Тәлім-тәрбие, өсиет, тағылым туралы-2
Суатпын деп мақтанба: су жаманы суат - басынан соқпақ кетпейді; қазықпын деп мақтанба: мүлік жаманы қазық - басынан тоқпақ кетпейді.
Сырым Датұлы
Адамзатта не тәтті: аста - тұз тәтті, адамда - дос тәтті.
Сырым Датұлы
Дау шешімі: тірі малдың өзі қайтсын, өлісінінің құны қайтсын.
Сырым Датұлы
Даланың оты - олжа, суы - нұрлық,
Біреудің малы мен ақысын жеу ұрлық.
Әркімнің мінген аты - өзіне тұлпар, әркімнің сүйген жары - өзіне сұңқар.
Сырым Датұлы
Ағаңнан айырылсаң - қанатыңның қайырылғаны, әкеңнен айырылсаң - асқар тауыңның шағылғаны, сүйген жарыңнан айырылсаң - жапырағыңның қуарғаны, анаңнан айырылсаң - ағып жатқан бұлағыңның суалғаны.
Сырым Датұлы
Бір аяқ сусын - екі кісінің құны: су табылмаса шөлдеген өледі, ұяттан - тауып бермеген өледі.
Сырым Датұлы
Опасыз жалған - дауасыз дерт.
Сырым Датұлы
Таудан биік көңіл бар, теңізден терең ғылым бар, оттан бетер -қайғы-зар.
Сырым Датұлы
Жеңілмейтін жау жоқ, шешілмейтін дау жоқ.
Сырым Датұлы
Көз жұмбайсыз дария кешпек жоқ.
Сырым Датұлы
Ел жеңілмес ері бар.
Сырым Датұлы
Бөлінгенді бөрі алар.
Сырым Датұлы
Барын аямаған мал алар, малын аямаған дау алар, жанын аямаған жау алар.
Сырым Датұлы
Жұрт ісін түс көрмей, жяу жүріп іздеу - мақсат.
Әлихан Бөкейханов
Болғаннан - қашпа, болмағанға - саспа.
Әлихан Бөкейханов
Ұлтына, жұртына қызмет ету - білімнен емес, мінезден.
Әлихан Бөкейханов
Жігіттігі бар жігітті жүдетіп, меселін қайтармаған жөн.
Әлихан Бөкейханов
Білім - біліммен, мінез - мінезбен.
Әлихан Бөкейханов
Білімнен мақсат шықпайды.
Әлихан Бөкейханов
Көп оқыса, зейінді болса - білімді болмақ, ал мінезі жақсы бола ма әлде жаман бола ма - мұны құдай біледі.
Әлихан Бөкейханов
Болыс болу да қасиет болып па?!
Әлихан Бөкейханов
Торғайдың ақ үрпек балапанынша ауызды ашып, біреуге жалынып-жалпая бергеннен түк шықпайды, іс өнбейді.
Әлихан Бөкейханов
Өз күшіне сенбеген адам да, халық та ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды.
Әлихан Бөкейханов
Біреуге телмірген адамнан яки халықтан - қосақ түрткен жетім лақ бақытты.
Әлихан Бөкейханов
«Күн шыққанша қарау көзді соқыр қылады» деген орыстың өзгеге телмірген жұртқа шығарған мәтелі бар.
Әлихан Бөкейханов
Қазақ-ау! Оян! Мұжық көші жүріп кеткенде - жұртта қалып жүрме!
Әлихан Бөкейханов
Кейінгі үрім-бұтақ не алғыс, не қарғыс бере жүрер алдымызда зор шарттар бар! Осыны аңғар, жұртым қазақ!
Әлихан Бөкейханов
Адам баласы - нәпсінің құлы: маңдайы тасқа тимей тоқтамайды!
Әлихан Бөкейханов
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы