Жаңалықтар

Кличко: Поветкинмен болатын жекпе-жек оңай соқпайды

Боксшы Владимир Кличконың пайымынша, Франческо Пьянетамен кездесуге қарағанда Александр Поветкинмен болатын жекпе-жек қиындау болмақ. «Егер  біздің кездесу өткен жағдайда ол басқаларына ұқсамайды деген сенімдемін. Бұл - екі Олимпиада чемпионының жекпе жегі. Мен 1996 жылы Атлантада жеңіске жеттім, ал 2004 жылы Афиныда Сашаның мерейі үстем болды. Сондықтан да көрермендер үшін өте қызықты болмақ»,-дейді В. Кличко. Осы орайда ол Пьянетамен болған кездесуге қарағанда Поветкинмен арадағы кездесу қиындау түсуі мүмкін екенін жасырмады. «Поветкиннің боксшылық тәжірибесі айтарлықтай мол»,-деп нақтылап өтті В. Кличко.  Естеріңізге сала кетейік, украиндық боксшы Владимир Кличко итальяндық Франческо Пьянетаны айқын басымдықпен ұтып, IBF, IBO, WBO және WBA тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақтағы чемпиондық атақтарын кезекті рет қорғап қалды. ҚазАқпарат.
06.05.2013 02:54 2938

Боксшы Владимир Кличконың пайымынша, Франческо Пьянетамен кездесуге қарағанда Александр Поветкинмен болатын жекпе-жек қиындау болмақ.

«Егер  біздің кездесу өткен жағдайда ол басқаларына ұқсамайды деген сенімдемін. Бұл - екі Олимпиада чемпионының жекпе жегі. Мен 1996 жылы Атлантада жеңіске жеттім, ал 2004 жылы Афиныда Сашаның мерейі үстем болды. Сондықтан да көрермендер үшін өте қызықты болмақ»,-дейді В. Кличко.

Осы орайда ол Пьянетамен болған кездесуге қарағанда Поветкинмен арадағы кездесу қиындау түсуі мүмкін екенін жасырмады. «Поветкиннің боксшылық тәжірибесі айтарлықтай мол»,-деп нақтылап өтті В. Кличко.

 Естеріңізге сала кетейік, украиндық боксшы Владимир Кличко итальяндық Франческо Пьянетаны айқын басымдықпен ұтып, IBF, IBO, WBO және WBA тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақтағы чемпиондық атақтарын кезекті рет қорғап қалды.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға