Тәлім-тәрбие, өсиет, тағылым туралы
Жалпы екі заттан - діни фанатизм мен діни көрсоқырлықтан бірдей сақтанған жөн.
Нұрсұлтан Назарбаев
Өз қатеңді өзің түсініп, өзің түзете біл - саясатшы даналығы дегеніміз де осы!
Нұрсұлтан Назарбаев
Өзгенің есебінен жақсы көрініп - жарылқаушы атануға, ел мүддесіне нұқсан келтіруге болмайды.
Нұрсұлтан Назарбаев
Өнерпаз болсаң - өр бол.
Мұхтар Әуезов
Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қаракет дертімен былғанудан сақтауы керек.
Мұхтар Әуезов
Адам баласының жаман құлқы - жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі-өнегесінен.
Мұхтар Әуезов
Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса - ел болғаның қайсы?!
Мұхтар Әуезов
Тумай жатып - толдым деме, толмай жатып - болдым деме.
Мұхтар Әуезов
Қол жетпес шыңыраудағы су болғанша, пайдасы көпке тиетін жайдақ су болған жақсы.
Мұхтар Әуезов
Іздессең - табарсың, алыссаң - аларсың.
Мұхтар Әуезов
Бір сынаған жаманды екіншілей сынама.
Махамбет Өтемісұлы
Келмейтұғын нәрсеге жаныңды қинап жылама.
Махамбет Өтемісұлы
Суатпын деп мақтанба: су жаманы суат - басынан соқпақ кетпейді; қазықпын деп мақтанба: мүлік жаманы қазық - басынан тоқпақ кетпейді.
Сырым Датұлы
Жұртқа жұмыс істеуді үйретуден гөрі, жұмыс істеуіне бөгет жасамауды үйрену керек.
Ғабит Мүсірепов
Құм жиналып - тас болмас , құл жиналып - бас болмас.
Бұқар Қалқаманұлы
Отының болсын жантақтан,
Қатының болсын қалмақтан,
Қосының болсын қазақтан.
Бұқар Қалқаманұлы
Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кез келген жоқ па?!
Әлихан Бөкейханов
Арғымаққа міндім деп артқы топтан адаспа.
Асан қайғы
Атадан алтау тудым деп - асқынып жауап айтпаңыз,
Атамның малы көп-ті деп - атты басқа тартпаңыз.
Асан қайғы
Ақың болса біреуде, айыбын тап та ала бер: ерегісіп ұрыспа, жөн болса да, атың шықпас дұрысқа.
Асан қайғы
Мінезі жаман адамға - енді қайтып жуыспа,
Тәуір көрер адаммен - жалған намыс қуыспа.
Асан қайғы
Арғымағың жамандап- тұлпар қайдан табарсың,
Тұйғыныңды жамандап - сұңқар қайдан табарсың.
Көлдің суын жамандап - Еділ қайдан табарсың,
Әкіміңді жамандап - әділ қайдан табарсың,
Өз барыңды жамандап - асыл қайдан табарсың.
Ақ тоныңды жамандап - атлас қайдан табарсың,
Өз басыңды зорайтып - теңдес қайдан табарсың.
Асан қайғы
Адам әзіз айтар деп - көңіліңді салмағын,
Нәпсі алдаушы дұшпанның өсиетін алмағын.
Асан қайғы
Ғылымым жұрттан асты деп кеңессіз іс бастама,
Жеңемін деп біреуді өтірік сөз қостама.
Асан қайғы
Қадірін жеңге білмесе - бой жеткенмен қыз ғаріп,
Замандасы қалмаған қария болар - шын ғарып.
Ата жұрты, бұқара өз қолыңда болмаса,
Қанша жақсы болса да, қайратты туған ер ғаріп.
Надандықтың белгісі - тілін алмау білгеннің.
Шамаңша шалқып жүре бер - қабірге әзір қоймаса,
Артыңда қалар атақ жоқ - тіріде даңқың болмаса.
Асан қайғы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы