.

Нұрсұлтан Назарбаев

Саясаттың негізгі мақсаты - адам, қоғам, ел қамы.

Нұрсұлтан Назарбаев

Мен ағайынды екеумін: біреуі - өзім, екіншісі - халқым.

Сырым Датұлы

Азамат жетім болмайды - халықтан болса панасы, халық жетім болмайды - басшы болса данасы.

Сырым Датұлы

Қазақ деген ел - бостандық-азаттық сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық.

Ғабит Мүсірепов

Қазақ елі - өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел.

Ғабит Мүсірепов

Көкіректе сайрап тұр, қолды заман байлап тұр.

Әлихан Бөкейханов

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы