Әлемдегі ең мықты балуандар қатарына үш қазақ жігіті енді
04.05.2013 03:18
3911
Әлемдегі ең мықты балуандарының қатарына Қазақстанның үш спортшысы енді, деп хабарлайды ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы.
Атап айтқанда 120 келіден жоғары салмақта Нұрмахан Тынәлиев үшінші орында, 96 келіге дейінгі салмақта Ерұлан Ысқақов сегізінші орында, 66 келіге дейінгі салмақта Ербол Қоңыратов оныншы орынды иеленген.
Әрбір салмақ категориясының рейтингінде он мықты атлеттен бар.
Айта кетейік, Үндістанда өткен Азия чемпионатында қазақстандықтар жалпыкомандалық есеп бойынша үшінші орын алған болатын.
Baq.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ресейлік олигарх грек аралын сатып алды
Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 17 қарашаға арналған ауа райы болжамы