Жаңалықтар

Отарда өтетін жауынгерлік парадқа 7 мыңдай әскери қызметші қатысады

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 мамырда өтетін жауынгерлік парадқа еліміздің барлық әскери құрылымының өкілдері қатысады. Нақтырақ айтқанда 7 мыңнан астам әскери қызметші, 400-ден аса әскери техника, 80 шақты ұшақ пен тікұшақ қатысады. Жауынгерлік парад барысында «Казахстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның құрамына кіретін қазақстандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорынында шығарылған байланыс құралдары мен қару-жарақтары, жаңа және жаңартылған әскери техникалар көрсетіледі. Сондай-ақ әскери, азаматтық және қосалқы міндет жүктелген арнайы техникалар, оның ішінде штабтық, жауынгерлік, медициналық, іздестіру-құтқару машиналары, радиожелілік стансалар, қар және батпақ үстімен жүре алатын «Тұлпар» техникасы, ЕС-145 тікұшақтары, ұшқышсыз ұшу аппараттарының түрлері таныстырылады. Парадты ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы «Даңқ», «Айбын» және «Отанға қызметі үшін» ордендерінің иегері, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев басқаратын болады.
04.05.2013 03:41 3224

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 мамырда өтетін жауынгерлік парадқа еліміздің барлық әскери құрылымының өкілдері қатысады. Нақтырақ айтқанда 7 мыңнан астам әскери қызметші, 400-ден аса әскери техника, 80 шақты ұшақ пен тікұшақ қатысады.

Жауынгерлік парад барысында «Казахстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның құрамына кіретін қазақстандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорынында шығарылған байланыс құралдары мен қару-жарақтары, жаңа және жаңартылған әскери техникалар көрсетіледі.

Сондай-ақ әскери, азаматтық және қосалқы міндет жүктелген арнайы техникалар, оның ішінде штабтық, жауынгерлік, медициналық, іздестіру-құтқару машиналары, радиожелілік стансалар, қар және батпақ үстімен жүре алатын «Тұлпар» техникасы, ЕС-145 тікұшақтары, ұшқышсыз ұшу аппараттарының түрлері таныстырылады.

Парадты ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы «Даңқ», «Айбын» және «Отанға қызметі үшін» ордендерінің иегері, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев басқаратын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға