Жаңалықтар

Батыс ғұн империясы

Соңғы редакциялау: 16 қазан 2012 Батыс ғұн империясы, Батыс хун империясы — ғұндардың Еуропада құрған мемлекеті. Б. ғ. и-ның негізі алғаш б.з. 2 ғ-ында Бат. Қазақстан жерінде, Каспий т. жағалауында қаланды. Ғұндар сол өңірден өздерінің патшасы Валамир (Балаәмір) бастауымен батысқа аттанып, 4 ғ-дың 70-жылдары Днестрге дейінгі жерді жаулап алды. Олардан бірінші болып жеңілгендер Азов т. өңірін мекендеген аландар болатын (қ. Ғұндардың аландарды талқандауы). Керчь бұғазы мен Қырымдағы Боспор патшалығы да ғұндардың соққысынан құлады. 375 ж. Қара т. жағалауындағы остготтарды (Шығыс готтар) түгелдей бағындырды, ал вестготтар (Батыс готтар) Рим империясы территориясына барып паналады. Сөйтіп ғұндарға Еділден Днестрге дейінгі жерлерді мекендеген тайпалар бағынды. Ғұндардың Батысқа жорығы Халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына түрткі болды. Ғұндар Рим империясымен көршілес орналасып алып, көп ұзамай оған қысым көрсете бастады. 5 ғ-дың басында Рим империясының Паннония аймағын (қазіргі Венгрия жерін) басып алып, оны ғұн мемлекеті құрамына кіргізді. Рим империясының мұрасын бөлісуде герман тайпаларының бақталасына айналды. 433 ж. ғұн патшасы Руғила қайтыс болған соң, мемлекет билігі оның інілері Ақтар мен Мыңзық балаларына — Бледа мен Аттиланың қолына көшті. 437 ж. ғұндар Рейн өз. бойында Бургун корольдігіне соққы берді. Нәтижесінде Солт. Еуропа мен Галлияға дейінгі герман тайпалары ғұндарға бағынды. Ғұндарға қарсы Рим империясы атынан вандал мен вестгот тайпалары ғана соғысты. 451 жылғы Каталаун қырғынынан кейін Еуропада ғұндарға қарсы тұратын ешқандай әскери күш болмады. Сөйтіп ғұндар Батыс Рим империясы территориясына толық иелік етті. 454 ж. Аттила өлгеннен кейін Б.ғ.и. ыдырап, герман тайпалары ғұндардан бөлініп кетті. Бұрынғы үлкен империя құрамында тек ғұн тайпалары, яғни түркі тілдес тайпалар ғана қалды. 6 ғ-дан бастап Б.ғ.и. “Уарғұндар қағанаты” (Арғындар қағанаты) деп аталды. Баян хан тұсында күшейген Уарғұндар қағанатына Византия салық төлеп тұруға мәжбүр болды. Баян хан Арал т. маңынан Тарниак, Котзагер, Забен тайпаларын Еуропаға көшіріп алған еді. Уарғұндар қағанатын 798 ж. Франк королі — Ұлы Карл талқандады. Осыдан соң ғұндар мемлекеті бас көтерген жоқ. Б. ғ.и. адамзат мәдениеті тарихында өзіндік терең із қалдырды. Зергерлік өнердің ерекше дамыған түрі — полихрома стилін алғаш батыс ғұн зергерлері салған. Олардың полихрома стилімен жасалған бұйымдары әлемнің талай музейлерін безендіріп тұр. Б. ғ. и-нда алтыннан жасалған 92 экспонат Санкт-Петербургтегі Эрмитажда сақтаулы. Цирк өнеріне қатысты ат үсті ойындарының негізін ғұндар салған. Олар мұны өзімен бірге Еуропаға алып барды. Ғұндар Еуропада баспана ретінде төрт доңғалақты арба үстіне орнатылған киіз үйлерді пайдаланған. Ғұндардың кілемдері мен киіздері түрлі оюлармен өрнектелетін болған. Еуропалық аймақтарда жүргізілген археол. қазба жұмыстары кезінде ғұндардың ағаштан, қыштан, металлдан жасалған ыдыс-аяқтары мен түрлі бұйымдары табылған.      С. Өтениязов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том    
09.11.2012 03:26 22856

Соңғы редакциялау:

16 қазан 2012

Батыс ғұн империясы, Батыс хун империясы — ғұндардың Еуропада құрған мемлекеті. Б. ғ. и-ның негізі алғаш б.з. 2 ғ-ында Бат. Қазақстан жерінде, Каспий т. жағалауында қаланды. Ғұндар сол өңірден өздерінің патшасы Валамир (Балаәмір) бастауымен батысқа аттанып, 4 ғ-дың 70-жылдары Днестрге дейінгі жерді жаулап алды. Олардан бірінші болып жеңілгендер Азов т. өңірін мекендеген аландар болатын (қ. Ғұндардың аландарды талқандауы). Керчь бұғазы мен Қырымдағы Боспор патшалығы да ғұндардың соққысынан құлады. 375 ж. Қара т. жағалауындағы остготтарды (Шығыс готтар) түгелдей бағындырды, ал вестготтар (Батыс готтар) Рим империясы территориясына барып паналады. Сөйтіп ғұндарға Еділден Днестрге дейінгі жерлерді мекендеген тайпалар бағынды. Ғұндардың Батысқа жорығы Халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына түрткі болды. Ғұндар Рим империясымен көршілес орналасып алып, көп ұзамай оған қысым көрсете бастады. 5 ғ-дың басында Рим империясының Паннония аймағын (қазіргі Венгрия жерін) басып алып, оны ғұн мемлекеті құрамына кіргізді. Рим империясының мұрасын бөлісуде герман тайпаларының бақталасына айналды. 433 ж. ғұн патшасы Руғила қайтыс болған соң, мемлекет билігі оның інілері Ақтар мен Мыңзық балаларына — Бледа мен Аттиланың қолына көшті. 437 ж. ғұндар Рейн өз. бойында Бургун корольдігіне соққы берді. Нәтижесінде Солт. Еуропа мен Галлияға дейінгі герман тайпалары ғұндарға бағынды. Ғұндарға қарсы Рим империясы атынан вандал мен вестгот тайпалары ғана соғысты. 451 жылғы Каталаун қырғынынан кейін Еуропада ғұндарға қарсы тұратын ешқандай әскери күш болмады. Сөйтіп ғұндар Батыс Рим империясы территориясына толық иелік етті. 454 ж. Аттила өлгеннен кейін Б.ғ.и. ыдырап, герман тайпалары ғұндардан бөлініп кетті. Бұрынғы үлкен империя құрамында тек ғұн тайпалары, яғни түркі тілдес тайпалар ғана қалды. 6 ғ-дан бастап Б.ғ.и. “Уарғұндар қағанаты” (Арғындар қағанаты) деп аталды. Баян хан тұсында күшейген Уарғұндар қағанатына Византия салық төлеп тұруға мәжбүр болды. Баян хан Арал т. маңынан Тарниак, Котзагер, Забен тайпаларын Еуропаға көшіріп алған еді. Уарғұндар қағанатын 798 ж. Франк королі — Ұлы Карл талқандады. Осыдан соң ғұндар мемлекеті бас көтерген жоқ. Б. ғ.и. адамзат мәдениеті тарихында өзіндік терең із қалдырды. Зергерлік өнердің ерекше дамыған түрі — полихрома стилін алғаш батыс ғұн зергерлері салған. Олардың полихрома стилімен жасалған бұйымдары әлемнің талай музейлерін безендіріп тұр. Б. ғ. и-нда алтыннан жасалған 92 экспонат Санкт-Петербургтегі Эрмитажда сақтаулы. Цирк өнеріне қатысты ат үсті ойындарының негізін ғұндар салған. Олар мұны өзімен бірге Еуропаға алып барды. Ғұндар Еуропада баспана ретінде төрт доңғалақты арба үстіне орнатылған киіз үйлерді пайдаланған. Ғұндардың кілемдері мен киіздері түрлі оюлармен өрнектелетін болған. Еуропалық аймақтарда жүргізілген археол. қазба жұмыстары кезінде ғұндардың ағаштан, қыштан, металлдан жасалған ыдыс-аяқтары мен түрлі бұйымдары табылған.

     С. Өтениязов
Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға