Тәлім-тәрбие, өсиет, тағылым туралы-5

 

Нар жолында жүк қалмас.

Мақал - мәтел

 

Ақпейілдің аты арып, тоны тозбайды.

Мақал - мәтел

 

Жүбекті - түте алмаған жүн етеді, сұлуды күте алмаған - күң етеді.

Мақал - мәтел

 

Сыйға - сый, сыраға - бал.

Мақал - мәтел

 

Қамысты бос ұстасаң - қолыңды қияды.

Мақал - мәтел

 

Есіктен орын табылса - төрге озба.

Мақал - мәтел

 

Ұрысы күшті болса - иесі өледі.

Мақал - мәтел

 

Тоқпағы мықты болса - киіз қалпақ жерге кіреді.

Мақал - мәтел

 

Жаяушылық көрмеген - ат қадірін білмейді, ашаршылық көрмеген - ас қадірін білмейді.

Мақал - мәтел

 

Жүздің жүзін білгенше, бірдің атын біл.

Мақал - мәтел

 

Әзілің жарасса - атаңмен ойна.

Мақал - мәтел

 

Қой асығы демеңіз, қолыңа жақса - сақа тұт, жасы кіші демеңіз, ақылы асса - аға тұт.

Мақал - мәтел

 

Алмақтың да - салмағы бар.

Мақал - мәтел

 

Судың да - сұрауы бар.

Мақал - мәтел

 

Түс оңалмай - іс оңалмайды.

Мақал - мәтел

 

Тең - теңімен, тезек - қабымен.

Мақал - мәтел

 

Жетім ақысы - тәңір ақысы.

Мақал - мәтел

  

Үлкеннің онына бергенше - баланың біріне бер.

Мақал - мәтел

 

Асын ішіп, аяғын теппе.

Мақал - мәтел

 

Қарыз күліп кіріп, жылап қайтады.

Мақал - мәтел

 

Басқа түскен - баспақшыл.

Мақал - мәтел

 

Үш күндігін ойламаған әйел - әйел емес, үш жылдығын ойламаған еркек - еркек емес.

Мақал - мәтел

 

Қолың көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама.

Мақал - мәтел

 

Ағын суда арамдық жоқ.

Мақал - мәтел

 

Ұлық болсаң - кішік бол.

Мақал - мәтел

 

«Жаным» дегенге жан семіреді.

Мақал - мәтел

 

Қонақ асыңа емес, қабақ-қасыңа риза.

Мақал - мәтел

 

Ақты - төкпе, асты - теппе.

Мақал - мәтел

 

Малсыз деп - ерден түңілме, ерсіз деп - елден түңілме, елсіз деп жерден түңілме.

Мақал - мәтел

 

Істегенің - бізге жақсы, үйренгенің - өзіңе жақсы.

Мақал - мәтел

 

Болсаң болғандай бол - ағайынға қорғандай бол.

Мақал - мәтел

 

Білмегенінді - кісіден сұра, кісі жоқ болса - кішіден сұра.

Мақал - мәтел

 

Кірместен бұрын шығарыңды ойла.

Мақал - мәтел

 

Айдын да жартысы - жарық, жартысы - қараңғы.

Мақал - мәтел

  

Келбеті келгеннен кеңес сұра.

Мақал - мәтел

 

Өтірікке - нанба, қисынына - нан.

Мақал - мәтел

 

Өрең жетпеске - асылма, сөзің өтпеске - бас ұрма.

Мақал - мәтел

 

Қазақ жаңылса - қартынан сұрайды, орыс жаңылса - хатынан сұрайды.

Мақал - мәтел

 

Балаға қызмет бұйыр, артынан өзің жүгір.

Мақал - мәтел

 

Ұяда не көрсең - ұшқанда соны ілерсің.

Мақал - мәтел

 

Қыңыр көшіп - бай болмай-ақ қой, қисық сөйлеп - би болмай-ақ қой.

Мақал - мәтел

 

Берместің асы піспес.

Мақал - мәтел

 

Берместің үйінде бесті қымыз тұрады.

Мақал - мәтел

 

Қазанға не салсаң - шөмішке сол ілінер.

Мақал - мәтел

 

Құл күйеуге - күн жеңге: мәмлесі - бір теңге.

Мақал - мәтел

 Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы