Жаңалықтар

Әскери қызметшілердің отбасы мүшелері марафонға қатысады

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 мамыр күні сағат 10.00 Астанада Отан қорғаушы күніне арналған ел Қарулы Күштерінің жеңілатлетикалық жүгіру жарысы өтеді. Бұл жарысқа Ақмола өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері өз отбасыларымен қатысатын болады. Айта кету керек, 500-ден астам марафоншыға Қорғаныс министрінің орынбасары Сергей Громов жол бастап береді. Марафон жарысы Қорғаныс министрлігі ғимаратынан басталып Достық көшесі, Тұран даңғылы арқылы өтеді, әрі қарай Тәуелсіздік және Түркістан көшелерінің бойымен жалғасып,қайта Қорғаныс министрлігі ғимаратының алдында мәреге жетеді. Марафонның қашықтығы – 5 шақырым.
03.05.2013 08:49 3095

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 мамыр күні сағат 10.00 Астанада Отан қорғаушы күніне арналған ел Қарулы Күштерінің жеңілатлетикалық жүгіру жарысы өтеді.

Бұл жарысқа Ақмола өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері өз отбасыларымен қатысатын болады. Айта кету керек, 500-ден астам марафоншыға Қорғаныс министрінің орынбасары Сергей Громов жол бастап береді.

Марафон жарысы Қорғаныс министрлігі ғимаратынан басталып Достық көшесі, Тұран даңғылы арқылы өтеді, әрі қарай Тәуелсіздік және Түркістан көшелерінің бойымен жалғасып,қайта Қорғаныс министрлігі ғимаратының алдында мәреге жетеді. Марафонның қашықтығы – 5 шақырым.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға