Тарих, сақтық туралы
Тарих туралы
Тарихшы ғылыми жаттандылық біткеннің бәріне күмәнмен қарағаны жөн.
Олжас Сүлейменов
Жылнамаларда халық тарихының тек драмалық сәттері, соғыстар ғана қамтылады. Бейбітшілік тарих жадында ұзақ сақталмайды.
Олжас Сүлейменов
Өзіңді -өзің тану тәрізді, тарихты танып-білу де - қазіргі даму процесіне аса қажет әрекет. Ол - болмай қоймайтын жоғалтулар мұңын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді, сонымен бірге прогреске кең жол ашады.
Олжас Сүлейменов
Оқулықтарда орныққан өткеніміз жайлы үзіп-жарды деректер реніш пен соғыс буына суғарылған. Нағыз тарих - халықтардың ежелден бергі бейбітшілік, қызметтестік пен өзара байланыстылық шежіресі. Шіркін, сол шежірені қалпына келтірсе ғой! Сонда көп ұлтты халқымыздың келешегін де айқынырақ көріп-білуге болар еді.
Олжас Сүлейменов
Тарих -ұзақ уақыт бойы саясаттың құлы, шовинизм мен ұлтшылдықтың қайнар көзі болып келеді.
Олжас Сүлейменов
Сақтық туралы
Көсеу ұзын болса - қол күймес.
Махмұд Қашқари
Ит - қаппас деме, ат - теппес деме.
Махмұд Қашқари
Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қаракет дертіменбылғанудан сақтауы керек.
Мұхтар Әуезов
Үй оңаша демегін, үй сыртында адам бар.
Мақал - мәтел
Күле кіріп, күңіреніп шыққаннан сақтасын.
Мақал - мәтел
Жығылып жатып, сүрінгенге күлгеннен сақтасын.
Мақал - мәтел
Көсеуің ұзын болса, қолың күймейді.
Мақал - мәтел
Ауызы күйген - үріп ішеді.
Мақал - мәтел
Сақтықта - қорлық жоқ.
Мақал - мәтел
Сақтағанын берсе - сақтағаны келеді.
Мақал - мәтел
Иесі жардай, аты арық - түз жұтынан сақтасын, әйелі жардай, ер арық - үй жұтынан сақтасын.
Мақал - мәтел
Жапалақ жалп етеді жар басында,
Немене жоқтың күні бар қасында.
Дос болып қас болғаннан сақта құдай,
Қасқыр да қас қылмайды жолдасына.
Қара өлең
Үйіңнің мал өтпейді шарбағынан,
Шебердің бал тамады бармағынан.
Бүгін құмар қанбаса ертең қанар,
Ажалдың сақта құдай қармағынан.
Қара өлең
Маңдайы - тайқыдан, көкірегі - қайқыдан, еріні - түріктен, аузы - бүріктен, көзі - көктен, сылтауы - көптен сақтасын.
Төле би Әлібекұлы
Аларды біліп, бермегеннен без,
Ел-жұрты соңына ермегеннен без,
Үйіне қонақ қонбағаннан без,
Көптің айтқанына көнбегеннен без.
Төле би Әлібекұлы
Тұсау - ат сақтайды, ат - ер сақтайды, ер - жер сақтайды.
Төле би Әлібекұлы
Аңғарғыш аңшы ауын алыстан тастайды.
Құтып
Ханмен қоңсы отырма, таситын судың бойына қонба, қамалға таяп барма!
Жүсіп Баласағұн
Тәуба қылмай, сауда қылғаннан сақтағай.
Қожа Ахмет Йассауи
Көңілі көзсіз кәззаптардан сақтасын.
Қожа Ахмет Йассауи
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы