Тәлім-тәрбие, өсиет, тағылым туралы-4

 

Ер -бір оқтық, мал - бір жұттық.

Мақал - мәтел

 

Игіліктің ерте-кеші жоқ.

Мақал - мәтел

 

Шөлмек мың күн сынбайды, бір күн сынады.

Мақал - мәтел

 

Қарға қарғаның көзін шұқымайды.

Мақал - мәтел

 

Құлақ естігенді көз көреді.

Мақал - мәтел

 

Бармын деп - таспа, жоқпын деп - саспа.

Мақал - мәтел

 

Шешесіне қарап, қызын ал.

Мақал - мәтел

 

Көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра.

Мақал - мәтел

 

Өзі жарымағанның сарқытын ішем деп әуре болма.

Мақал - мәтел

 

Қарғыс алма, алғыс ал.

Мақал - мәтел

 

Көршің соқыр болса - бір көзіңді қысып отыр.

Мақал - мәтел

 

Құлағыңа сенбе, көзіңе сен.

Мақал - мәтел

 

Түстік өмірің болса, кештік ас жи.

Мақал - мәтел

 

Біреуге ор қазба, өзің түсерсің.

Мақал - мәтел

 

Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін.

Мақал - мәтел

 

Көрген жерде ауыл бар.

Мақал - мәтел

 

Кең болсаң - кем болмайсың.

Мақал - мәтел

 

Атаңа не істесең - алдыңа сол келер.

Мақал - мәтел

 

Кісі елінде - сұлтан болғанша, өз елінде - ұлтан бол.

Мақал - мәтел

 

Иілген басты қылыш кеспес.

Мақал - мәтел

 

Орамал тонға жарамаса да, жолға жарар.

Мақал - мәтел

  

Тышқанға - өлім, мысыққа - ойын керек.

Мақал - мәтел

 

Андамай сөйлеген - ауырмай өледі.

Мақал - мәтел

 

Ауру- астан, дау - қарындастан.

Мақал - мәтел

 

Шақырғаннан қалма, шақырмағанға барма.

Мақал - мәтел

 

Шақырғанға бармасаң - шақыруға зар боларсың.

Мақал - мәтел

 

Күш атасын танымас.

Мақал - мәтел

 

Шешінген судан тайынбас.

Мақал - мәтел

 

Қасықтап жиғанды, шөміштеп төкпе.

Мақал - мәтел

 

Сол көзіңе оң көзің қарауыл болсын.

Мақал - мәтел

 

Кеме келгенде, қайық судан шығады.

Мақал - мәтел

 

Сана байлығаннан қарыз сұрама.

Мақал - мәтел

 

Мал - шөпке, адам - сөзге тоқтамас.

Мақал - мәтел

 

Бүлінгеннен бүлдіргі алма.

Мақал - мәтел

 

Дария жанынан құдық қазбас болар.

Мақал - мәтел

 

Бермегеннен дәметпе.

Мақал - мәтел

  

Кекшіл болма, көпшіл бол.

Мақал - мәтел

 

Атасы басқаны бата қосар.

Мақал - мәтел

 

Ұлға - отыз үйден, қызға - қырық үйден тиым.

Мақал - мәтел

 

Қонақ аз отырып, көп сынайды.

Мақал - мәтел

 

Білген кісі - тауып айтады, білмеген кісі - қауып айтады.

Мақал - мәтел

 

Ұлға - түтін, қызға - күтім.

Мақал - мәтел

 

Құда болып келгесін - құл да болса сыйлас.

Мақал - мәтел

  

Ойнап сөйлесең де - ойнап сөйле.

Мақал - мәтел

 

Өнерден - үйрен де, жирен.

Мақал - мәтел

 

Сынықтан басқаның бәрі жұғады.

Мақал - мәтел

 

Түсі игіден түңілме.

Мақал - мәтел

 

Ұлың өссе - ұлы жақсымен ауылдас, қызың өссе - қызы жақсымен қауымдас.

Мақал - мәтел

 

Жұтқан - жұтамас, тартқан - тарықпас.

Мақал - мәтел

 

Малымды - алса алсын, пейілімді - алмасын.

Мақал - мәтел

 

Уайым түбі тұңғиық - батасың да кетесің, тәуекел түбі желқайық -   мінесің де өтесің.

Мақал – мәтел

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы