Жаңалықтар

Қазақстандық 50 бай-манаптың тізімі жарияланды

«Forbes Kazakhstan» журналы Қазақстандағы ең бай 50 адамның тізімін жариялады. Біз солардың арасынан алғашқы ондығына қатысты аз-кем ақпарат қазақшалап бергенді жөн деп санадық. Дегенмен, «елулікке» қатысты толығырақ мәлімет білгіңіз келсе, forbes.kz сайтын шолып шықсаңыз болады. Өткен жылда Қазақстанның ЖІӨ 20 млрд долларға өсті. Ал елдегі ең бай адамдардың табысы 2011 жылғы кезеңмен салыстырғанда 24 млрд долларға жуықтаған.  Тізімнің алғашқы ондығынан өзгелердің табысы 8,5 млрд-тан 10,3 млрд долларға дейінгі аралықта өсіп, олардың кірістері орта есеппен 60-80 млн доллар шамасында қол жеткізілген. Бұл әлемдік дейгейдегі нарықтық экономика кеңістігінде қалыпты жағдайды көрсетеді. Ал елдегі бай-манаптар мен кедей-кепшіктің арасындағы алшақтық мәселесі жайына келер болсақ, Қазақстандағы бұл көрсеткіш Украина мен Ресейдегі ахуалға қарағанда, әлдеқайда жақсы әрі жайлы екендігін оңай аңғартады екен. Оған 2012 жылдың қорытындысы бойынша отандық миллиардерлердің ЖІӨ 4,5 пайызды құраған жалпылама табысқа кенелуі дәлел бола алады (2011 жылы бұл көрсеткіш 6,7 % болған). Сонымен, тізімнің көшбасы әдеттегідей Владимир Кимге бұйырған. «Қазақмыс» басшысының байлығы 2 млрд 300 млн доллар. Одан кейінгі Болат Өтемұратовтың меншігінде 2,2 млрд доллар қаражат бары расталған. Бұл кісі соңғы кездері табысын сәтті еселей түскендердің санаулысы ғана болған. Өйткені, ол өз байлығын бір жылда 600 млн. долларға дейін ұлғайту арқылы 4-шіден, 2-ші орынға бірақ көтерілген. 2,1 млрд долларлық дүние-мүлкімен Алиджан Ибрагимов 3-ші орынға тұрақтаған. 4-ші сатыға табан тіреген Тимур Құлыбаевтың 1,3 млрд қаражаты бар көрінеді. Ол зайыбы Динара екеуі «АЛМЭКС» Холдингтік тобы» АҚ мен «Қазақстан халық жинақтаушы банкі» АҚ-ның 68,2 пайызына иелік ету арқылы өз табыстарын еселей түскен. Тап осындай көрсеткішпен тізімді Динара Құлыбаева да одан әрі жалғай түседі.  Алтыншы орынды 950 млн. доллармен Нұржан Субханбердин еншілеген. Бұл азамат қазақстандық бизнес өкілінің үздігі және елдегі ірі қаржылық-инвесициялық компаниялардың басшылығындағы зейнеткер ретінде танымал. Бүгінде ол «Казкомерцбанк» АҚ директорлар кеңесін басқарумен қатар, «ЦАИК» АҚ-ның 87,21 пайызына иелік етеді және жеке өз меншігінде 9,32 пайыз акциясын уысында ұстап отыр. Рейтингтің 7-ші орнында «мұнай корольі» атанған Рашит Сәрсенов 9,2 млрд доллармен тұр. Оның байлыққа кенелуі «Маңғыстаумұнайгазды» 2,6 млрд доллар, ал Павлодар МӨЗ 1,2 млрд долларға «Central Asia Petroleum Ltd» және «Refinery Company RT» компаниялары арқылы 2009 жылы «Қазмұнайгаз» АҚ сатылуы нәтижесінде жүзеге асқан. Сегізінші қатарға 810 миллион долларымен Асқар Алшынбаев тұрақтаған. Ол мұндай байлыққа инвестиция, қаржы, авиация және жылжымайтын мүлік қорына иелік етуі нәтижесінде қол жеткізген. 2005 жылдан бері «Bodam B.V.» директоры және жалғыз иегері ретінде («Қазақтелеком»-ның 15,18 % және «Мобайл Телеком-Сервис»-тің 49 %, шведтік бақылауға жататын Tele2 негізіндегі отандық нарықтағы бәсекелесі «TeliaSonera») Айгүл Нұриева 7,8 миллион доллармен 9-шы орынға тұрақтаған. Ол 2007 жылдан бері «Қазақтелеком» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 2008 жылдан бері және бүгінде "Alnair Capital Holding" АҚ (28,76% Казкоммерцбанктің) басқарушы директоры әрі жалғыз иегері. Қазақстан байларының алғашқы ондығын Евгений Фельд есімді азамат аяқтайды. Ол өзінің үзеңгілесі Асқар Алшынбаевпен бірге «Meridian Capital Ltd» компаниясын басқарады (35,9%) әрі «Meridian Capital Partners»-тің басқарушы директоры. Сонымен қатар, Алматы Хаықаралық әуежайының ұзақ уақыттық қожайыны бола тұра, көбінесе ол Ресейде өз жұмысын жүргізетін қазақстандық азамат. Оның жиған қаражаты 750 миллион долларға жетіп артылады екен.    Baq.kz
02.05.2013 10:21 5602

«Forbes Kazakhstan» журналы Қазақстандағы ең бай 50 адамның тізімін жариялады. Біз солардың арасынан алғашқы ондығына қатысты аз-кем ақпарат қазақшалап бергенді жөн деп санадық. Дегенмен, «елулікке» қатысты толығырақ мәлімет білгіңіз келсе, forbes.kz сайтын шолып шықсаңыз болады.

Өткен жылда Қазақстанның ЖІӨ 20 млрд долларға өсті. Ал елдегі ең бай адамдардың табысы 2011 жылғы кезеңмен салыстырғанда 24 млрд долларға жуықтаған. 
Тізімнің алғашқы ондығынан өзгелердің табысы 8,5 млрд-тан 10,3 млрд долларға дейінгі аралықта өсіп, олардың кірістері орта есеппен 60-80 млн доллар шамасында қол жеткізілген. Бұл әлемдік дейгейдегі нарықтық экономика кеңістігінде қалыпты жағдайды көрсетеді. Ал елдегі бай-манаптар мен кедей-кепшіктің арасындағы алшақтық мәселесі жайына келер болсақ, Қазақстандағы бұл көрсеткіш Украина мен Ресейдегі ахуалға қарағанда, әлдеқайда жақсы әрі жайлы екендігін оңай аңғартады екен. Оған 2012 жылдың қорытындысы бойынша отандық миллиардерлердің ЖІӨ 4,5 пайызды құраған жалпылама табысқа кенелуі дәлел бола алады (2011 жылы бұл көрсеткіш 6,7 % болған).
Сонымен, тізімнің көшбасы әдеттегідей Владимир Кимге бұйырған. «Қазақмыс» басшысының байлығы 2 млрд 300 млн доллар. Одан кейінгі Болат Өтемұратовтың меншігінде 2,2 млрд доллар қаражат бары расталған. Бұл кісі соңғы кездері табысын сәтті еселей түскендердің санаулысы ғана болған. Өйткені, ол өз байлығын бір жылда 600 млн. долларға дейін ұлғайту арқылы 4-шіден, 2-ші орынға бірақ көтерілген. 2,1 млрд долларлық дүние-мүлкімен Алиджан Ибрагимов 3-ші орынға тұрақтаған. 4-ші сатыға табан тіреген Тимур Құлыбаевтың 1,3 млрд қаражаты бар көрінеді. Ол зайыбы Динара екеуі «АЛМЭКС» Холдингтік тобы» АҚ мен «Қазақстан халық жинақтаушы банкі» АҚ-ның 68,2 пайызына иелік ету арқылы өз табыстарын еселей түскен. Тап осындай көрсеткішпен тізімді Динара Құлыбаева да одан әрі жалғай түседі. 
Алтыншы орынды 950 млн. доллармен Нұржан Субханбердин еншілеген. Бұл азамат қазақстандық бизнес өкілінің үздігі және елдегі ірі қаржылық-инвесициялық компаниялардың басшылығындағы зейнеткер ретінде танымал. Бүгінде ол «Казкомерцбанк» АҚ директорлар кеңесін басқарумен қатар, «ЦАИК» АҚ-ның 87,21 пайызына иелік етеді және жеке өз меншігінде 9,32 пайыз акциясын уысында ұстап отыр.
Рейтингтің 7-ші орнында «мұнай корольі» атанған Рашит Сәрсенов 9,2 млрд доллармен тұр. Оның байлыққа кенелуі «Маңғыстаумұнайгазды» 2,6 млрд доллар, ал Павлодар МӨЗ 1,2 млрд долларға «Central Asia Petroleum Ltd» және «Refinery Company RT» компаниялары арқылы 2009 жылы «Қазмұнайгаз» АҚ сатылуы нәтижесінде жүзеге асқан. Сегізінші қатарға 810 миллион долларымен Асқар Алшынбаев тұрақтаған. Ол мұндай байлыққа инвестиция, қаржы, авиация және жылжымайтын мүлік қорына иелік етуі нәтижесінде қол жеткізген. 2005 жылдан бері «Bodam B.V.» директоры және жалғыз иегері ретінде («Қазақтелеком»-ның 15,18 % және «Мобайл Телеком-Сервис»-тің 49 %, шведтік бақылауға жататын Tele2 негізіндегі отандық нарықтағы бәсекелесі «TeliaSonera») Айгүл Нұриева 7,8 миллион доллармен 9-шы орынға тұрақтаған. Ол 2007 жылдан бері «Қазақтелеком» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 2008 жылдан бері және бүгінде "Alnair Capital Holding" АҚ (28,76% Казкоммерцбанктің) басқарушы директоры әрі жалғыз иегері.
Қазақстан байларының алғашқы ондығын Евгений Фельд есімді азамат аяқтайды. Ол өзінің үзеңгілесі Асқар Алшынбаевпен бірге «Meridian Capital Ltd» компаниясын басқарады (35,9%) әрі «Meridian Capital Partners»-тің басқарушы директоры. Сонымен қатар, Алматы Хаықаралық әуежайының ұзақ уақыттық қожайыны бола тұра, көбінесе ол Ресейде өз жұмысын жүргізетін қазақстандық азамат. Оның жиған қаражаты 750 миллион долларға жетіп артылады екен. 
 

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға