Жаңалықтар

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Татулықтан артық жолдас жоқ. Абай Құнанбаев Күшті ұлт болу үшін - алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Нұрсұлтан Назарбаев Табысты дамуға қажетті шарт - бейбітшілік, тату көршілік және өзара сенім ахуалын орнықтыру. Нұрсұлтан Назарбаев Ең асыл қазына - бірлік. Нұрсұлтан Назарбаев Жаулықтың ең үлкені, ең қиыны - ынтымақ үшін ымыраға бара алмау. Нұрсұлтан Назарбаев Евразия идеясы - мен үшін, ең алдымен, ынтымақтастық идеясы. Нұрсұлтан Назарбаев Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпас болар. Мұхтар Әуезов -          Батыр, бұрылып сәлем бергің келмейді - тасып жүрсің-ау? -          Хан, тасып жүргенім жоқ, қазақ баласының басын қоса алмай сасып жүрмін. Сырым Датұлы Бөлінгенді бөрі алар. Сырым Датұлы Бостандыққа апаратын жалғыз жол - ұлттық ынтымақ қана. Әлихан Бөкейханов Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады. Әлихан Бөкейханов Ел берекесі кетуінің түпкі себебі - қазақта бірліктің жоқтығы. Әлихан Бөкейханов Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса - халықтық мақсат сонда орындалады. Әлихан Бөкейханов Есеніңде-тіріңде бір болыңыз бәріңіз. Асан қайғы Еділ бол да, Жайық бол - ешкімменен ұрыспа, Жолдасыңа жау тисе - жаныңды аяп тұрыспа. Асан қайғы Бір үйде өскен балалар бірлік қылса азар ма?! Дулат Бабатайұлы Есеніңде-тіріңде бір болыңыз бәріңіз. Асан қайғы Атадан алтау тудым деп - асқынып жауап айтпаңыз, Атамның малы көп-ті деп - атты басқа тартпаңыз. Асан қайғы Табалдырықтан биік тау жоқ, жаман ағайыннан асқан жау жоқ. Сырым Датұлы Бостандыққа апаратын жалғыз жол - ұлттық ынтымақ қана. Әлихан Бөкейханов Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса - жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес. Әлихан Бөкейханов Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кез келген жоқ па?! Әлихан Бөкейханов Өзіне-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу-өнер болмайды. Әлихан Бөкейханов Аз адам атқа міндім деп, қасқыр болып жұртқа шапса - мұндай жұртта береке қайдан болсын?! Әлихан Бөкейханов Қазақ жұртының шырақ алып, түзу жолға бастар жігіттері қайда?! Әлихан Бөкейханов Хан баласында қазақтың хақысы бар: қалайда қазақтың бір қызметіне жарамай қоймаймын! Әлихан Бөкейханов Әкім халықтың көбіне сүйенсе күшті болады. Әлихан Бөкейханов Ел берекесі кетуінің түпкі себебі - қазақта бірліктің жоқтығы. Әлихан Бөкейханов Тіршіліктегі жүйріктік - ақылда, ұсталық пен жанкештілікте. Әлихан Бөкейханов Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса - халықтық мақсат сонда орындалады. Әлихан Бөкейханов Кім шебер болса, жалықпай-талмай ізденсе, бірігіп-тізе қосып әдіс қылса - ғұмыр бәйгесі соныкі.  Әлихан Бөкейханов Бөтен кісі қазаққа еш қайдан ештеңе жақсылық әкеп бермейді. Әлихан Бөкейханов Бұл жұрт жұмысын жұрт болып іздемес пе еді?! Әлихан Бөкейханов Әр нәрсенің амалын біліп, өз орнына жұмсағанда ғана іс көркейеді. Әлихан Бөкейханов Қазаққа әкеп мұжық қамытын кигізе салса - бұл бір түске кірмеген қиыншылық: бұдан қазақ безу керек. Әлихан Бөкейханов Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
06.05.2013 05:37 15365

Татулықтан артық жолдас жоқ.

Абай Құнанбаев

Күшті ұлт болу үшін - алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет.

Нұрсұлтан Назарбаев

Табысты дамуға қажетті шарт - бейбітшілік, тату көршілік және өзара сенім ахуалын орнықтыру.

Нұрсұлтан Назарбаев

Ең асыл қазына - бірлік.

Нұрсұлтан Назарбаев

Жаулықтың ең үлкені, ең қиыны - ынтымақ үшін ымыраға бара алмау.

Нұрсұлтан Назарбаев

Евразия идеясы - мен үшін, ең алдымен, ынтымақтастық идеясы.

Нұрсұлтан Назарбаев

Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпас болар.

Мұхтар Әуезов

-          Батыр, бұрылып сәлем бергің келмейді - тасып жүрсің-ау?

-          Хан, тасып жүргенім жоқ, қазақ баласының басын қоса алмай сасып жүрмін.

Сырым Датұлы

Бөлінгенді бөрі алар.

Сырым Датұлы

Бостандыққа апаратын жалғыз жол - ұлттық ынтымақ қана.

Әлихан Бөкейханов

Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады.

Әлихан Бөкейханов

Ел берекесі кетуінің түпкі себебі - қазақта бірліктің жоқтығы.

Әлихан Бөкейханов

Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса - халықтық мақсат сонда орындалады.

Әлихан Бөкейханов

Есеніңде-тіріңде бір болыңыз бәріңіз.

Асан қайғы

Еділ бол да, Жайық бол - ешкімменен ұрыспа,

Жолдасыңа жау тисе - жаныңды аяп тұрыспа.

Асан қайғы

Бір үйде өскен балалар бірлік қылса азар ма?!

Дулат Бабатайұлы

Есеніңде-тіріңде бір болыңыз бәріңіз.

Асан қайғы

Атадан алтау тудым деп - асқынып жауап айтпаңыз,

Атамның малы көп-ті деп - атты басқа тартпаңыз.

Асан қайғы

Табалдырықтан биік тау жоқ, жаман ағайыннан асқан жау жоқ.

Сырым Датұлы

Бостандыққа апаратын жалғыз жол - ұлттық ынтымақ қана.

Әлихан Бөкейханов

Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса - жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес.

Әлихан Бөкейханов

Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кез келген жоқ па?!

Әлихан Бөкейханов

Өзіне-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу-өнер болмайды.

Әлихан Бөкейханов

Аз адам атқа міндім деп, қасқыр болып жұртқа шапса - мұндай жұртта береке қайдан болсын?!

Әлихан Бөкейханов

Қазақ жұртының шырақ алып, түзу жолға бастар жігіттері қайда?!

Әлихан Бөкейханов

Хан баласында қазақтың хақысы бар: қалайда қазақтың бір қызметіне жарамай қоймаймын!

Әлихан Бөкейханов

Әкім халықтың көбіне сүйенсе күшті болады.

Әлихан Бөкейханов

Ел берекесі кетуінің түпкі себебі - қазақта бірліктің жоқтығы.

Әлихан Бөкейханов

Тіршіліктегі жүйріктік - ақылда, ұсталық пен жанкештілікте.

Әлихан Бөкейханов

Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса - халықтық мақсат сонда орындалады.

Әлихан Бөкейханов

Кім шебер болса, жалықпай-талмай ізденсе, бірігіп-тізе қосып әдіс қылса - ғұмыр бәйгесі соныкі. 

Әлихан Бөкейханов

Бөтен кісі қазаққа еш қайдан ештеңе жақсылық әкеп бермейді.

Әлихан Бөкейханов

Бұл жұрт жұмысын жұрт болып іздемес пе еді?!

Әлихан Бөкейханов

Әр нәрсенің амалын біліп, өз орнына жұмсағанда ғана іс көркейеді.

Әлихан Бөкейханов

Қазаққа әкеп мұжық қамытын кигізе салса - бұл бір түске кірмеген қиыншылық: бұдан қазақ безу керек.

Әлихан Бөкейханов

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға